Бес жолды өлең стратегиясы бойынша Ана тақырыбына өлең жазу
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Ә. Дүйсенбиев — «Ардақты ана»
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі
СТО технологиясының элементтері
Көрнекілігі
- Қосымша мәтіндер
- Ана туралы әндер
- Плакат, маркерлер
- Гүл күлтелері
- Интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Өлең мазмұнын оқып, идеясын ашу арқылы ана тақырыбын кеңейтуге мүмкіндік беру.
Дамытушылық
Өлеңді талдау және оның көркем тілі негізінде шығармашылық жұмыстар жасауға жағдай туғызу.
Тәрбиелік
Адамгершілік құндылықтарды дәріптеп, ұлттық салт-дәстүр тәрбиесінің маңызын сезіндіру.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныпты сабаққа дайындау.
- Үй тапсырмасын пысықтау.
2) Қызығушылықты ояту
1-слайд. Лездеме сұрақтар арқылы ой қозғау:
- Өмірде сен үшін алақаны жұмсақ кім?
- Жүрегі жылы кім?
- Құшағы кең кім?
Ана тақырыбында ән тыңдалады.
2-слайд. «Топтастыру» стратегиясы бойынша жұмыс:
- Жұпта ой бөлісу.
- Топта талқылап, ортақ ойды қағаз бетіне түсіру.
Шығармашылық тапсырма: «Анашым, аман болшы!» тақырыбында хат жазу.
3) Мағынаны тану
3-слайд. Өлеңнің тақырыбы және автормен таныстыру. Өлеңді іштей оқыту.
«Түртіп алу» стратегиясы бойынша топтық тапсырмалар:
1-топ
Өлеңдегі ана қасиетін дәріптейтін теңеулерді тауып, белгілеу.
2-топ
Өлеңдегі сөз тіркестерін тауып, белгілеу.
3-топ
Баланың анасына деген тілегі мен алғысы қай жолдардан көрінетінін анықтап, белгілеу.
4-топ
«Ананың қас-қабағына қарау» тіркесінің мағынасын түсіндіру.
Сергіту сәті
- «Ана мен бала» әні орындалады немесе тыңдалады.
- Әр топ гүл құрастырады.
4) Ойтолғау
4-слайд. «Бес жолды өлең» стратегиясы бойынша «Ана» тақырыбында өлең жазу.
5) Бағалау
Оқушылардың жұмысы смайликтер арқылы бағаланады.
6) Үй тапсырмасы
Ана тақырыбына эссе жазу.
Қорытынды
Ана – жүрек, жүректі құдіретте,
Ана – тірек, тіректі құрметте.
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет,
Ана – күнің, күніңе табынып өт.