Жаңа сөздерді меңгерту
Автор және сабақ туралы мәлімет
- Өңір
- Маңғыстау облысы
- Қала
- Жаңаөзен
- Мектеп
- Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 орта мектеп
- Мұғалім
- Жүзбаева Баян (бастауыш сынып мұғалімі)
- Сабақ тақырыбы
- «И» дыбысы мен әрпі
- Оқыту әдістері
- Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың мақсаттары
Білімдік
- Оқушыларды «И» дыбысы мен әрпімен таныстыру.
- «И» дыбысы кездесетін сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасату.
- «И» дыбысын сөз ішінен бөліп алып, жеке дыбыстату арқылы оның дауысты дыбыс екенін меңгерту.
- «И» әрпінің баспа және жазба түрін (бас әріп, кіші әріп) таныту, мәтінмен жұмыс жасату.
Дамытушылық
- Ой-өрісті кеңейту, сөздік қорды байыту.
- Мәтін мазмұнын жүйелі айтып беруге дағдыландыру.
- Жаңа сөздерді меңгерту.
Тәрбиелік
- Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
- Жеті қазына туралы мағлұмат беріп, халықтық педагогика негізінде тәрбие беру.
Сабақтың құрылымы мен барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық және оқушылардың сабаққа назарын шоғырландыру.
Психологиялық дайындық (өлең)
1 дегенім — жаман баға,
Алады оны жаман бала.
2 деген — нашар баға,
Інішегім нашарлама.
3 дегенім — орта баға,
Сапасы оның орта ғана.
4 дегенім — жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
5 дегенім — үздік баға,
Оқимыз тек үздік қана.
Мұғалім әрекеті
- Оқушыларды түгендеу.
- Сыныптың көңіл күйін бақылап, сабаққа жұмылдыру.
- Сабақтың жұмыс ырғағын орнату.
II. Өткен сабақты пысықтау
Негізгі ұғымдарды еске түсіру және оқушылардың бастапқы білімін анықтау.
Сұрақ-жауап
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар қандай топтарға бөлінеді?
- Әріп дегеніміз не?
Белсендіру тапсырмасы
«Әліппе» өлеңін айту
Оқушылардың тілдік белсенділігін арттыруға бағытталады.
Ойын: «Әріптер әлемі»
Мақсаты: берілген әріптерге сөздер айту.
III. Мақсат қою
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау, оқушыларды жаңа материалға бағыттау.
Бүгінгі сабақта «И» дыбысы мен әрпін меңгереміз: дыбысты дұрыс айту, сөзден табу, буынға бөлу және дыбыстық талдау жасау.
IV. Жаңа сабақ
Жұмбақ арқылы қызығушылық оятып, «И» дыбысының ерекшелігін анықтау.
Жұмбақтар
Адамға серік, күзетке берік.
Жауабы: ит
Тікұшақтан аумайды, маса, шыбын аулайды.
Жауабы: инелік
Негізгі қорытынды
Екі сөз де қай дыбыстан басталады? — «И» дыбысынан.
«И» дыбысын бәріміз хормен айтамыз және оның дауысты дыбыс екенін анықтаймыз.
Дыбысты белгілеуде қолданылатын шартты таңбаны (дөңгелекше) еске түсіреміз.
Оқулықпен жұмыс
Сурет бойынша жұмыс
- Суретке байланысты сөйлем құрау.
- Мәтінге тақырып қою: «Ит пен инелік».
- Оқиға қай мезгілде болуы мүмкін екенін анықтау.
Буынға бөлу және талдау
Сөз
Инелік
Буынға бөлу
И – не – лік
- Неше буын бар?
- «И» дыбысы сөздің қай буынында тұр?
Сөздікпен жұмыс: оқу, талдау, мағынасын ашу
Мағыналары
- Ит
- Үй жануары.
- Кит
- Ең ірі сүтқоректі жануар.
- Ине
- Тігін тігуге арналған құрал.
- Инелік
- Жәндік.
- Шие
- Жеміс.
- Киік
- Түз тағысы, жануар.
Мағыналары (жалғасы)
- Тиын
- Ұсақ ақша.
- Тиін
- Орманда тіршілік ететін жануар.
- Тиек
- Ішекті саз аспабының құрамдас бөлігі.
- Иек
- Адамның бет мүшесі (төменгі жақтың алдыңғы бөлігі).
- Киім
- Киілетін заттар жиынтығы.
- Жиек
- Шет, қыр, айнала шеті.
Негізгі түйін
Бұл сабақта оқушылар «И» дыбысын дұрыс дыбыстап, оның дауысты дыбыс екенін анықтайды. Сонымен бірге сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасап, жаңа сөздердің мағынасын меңгереді.