Сөйлемдегі етістіктерге сұрақ қой
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Пән мұғалімі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Молдахметова Ұлжан
Сабақтың тақырыбы
Етістік (1–6-жаттығулар)
Жалпы мақсаты
Етістік туралы мағлұмат беру; тапсырмалар арқылы қимыл-іс әрекетті білдіретін сөздерді табуға және оларға сұрақ қоя білуге үйрету; бір-бірінің пікірін сыйлап, санаса білу дағдысын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
- Етістік туралы білім қалыптастырады.
- Қимыл-іс әрекетті білдіретін сөздерді тауып, оларға сұрақ қоя алады.
- Топта және жұпта жұмыс істеу кезінде өзара сыйластық пен пікірді ескеруді үйренеді.
Негізгі идея
Етістік — заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Ол «Не істеді?», «Не қылды?», «Қайтті?» деген сұрақтарға жауап береді.
Сұрақ
Не істеді?
Сұрақ
Не қылды?
Сұрақ
Қайтті?
Оқу әрекеттері мен тапсырмалар
Топтық жұмыс
«Суреттер сөйлейді» — суреттер мазмұны бойынша әңгіме құрастыру, тақырып қою, талқылау.
Жұптық жұмыс
Сөйлем мүшелеріне талдау; сөздерді белгілеріне қарай бағандарға бөлу; дыбыстық талдау.
Жеке жұмыс
Өлеңді талдау, терме диктант, етістіктерді теріп жазу және сұрақ қою.
Сабақ барысы (мұғалімнің жазбалары)
I. Ұйымдастыру (3 минут)
- 1 Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
- 2 Оқу құралдарын тексеріп, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру және өткен сабақты бекіту
56-жаттығу
Ребусты дұрыс шешсең, төмендегі жұмбақтың жауабын табасың. Жұмбақтың шешуіндегі сөзді үш жақта, жекеше және көпше түрде тәуелдеп жаз.
Әр топтан екі оқушы шығып, жұмысты қорғайды. Ереже қайта еске түсіріледі.
Ойын элементі
Өткен сабақты бекіту үшін «Лото» ойыны ұйымдастырылады.
III. Жаңа сабақ
1) Ой қозғау
Интерактивті тақтадан «соғылды», «басталды», «кірді» сөздері беріледі. Оқушылар осы сөздерге сұрақ қояды: «Не қылды?» — соғылды. Бұл — етістіктің сұрағы.
Дәптермен жұмыс
Әсем әжесімен ою ойды.
Сөйлемді көшіріп жазу. «Таным ағашы» арқылы оқушы өзінің жаңа тақырып бойынша деңгейін белгілейді.
2) 1-жаттығу (топтық жұмыс)
Суретке қара. Суреттер мазмұны бойынша қандай тақырыпқа әңгіме құрауға болады? Әңгімеге ат қой. Оқушылар тапсырманы диафильм арқылы таныстырады.
Мәтінмен жұмыс
Әнуар балықтарға жем шашты.
Қай сөз «Не істеді?» сұрағына жауап беріп, етістік болып тұр? Топтың бір мүшесі сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдайды.
2-жаттығу (жеке жұмыс)
- Жұмбақ қойылады, шешуі табылады.
- Аққуды бейнероликтен тамашалау.
- Терме диктант: етістіктерді теріп жазу, сұрақ қою.
- Сөйлемді етістіксіз айтып көру: етістіктің сөйлемдегі қызметін талқылау.
Қорытынды ереже
Заттың қимыл-іс әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Олар «Не істеді?», «Не қылды?», «Қайтті?» сұрақтарына жауап береді.
3-жаттығу (жұптық жұмыс)
Сөздерді оқы. Сөздерді сипатына қарай екі бағанға бөліп жаз. Әр сөздегі қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстарды тап.
Берілген сөздер
Ата, ойнады, іні, балық, жинады, қуды, түйе, жарысты, шортан, айтты.
4-жаттығу (топтық жұмыс)
- Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құрап жазу.
- Сөйлемдегі етістіктерге сұрақ қою.
- Етістіктерді сөйлем мүшелеріне талдау.
6-жаттығу: «Дұрысы қайсы, бұрысы қайсы?»
Тыңдалым
Оқушылар жан-жануарлардың үнін тыңдап, қай жануардың дауысы екенін ажыратады.
Оқылым және талдау
Берілген өлеңді мәнерлеп оқып, оқушылардың ойларын дұрыс нұсқамен салыстыру. Дұрыс нұсқа таңдалғаннан кейін өлеңнен етістіктерді табу.