Бүгін биші атанбақ

Жүргізуші мәтіні

«Биле, биле» би байқауы

Light Mode • Таза, оқуға жеңіл макет

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады. Көңілді күндер алда әлі! Сіздер үшін осы кеш ашылады, сіздер үшін өнерпаздар сайысады. Армысыздар, бармысыздар, өнер сүйер қауым! Ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 5–8 сынып оқушылары арасында өтетін «Биле, биле» атты би байқауына қош келдіңіздер!

Кештің ашылуы

Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып әнмен сәніміз.
Туған жердің төсінде тұрып,
Шырқатайық, кәне, бәріміз!

Бүгінгі қатысушыларымыз билейтін билерінің жанрларын алдын ала ұйымдастырушылардан алған болатын. Әр топ өзіне түскен жанр бойынша өнер көрсетеді.

Қатысушылар жанрлары

  1. 1 5«А» — орыс биі
  2. 2 5«Ә» — еркін тақырып
  3. 3 6«А» — заманауи би

Қатысушылар жанрлары (жалғасы)

  1. 4 7«А» — қазақша би
  2. 5 8«А» — рок биі
  3. 6 8«Ә» — вальс

Әділқазылар алқасы

Халқымыз өнерге бай. «Әнші» деп те, «биші» деп те айтуға болады. Ендеше бүгінгі байқауда мың бұрала билерін ортаға салатын қатысушыларымызға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасын таныстырайын:

  • Кембебаева Гүлнар Зауланбайқызы мектеп директоры
  • Сейсеке Ахын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  • Кусаинова Айнұр кітапханашы

Ескерту: Әр номерден кейін әділқазылар өз бағаларын көтеріп көрсетеді.

Номерлерді таныстыру мәтіні (үлгі)

1) Ұлттық би

Биле, биле, өнерпаз — біз тәнтіміз биіңе. Таңқалдырып жүр елімді, көрсет, кәне, мереке! Олай болса, қазағымыздың ұлттық биін орындау үшін ____ сынып оқушыларын қошеметпен қарсы алайық. Қол соғуды аямайық!

Әділқазылар алқасы, бағаларыңызды көтерсеңіздер.

2) Келесі қатысушылар

Уа, халайық, халайық — мұнда назар салайық. Ата жолын жалғап, ел дәстүрін сақтап, ел намысын қорғамақ — ___ сынып ортаға шықсын! Бүгін — биші атанбақ. Келесі сайыскерлеріміздің өнерін қабыл алыңыздар!

Әділқазылар алқасы, бағаларыңызды көтерсеңіздер.

3) Жанр бойынша таныстыру

Биім сондай әдемі, тілшегім бар тербелген. Нәзік сазды әуенмен мың бұралып билеймін. Ендеше _________ биін орындау үшін ______________________ бишілерін ортаға шақырайық.

Әділқазылар алқасы, бағаларыңызды көтерсеңіздер.

4) Қыздар биі

Мектебіміздің қыздары өнері асқан, мың бұралып билейді бала жастан. Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз? Ортаға шық, қанеки, тартынбастан! ___________ биін орындау үшін _____________ бишілерінің өнерін тамашалайық.

Әділқазылар алқасы, бағаларыңызды көтерсеңіздер.

5) Келесі номер

Жақсы биде — өнеге. Сегіз қырлы, бір сырлы. Өнерді үйрен бір-бірлеп, биде биле талпынып! ___________ биін орындау үшін _____________ келесі бишілерімізді ортаға шақырамыз.

Әділқазылар алқасы, бағаларыңызды көтерсеңіздер.

6) Соңғы қатысушылар

Қозғалыссыз өмір жоқ, би сүймейтін бала жоқ, — деп ақындарымыз жырлағандай, ортаға соңғы қатысушыларымызды шақырамыз. ___________ биін орындау үшін _____________ қатысушыларын қошеметпен қарсы алайық.

Әділқазылар алқасы, бағаларыңызды көтерсеңіздер.

Үзіліс: қонақтық өнер көрсету

Рахмет! Бүгінгі байқауға белсене қатысқан оқушыларымызға алғыс білдіреміз. Әділқазылар алқасы қорытынды жасауға кіріскенше, қонақтық өнер көрсетуге назар аударайық.

1-дәрежелі лауреат

Нұрланқызы Шырын

Диплом • медаль • кубок

2-дәрежелі лауреат

Қайырғали Аяулым

Диплом • медаль • кубок

3-дәрежелі лауреат

Ерназ Шалқар

Диплом • медаль • кубок

Бұл жетістіктер 25–27 қараша күндері Алматы қаласындағы «Қазақконцерт» залында өткен «Нұрлы жастар — болашаққа жол бастар» көркемсөз, ән-би байқауында тіркелді. Шырын, ортаға келіңіз.

Қорытынды сөз

Балалықтың балдәуренін мәнді өткізіңіздер! Бақыт, шаттық, қуаныш тілейміз. Осымен «Биле, биле» атты байқауымыз өз мәресіне жетті. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет! Көріскенше, күн жақсы!

Қолтаңба

Мамырова Карлыга Калкамановна

Бірлік орта мектебі МКМ, педагог-ұйымдастырушы

Алматы облысы, Балқаш ауданы