Үстіне арыстанның ойнақтапты, Бір тышқан іннен шығып сол арада
Ұйықтапты бір арыстан айдалада,
Тыныштықтық алу үшін сай-панада.
Үстіне арыстанның ойнақтапты,
Бір тышқан іннен шығып сол арада.
Тышқан жүр сейіл құрып, ойнақ салып,
Бір уақыт жүгіріпті басқа барып,
Арыстан өлтіруге айналыпты,
Басын басқан тышқанды ұстап алып.
Жалынды сонда тышқан: Өлтірме! – деп, –
Ағатай, маған зиян келтірме! – деп, –
Бір қайтар менен-дағы бір жақсылық,
Азат қыл, байқамадым, өлтірме! – деп.
Арыстан күліп айтты: Сорлы тышқан!
Не жақсылық қайтады сен байғұстан?
Дүниеде саған қалған күнім құрыстан!
Күшің кем жұдырықтай шымшық құстан.
Жатасың қорыққаныңнан қазып жерді,
Күлдірдің болмасты айтып мендей ерді.
Күлдіріп көңіл ашқан ақың үшін
Азат қылдым , – деді де, қоя берді.
Бір күні арыстаным торға түсті,
Үзем деп, ақырып, тулап, салды күшті,
Оралып, шырматыылды, шықпастай боп,
Басына құдай берді мұндай істі.
Күн қайда құтылатын торлы бұзып,
Бақырып ызаланды жерді сүзіп,
Дауысын танып, баяғы тышқан келіп,
Құтқарды торды қиып, тістеп үзіп.
Қауынның өсіру технологиясы
Балалар қабілеттерін дамытуға арналған ойындар
Баланың киялын дамытуға бағытталған сыныптан тыс іс-шаранын жоспар-сценариін құрастыру
Тиіндер тұқымдасының түрлері
Бақтыбай Жолбарысұлы
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ АСТРОНОМИЯ
Балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту
Қауын өсіру технологиясы
Қазақстанда қорғауға жататын хайуанаттар
Мектепке дейінгі балаларда қиялдың дамуы
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Біріктірілген тақша
Ұйқы- демалыстың бір түрі
Салық қызметі органдарының қызметін ұйымдастыру мен басқарудағы кейбір мәселелер және оны жетілдіру жолдары
«Тышқан» тәрізді графикалық сілтеме
Тышқан
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Бір клеткалылар патшалық тармағы