Арифметикалық амалдар
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Пәні
- Математика
- Сынып
- 5 «Ә»
- Пән мұғалімі
- Жумаева Ф. А.
- Тақырыбы
- Арифметикалық амалдар (қайталау)
- Түрі
- Аралас, сайыс сабағы
- Әдіс-тәсілдері
- Топтық/жұптық жұмыс, сұрақ-жауап, «балық сүйегі» әдісі
Құрметті қазылар алқасы мен қонақтар, қош келдіңіздер! Бүгінгі «Арифметикалық амалдар» тақырыбындағы қайталау сабағымыз сайыс форматында өтеді. «Білімді мыңды жығар» қағидасын негізге алып, ой мен білім бәйгесін бастаймыз.
Сайыс сабағының мақсаты
Білімділік
5-сынып оқушыларының «Арифметикалық амалдар» тақырыбы бойынша білімін қайталау арқылы бекіту және жетілдіру.
Дамытушылық
Жарыс арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, ой өрісін дамыту; белсенділігін арттыру және математикаға қызығушылығын күшейту.
Тәрбиелілік
Топпен бірлесе жұмыс істеуге, әдептілікке, ұйымшылдыққа және көпшілік алдында өзін дұрыс ұстай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі
- Сыныпішілік «Арифметикалық амалдар» атты қайталау ойын-сайыс сабағына қош келдіңіздер.
- Негізгі мақсат: математикалық ойын тапсырмалары арқылы білімді тереңдету және пысықтау.
- Сарапшыларды сайлау (қазылар алқасын анықтау).
- «Шаттық шеңбері»: оқушылар бір-біріне тілек айтады.
- Кері байланыс: оқушылар көңіл күйін білдіреді.
- Сайысқа 2 топ қатысады; сайыс 7 кезеңнен тұрады.
Көрнекілігі
Бағалау және марапаттау
Әр тапсырманың жауабы дәл әрі дұрыс айтылуы керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі, кей кезеңдерде жылдамдық та ескеріледі.
Ең көп ұпай жинаған топ «Жас математик» номинациясына ие болады. Ұпайы аз топ белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталады.
Сайыс кезеңдері
-
Кезең 1
1) Таныстыру
Әр топ өздерін таныстырады.
-
Кезең 2
2) «Кім жылдам?» — өткенге шолу
Әр топ басшысы 8 сұрақ қояды. Дұрыс әрі жылдам жауапқа 1 ұпай беріледі (жылдамдық ескеріледі).
-
Кезең 3
3) Математикалық сөзжұмбақ
Сөзжұмбақтағы әр дұрыс сөзге 1 ұпай беріледі.
-
Кезең 4
4) «Сиқырлы квадрат»
Ереже бойынша сандарды қосып, кестені толықтыру.
Сергіту сәті осы кезеңнен кейін өткізіледі.
-
Кезең 5
5) «Баспалдақ шыңы»
Амалдарды орындау арқылы жоғары көтерілу тапсырмасы.
-
Кезең 6
6) «Балық проблемасы»
Теңдеуді шешу тапсырмалары («балық сүйегі» әдісімен талдау).
-
Кезең 7
7) «Ұшқыр ой!»
Логикалық тапсырмаларды шешу.
Үй тапсырмасы және кері байланыс
Үй тапсырмасы беріледі. Сабақ соңында кері байланыс жүргізіліп, оқушылар мұғалім жұмысына баға береді.
Сайысқа шақыру (өлең жолдары)
Уа, халайық, халайық,
Бәріне жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып,
Көңілді кеш жасайық.
Жұмбақ шеру шашайық —
Мұнда қызық табылар,
Жұмбақ, есеп бәрі бар.
Ал, сайыскер балалар,
Білімдеріңді сынайық!
Топтармен таныстыру
«Үшбұрыш» тобы
Көбейту және бөлу
Армысыздар, ұстаздар!
Біз — көбейту, бөлу.
Бүгінгі бұл сайыста
Талпынуға әзірміз.
Таудай біздің талабымыз —
Озып шығып бәйге аламыз.
Келешекте өскенде,
Үлкен ғалым боламыз!
«Төртбұрыш» тобы
Қосу және азайту
Қосу менен азайтудан тұратын
Топтың атын таныстыру — мұратым.
Уа, достарым, бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде,
Ойымызды жинақтап,
Есеп шешіп алайық.
Жеңімпаз болуға ұмтылып,
Бір қуанып қалайық!