Аспанда бәрі ғажап
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырыбы
Күлдіргі Смешарик
Мақсаты
- Балалардың алған білімін тиянақтап, әрі қарай жетілдіру.
- Жаңылтпаш айтқызу арқылы қазақ тілін үйренуге қызығушылығын арттыру.
- Ойын арқылы сергіте отырып, ой-өрісін дамыту.
- Сұрақтарға толық жауап бергізу арқылы сөздік қорын байыту.
Әдіс-тәсілдері
- Сұрақ-жауап
- Ойын ойнату
- Жаңылтпаш айту
- Диалог жүргізу
Көрнекілігі
- Шармен безендірілген ән-күй залы
- Слайд (презентация)
Педагогикалық рөл
Ұйымдастырушы-ізденуші
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Қонақтармен амандасу және «Шаттық шеңбері».
Диалог үлгісі
Тәрбиеші: Балалар, қалдарың қалай?
Балалар: Рахмет, халіміз ғажап.
Аспанда бәрі ғажап!
Жерде бәрі ғажап!
Айнала бәрі ғажап!
Менде бәрі ғажап!
2) Тосын сәт: Күлдіргінің келуі
Әуен ойнап, қонаққа Күлдіргі (Смешарик) келеді. Қолында түрлі түсті шарлар болады.
Күлдіргінің сөзі
Күлдіргі: Балалар, менің атым Күлдіргі. (Меня зовут Смешарик.)
Күлдіргі: Мен сендермен танысқым келеді. (Хочу с вами познакомиться.)
Балалардың әрекеті
Балалар өздері туралы қысқаша монолог айтып, танысады.
Ынталандыру
Күлдіргі шарлардың ішінде тапсырмалар бар екенін айтады: дұрыс орындаса, балаларға сыйлық береді.
Санау және түстерді атау
Мұғалім балалардан шарларды санатуды сұрайды. Балалар шарларды санап, түстерін атайды. Қорытынды: барлығы 5 шар.
3) Тапсырмалар (слайд арқылы)
Күлдіргінің тапсырмалары презентация арқылы көрсетіліп, ретімен орындалады.
1-тапсырма
«Қандай жаңылтпаштарды білесіңдер?»
Балалар жаңылтпаштарды жатқа әрі тез айтады. Кейін жаңылтпаштарды орыс тіліне аударады. Күлдіргі балаларды мақтайды.
2-тапсырма
«Әрі оқу, әрі ойын» (И учеба, и игра)
Тапсырма жақсы орындалған соң, балалар бой сергітіп алады.
Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Бәрін қоссам — он саусақ.
3-тапсырма
«Кел, ойнайық!»
Балалармен «Қандай екенін тап?» дидактикалық ойыны ойналады. Ойын шарты: екі қатысушы болады — біреуі сұрайды, екіншісі жауап береді.
4) Рефлексия және қорытынды
Сабақты бекіту үшін сұрақ-жауап жүргізіледі.
Сұрақтар
Тәрбиеші: Бүгін бізге кім келді?
Балалар: Күлдіргі (Смешарик).
Тәрбиеші: Ол бізге не әкелді?
Балалар: Тапсырмалар.
Тәрбиеші: Неше тапсырма әкелді?
Балалар: Бес.
Тәрбиеші: Күлдіргімен ойнаған ойындар мен тапсырмалар ұнады ма?
Балалар: Ұнады.
Сабақ соңында балалар мадақталып, Күлдіргі уәде еткен сыйлығын табыстайды.