Балалардың тілдерін дамыту

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: «Ойыншықтар қонақта»

Мақсаттары

  • Білімділік: балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік беру; ойыншықтарды сипаттауға үйрету; «Қандай?» сұрағына жауап беруге, жалғау мен жұрнақтарды сөздерге дұрыс жалғап айтуға дағдыландыру.
  • Дамытушылық: балалардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту.
  • Тәрбиелік: ойыншықтарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар

Көрнекіліктер: үй макеті, қыс туралы суреттер, әртүрлі жануарлар ойыншықтары, доптар, үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс

ойыншық

Қостілділік

  • доп — мяч
  • қоян — заяц

Сабақ барысы

Кіріспе

Балалар топқа кіріп, қонақтармен амандасады.

Сәлемдесу өлеңі

Ұл-қыз сәлем береді,

Өнегелі өренбіз.

Білер қазақ баласы,

Сәлем — сөздің анасы.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар?

Таңғы шеңбер

Қимылды жаттығу

Бала, бала, балапан,

Кәне, қайсы алақан?

Саусақтарың айбат,

Былай, былай ойнат.

Шаттық өлеңі

Топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса, алтын күн,

Жаса, жаса, жарқын күн.

Балалар орындарына отырып, сабаққа назар аударады.

Жыл мезгілдері туралы әңгіме

Тәрбиеші: Балалар, жыл мезгілдері қаншау?

Балалар: Қыс, жаз, күз, көктем.

Сұрақ-жауап

  • Қыста ауа райы қандай болады?

    Қар жауады, боран болады, күн суық болады.

  • Жазда ше?

    Күн ыстық болады, өзенге шомыламыз.

  • Күзде қандай өзгерістер болады?

    Жел соқты гу-гу,

    Жаңбыр жауды тарс-тарс.

    Жаңбыр басылды,

    Күн ашылды.

    Күзде жаңбыр жауады, жел соғады.

  • Қазір қай мезгіл?

    Көктем.

  • Көктемде қандай өзгерістер болады?

    Күн жылынады, қар ериді, құстар жылы жақтан келеді.

Ойыншықтар қонақта: қасқырдың келуі

Есік қағылып, топқа қасқыр кіреді.

Қасқыр: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен орманда келе жатып, мына заттарды тауып алдым. Бұлардың не екенін білмеймін. Маған көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: Әрине! Балалар қасқырға көмектесіп, заттарды таныстырып береді. Келіңіз, мына жерге отырып тыңдаңыз.

1) Қоян

  • Сұрақ: Мынау не?
  • Жауап: Қоян.
  • Сұрақ: Қоянның құлағы қандай?
  • Жауап: Ұзын.
  • Сұрақ: Қоян қалай секіреді?

Орындау

Балалар қоян туралы өлең айтып, «Сұр қоян» әніне қимыл-қозғалыс жасайды.

Қасқыр: Рахмет, балалар! Өте жақсы орындадыңдар.

2) Аю

  • Сұрақ: Мынау не?
  • Жауап: Аю.
  • Сұрақ: Аю қалай жүреді?

Тақпақ

Аю отыр партада,

Екі қолы қалтада.

Апай сабақ сұраса,

Ұйықтап қалыпты масқара...

Қасқыр: Неткен білімді балаларсыңдар! Өлең мен тақпақты көп біледі екенсіңдер.

Түсіндіру

Қоян мен аю — жабайы аңдар. Олар орманда мекендейді.

3) Доп

Сұрақ: Мынау не?

Жауап: Доп.

Сұрақ: Доппен не істейміз?

Жауап: Ойнаймыз.

Түс, көлем салыстыру

  • Жасыл доптың түсі — жасыл, көлемі — үлкен.
  • Қызыл доптың түсі — қызыл, көлемі — кішкентай.
  • Қайсысы үлкен? Жасыл доп үлкен.

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Шығармашылық жұмыс: үй құрастыру

Қасқыр орнынан тұрып, үй макетіне қызыға қарайды.

Қасқыр: Ой, мынау қандай әдемі үй! Маған да осындай үй керек еді.

Тәрбиеші: Балалар, қасқырға үй жасап берейік пе?

Балалар: Иә!

Балалар үлестірмелі материалдармен жұмыс жасап, қасқырға арнап үй құрастырады.

Автор туралы мәлімет

Өңірі: Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы

Мекеме: №33 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы (КМҚК)

Тәрбиеші: Тобагабулова Майра Дукеновна