Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

Ана тілі • 4-сынып

Сабақ тақырыбы: Иван Крылов «Ат пен есек»

Бұл сабақта Иван Крыловтың «Ат пен есек» мысалы оқылып, өлеңнің мазмұны мен негізгі ойы талданады. Оқушылардың топпен жұмыс істеу дағдылары дамытылып, өзін-өзі бағалау мәдениеті қалыптастырылады.

Жалпы мақсат

  • Мысалды мәнерлеп оқу және мазмұнын түсіну.
  • «Ат пен есек» өлеңі туралы мағлұмат беру.
  • Өлеңдегі негізгі ойды анықтауға және түсіндіруге үйрету.
  • Өзін-өзі бағалауға, топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар «Ат пен есек» мысалының мән-мағынасын түсінеді.
  • Топтық және жұптық жұмыс барысында өлеңдегі негізгі ойды ұғынады.
  • Бірлесе жұмыс жасап, өз ойын дәлелдеп айту дағдысын дамытады.

Негізгі идея

Иван Крылов — орыстың ұлы жазушысы. Ол көптеген мысалдар мен өлеңдер жазған.

Сабақтың түйіні

Мысал арқылы оқушылар еңбек, жауапкершілік және өзара көмек тақырыптарын талдап, кейіпкерлер әрекетінің мәнін түсіндіреді.

Тапсырмалар форматы

Топтық жұмыс

Рөлдік ойын.

  • Мәтінді бірге оқу және талқылау.
  • Топтағы рөлдерді бөлу және жауапкершілікті нақтылау.

Жұптық жұмыс

«Адасқан әріптер» тапсырмасы.

  • Сөздерді дұрыс құрастыру.
  • Тақырыпқа қатысты ұғымдарды бекіту.

Жеке жұмыс

Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

  • Негізгі ойды дәлелдеп жазу.
  • Түсінгенін қысқаша қорытындылау.

Сабақ барысы (мұғалім жазбалары)

I. Ұйымдастыру

  1. 1 Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.
  2. 2 Психологиялық дайындық: «Балалар, көңіл күйлерің қалай? Бүгінгі сабақты бастауға дайынсыңдар ма?»
  3. 3 Оқушылар бас бармақ әдісі арқылы көңіл күйін білдіріп, сабаққа дайындығын көрсетеді.
  4. 4 Топқа бөлу: стикер түсіне қарай 2 топқа бөліну (2 минут).

II. Миға шабуыл (5 минут)

  • 1-сұрақ: Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?
  • 2-сұрақ: Өздерің білетін, үйде асырайтын жануарлардың аттарын атаңдар.
  • 3-сұрақ: Үй жануарлары туралы қандай әңгіме немесе ертегі оқыдыңдар?

III. Суретпен жұмыс (ассоциация) (3 минут)

Оқушылар суретке қарап ой қозғап, «ат», «есек», «еңбек», «жүк», «көмек» сияқты ұғымдар бойынша ассоциация құрады.

IV. Топтық жұмыс: рөлдік ойын (15 минут)

Әр топ 5 рөлді анықтайды: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы, бақылаушы.

Жұмыс тәртібі

  1. Берілген мәтінді оқу.
  2. Топпен талқылап, негізгі ойды анықтау.
  3. Бақылаушы топ жұмысына сәйкес бақылау парағын жүргізу.

Автор туралы мәлімет

Мектеп

№221 Аққұм негізгі мектебі

Жаңақорған ауданы, Аққұм ауылы

Мұғалім

Төлекова Гүлзира Аятбекқызы