Алдымен сайысқа қатысушы оқушыларды таныстыралық

Озық ойлы оқушы (8-сынып оқушылары арасында)

Мақсаты: оқушылардың математикалық ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, алған білімдерін пысықтау, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

Шоқан Уәлиханов: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» десе, Қ. Сәтбаев: «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана ірі қайраткер дәрежесіне дейін көтеріледі» деп атап өткен. Ендеше, еліміздің болашағы — білімді жастар екені даусыз.

Осы орайда 8-сынып оқушылары арасында өткізілетін «Озық ойлы оқушы» сайысын бастаймыз. Сайысқа 8 ойыншы қатысады.

Әділқазылар алқасы

Әділқазылар құрамы таныстырылып, сайыс барысында ұпай қою тәртібі сақталады.

Сайыс құрылымы

5 бөлім

  1. 1 Бәйге
  2. 2 Тіл–өнер
  3. 3 Дода
  4. 4 Тапқырлық
  5. 5 Жорға

Негізгі қағида

Әр кезеңде жауаптың нақтылығы мен жылдамдығы бағаланады. Ойын әділ әрі мәдениетті форматта өтеді.

I бөлім — Бәйге

Ереже

  • Ойыншыларға сұрақтар қойылады.
  • Жауап нақты әрі тез болуы керек.
  • Кім карточкасын бірінші көтерсе, сол ойыншы жауап береді.
  • Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Сұрақтар

  1. 1. «Геометрия» сөзі грек тілінен аударғанда қандай ұғымды білдіреді?
    Жауабы: жер өлшеу
  2. 2. «Алгебра» сөзі қандай сөзден шыққан?
    Жауабы: арабтың «әл-жебр» сөзі
  3. 3. Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым қалай аталады?
    Жауабы: теорема
  4. 4. Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғаның ортасын қосатын кесінді қалай аталады?
    Жауабы: медиана
  5. 5. Шеңбердің ең үлкен хордасы қалай аталады?
    Жауабы: диаметр
  6. 6. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер қалай аталады?
    Жауабы: перпендикуляр
  7. 7. 2 ғасырда неше жыл бар?
    Жауабы: 200
  8. 8. Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура қалай аталады?
    Жауабы: бұрыш
  9. 9. Кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады?
    Жауабы: түзу
  10. 10. Қандай түзулердің ортақ нүктесі болмайды?
    Жауабы: параллель
  11. 11. Бұрышты өлшейтін құрал қалай аталады?
    Жауабы: транспортир
  12. 12. Кез келген санға қалдықсыз бөлінетін сан қандай?
    Жауабы: 1
  13. 13. Тік бұрыш неше градусқа тең?
    Жауабы: 90°
  14. 14. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады?
    Жауабы: 1
  15. 15. Қандай өрнек әріпті өрнек деп аталады?
    Жауабы: құрамында әрпі бар өрнек
  16. 16. Координаталық жазықтықта неше ширек бар?
    Жауабы: 4
  17. 17. Квадраттық функцияның a коэффициенті теріс болса, параболаның тармақтары қалай бағытталады?
    Жауабы: төмен
  18. 18. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неше градусқа тең?
    Жауабы: 180°

II бөлім — Тіл–өнер

Кіріспе

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізеді.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізеді.

Бұл бөлімде жұмбақтан, мақал-мәтелден немесе өлең жолдарынан қалдырылған сөзді табасыздар және оны орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар.

Ұпай қою

  • 1 тілде жауап — 10 ұпай
  • 2 тілде жауап — 20 ұпай
  • 3 тілде жауап — 30 ұпай

Осы бөлімнен кейін ұпайы ең аз екі оқушы сайыстан шығады.

Тапсырмалар

1) Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс.
Қазақша
сызғыш
Орысша
линейка
Ағылшынша
a ruler
2) Қос құлақты, жүз тісті, жүзінен бір-ақ із түсті.
Қазақша
ара
Орысша
пила
Ағылшынша
saw
3) Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді.
Қазақша
қалам
Орысша
ручка
Ағылшынша
pen
4) Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?
Нұсқа 1
10он / десять / ten
Нұсқа 2
100жүз / сто / hundred
5) Бүтін сан, бөлшек сан — барлығы да бар онда. Бұл қандай сан? Айтыңдаршы: оң, теріс сан бар онда.
Қазақша
рационал сандар
Орысша
рациональные числа
6) Нәрселерді санағанда, керек ол бізге ауадай. Айтыңдаршы, бұл қандай сан — жан-жағыңа қарамай?
Қазақша
натурал сандар
Орысша
натуральные числа