Менің ұстазым
Сабақ үлгісі
Пән: Өзін-өзі тану • 2-сынып
Сабақтың мақсаты
Балалардың білім мен еңбек құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, сыйластық ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу. Ұстазға деген құрметті көзқарасты дамыту.
Міндеттері
- Ұстаздың әрі маман, әрі оқушыға жақын дос, жанашыр және ақылшы екенін түсіндіру.
- Ұстазбен өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынасты дамыту.
Топпен жұмыс
Әр топ ұстаз туралы жаттаған өлеңдерін оқиды.
Ұстазға арнау
Жанымды менің жайнатып, Баураған өзің, мұғалім. Өзіңмен бірге таң атып, Өзіңмен күліп шығар күн!
Ақылшым, асыл ұстазым, Жолымды айқын нұсқадың. Қасыма кеп қанша сен, Қамқор боп, қалам ұштадың!
Маған ұстаз үйретті Өмірдің әліппесін. Жан жүйемді билетті Көңілдің шалқар күйесін.
Күлімдеген, «күнім» деген, Қамқор болған ұстазым. Жаны жайсаң, жайдары жан, Ұғындырған сөз мәнін.
Жайғанда арман құшағын, Өзіңе мен де ұқсармын. Жеткенше қайрат-күш, әлім, Биікке самғап ұшармын.
Анамыздай аялап, Ақылшы болған ұстазым. Өзіңнің ғана еңбегің — Бүгінде биік ұшқаным.
Мектеп — кеме, білім — теңіз, Барар жерге тез жетеміз. Адаспаймыз ұлы жолда — Ұстаз берген білім қолда.
Білімнің кәусәр бұлағын Жүресің құйып санама. Біз үшін сенің, мұғалім, Ұстаз да, ғалым, дана да.
Сағыныш сазы толқытқан, Арнамақ сөздің мәйегін. Шәкірттерің оқытқан Келіп тұр жолдап сәлемін.
Өмірдің ұғып тереңін, Өркен жайған қауышым. Қабыл ал жүрек сәлемін, Құлақта сенің әр үнің.
Білім берген баршаға, Ұстазым менің, шаршама. Әр жыл ұшып алдыңнан Түлектер жатыр қаншама.
Жақсы оқып, үздік атансақ, Ата-анамдай қуандың. Үлгілі із қалдырған Жолыңызды қуармын.
Күн болып күліп балаға, Ой жіберген санаға. Мың бір сәлем жолдаймыз Ардақты, абзал ұстазға.