Ақұштап Ана махаббаты өлеңі
Сабақтың тақырыбы
Ақұштап Бақтыгереева — «Асылың, анаң — сырласың» (туған ана туралы өлеңдері).
Сабақтың мақсаты
Білімдік
«Ақжайықтың ақ шағаласы» атанған А. Бақтыгереева шығармашылығы туралы оқушылардың таным көкжиегін кеңейту, өлең мазмұнын терең ұғындыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды мейірімділікке, ананы сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу; дүниедегі игіліктің бәрі күннің нұрынан және ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру.
Дамытушылық
Оқушының өз бетінше салыстыру, зерттеу, қорытынды жасап, тұжырым айту дағдыларын дамыту.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Іскерлік пен дағдыны жетілдіру, білімді жүйелеу, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап
- Талдау, іздену
- Мәнерлеп оқу
- Сабақтастық
- Ой тастау
Көрнекіліктер
Сызбалар, газет-журнал материалдары, кітаптар, слайдтар және қосымша дереккөздер.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
-
«Біздің ұстаным» (хормен айту):
«Кімде-кім өзінің ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды».
М. Әуезов
2) Үй тапсырмасын пысықтау (жадыны жаңғырту)
Сұрақ-жауап әдісі арқылы алдыңғы білімді еске түсіру.
- 1. А. Бақтыгереева туралы не білесің?
- 2. Қандай шығармаларын білесің?
- 3. А. Бақтыгереева кім?
- 4. Ол ел үшін қандай игі істер атқаруда?
- 5. Газет-журналдардан ол туралы мақалалар оқыдың ба?
- 6. Теледидардан Ақұштап апаның қатысуымен болған хабарларды көрдің бе?
3) Жаңа сабақ: «Ана махаббаты» өлеңі
Ақұштап Бақтыгереева поэзиясындағы ана бейнесін танып, мәтінмен жүйелі жұмыс жасау.
Алғашқы жұмыс
- Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
- Өлеңнің тақырыбын анықтау.
- Авторға және лирикалық кейіпкерге тоқталу.
- Ақын шығармасында ана бейнесінің қалай сомдалғанын айту (слайд арқылы).
Өлең мәтінімен жұмыс
- Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқуы.
- Өз пікірлерін айту, әсерімен бөлісу.
Өлеңді талдау
Шығармашылық тапсырма
Әр оқушы төмендегі тапсырмалардың бірін таңдап, жазбаша жауап дайындайды.
- «Егер мен ақын болсам...»
- Ана туралы өз ойың қандай?
- Ана туралы қандай мақал-мәтелдер білесің?
Сабақтастық сәті: «Мен таныған Ақұштап»
Әр оқушы ақын өлеңдерінен үзінді мәнерлеп оқиды.
4) Бекіту және жүйелеу кезеңі
Тірек ұғымдар
- Ананың тілі
- Жылы сөзі
- Еркелетіп айтуы
- Мейірімді сөйлеуі
Қорытынды сұрақтар
- Дүниеде не қымбат?
- Ананы қай кезден бастап іздейсің?
- Ананың махаббаты қандай?
- Сенің ең жақын досың, ұстазың кім?
- Алысқа кеткенде ең алдымен кімді сағынасың?
- Анаңның қандай қасиеті есіңнен кетпейді?
Топтастыру
«5 жолды өлең» құрастыру
- 1. Зат есім (бір сөз)
- Ана
- 2. Сын есім (екі сөз)
- Мейірімді, қамқор
- 3. Етістік (үш сөз)
- Мәпелейді, өсіреді, тәрбиелейді
- 4. Сөйлем (төрт сөз)
- Шырылдап жерге түскен кезде
- 5. Түйін сөз (бес сөз)
- Ана — ақылшың, асылың, сырласың, қамқоршың
5) Қорытынды
Балалар, қай заманда да ана еңбегі ауыр. Түн ұйқысын төрт бөліп, бағып-қағып жеткізген ата-ананы жалғыз қалдыру немесе қарттар үйіне тапсыру — қазақы танымға жат құбылыс.
Өмірде кездесетін осындай келеңсіз жағдайлардан аулақ болып, аналарыңның өлшеусіз еңбегін бағалаңдар. Оларға әрдайым сүйеніш болып, қамқорлық көрсетуді өмірлік ұстанымға айналдырыңдар.
6) Білімді бағалау
Оқушылардың жауаптарының сапасына және сабаққа белсенді қатысуына қарай білімдері бағаланады.
7) Үй тапсырмасы
«Ананың ұлы махаббаты» тақырыбын қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, шағын шығарма жазып келу.