Табиғат тамашасына сүйсіне білуге, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу

Сабақ тақырыбы мен мақсаттары

Тақырыбы

«Қыс келді»

Мақсаты

М. Дулатовтың «Қыс келді» мәтінінің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың қысқы табиғат құбылыстары туралы, сондай-ақ адамдар мен жануарлар тіршілігі жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық және тәрбиелік бағыт

  • Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, сөздік қорын байыту.
  • Ойды жинақтап, жүйелеп, қорытынды жасау біліктерін жетілдіру.
  • Табиғат көрінісіне сүйсіне білуге және табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Қажетті ресурстар мен әдістер

Көрнекілік

  • Қыс мезгілінің суреті
  • Автордың портреті
  • Сызбалар мен кестелер

Әдістер

Түсіндіру Іздену Топтастыру Түртіп алу Венн диаграммасы Шығармашылық жұмыс

Пәнаралық байланыс

Дүниетану Қазақ тілі

Сабақтың жүру барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, психологиялық дайындық жасау.

Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Неткен сұлу, неткен көркем —
Осы менің туған өлкем.

Өткен тарауға шолу жасалып, тест тапсырмалары арқылы қорытынды жасалады. Оқушылар тестке жауап беріп, нәтижелері талқыланады.

Қорытынды: бұл тарау аяқталып, келесі тараумен танысуға дайындық жүргізіледі.

III. Қызығушылықты ояту

Жұмбақ

Шанамен зырғып желдетіп,
Шаңғы, коньки тебеміз.
Аққала жасап ойнайтын —
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Жауабы: Қыс

Әңгіме қыс мезгіліне бағытталады: қыс айларын атау, қазіргі басталып жатқан айды анықтау, сондай-ақ «қыс келеді» тіркесінің мағынасы туралы ой қозғау.

Біз «көктем туады», «жаз шығады», «күз болады», ал «қыс келеді» дейміз. Неліктен?

Себебі тіршілік иелері қыстың жақындауына алдын ала дайындалады: азық қамдайды, отын мен шөп жинайды, құстар да қыстық күйге бейімделеді.

Талқылау сұрақтары

  • «Қыс келеді» дегенде адамда қандай сезім пайда болады?

    Қорқыныш та болуы мүмкін, өйткені қыс қатал мінезін көрсетеді.

  • Қыстың қандай қуанышты тұстары бар?

    Балалар қармен ойнап, аққала жасап, шанамен сырғанайды.

  • «Қыс» сөзін естігенде ойларыңа қандай сөздер келеді?

    Оқушылардың жауаптары арқылы қысқа тән ұғымдар топтастырылады (мысалы: қар, аяз, боран, мұз, жылы киім, отын, қысқы ойындар).