Етіктің түсі қызыл

Қызылорда облысы · Қазалы ауданы · Әйтеке би кенті

МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасы

Тәрбиеші: Сахитжан Индира Нағашыбайқызы

Тақырыбы: Қуыршақтың етігінің бауын байлаймыз

Сабақтың мақсаты

Бұл оқу іс-әрекеті балалардың ұсақ моторикасын, көзбен мөлшерлеу дағдысын және сенсорлық қабылдауын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар танымдық қабілеттері мен қызығушылығын арттырып, қызыл және сары түстерін ажырата білуге үйретеді.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Көрсету
  • Сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

Түрлі түсті етіктер: қызыл және сары.

Сабақ барысы

1) Мотивациялық кезең: «Шаттық шеңбері»

Аспанымыз ашық болсын!

Деніміз сау болсын!

Папа, мамамыз сау болсын!

Балабақшамыз жайнай берсін!

Балалар жиынға белсенді қатысады, көңіл-күйі көтеріліп, сабаққа ынталанады.

2) Ұйымдастырушылық-ізденімпаздық кезең

Әңгімелесу (сұрақ-жауап)

  • Сұрақ: Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Сұрақ: Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
  • Түсіндіру: Бүгін қуыршақтың етігінің бауын байлауды үйренеміз.
  • Сұрақ: Қуыршақпен не істейміз?

Балалардың ықтимал жауаптары

  • Қазір қыс.
  • Қар жауады, сырғанақ тебеміз.
  • Адамдар қалың тон, бас киім, етік киеді.
  • Қуыршақты ұйықтатамыз, шомылдырамыз, тамақтандырамыз, киіндіреміз.

Тақтамен жұмыс: етіктерді салыстыру

Тақтадан балалар қысқа және ұзын қонышты етіктерді көреді. Қысқа қонышты етік күз мезгіліне, ал ұзын қонышты етік қыс мезгіліне сәйкес келетіні түсіндіріледі. Етіктің түсі — қызыл. Екі етікте де бау бар екеніне назар аударылады.

Тосын сәт: Құралай қуыршақ көмек сұрайды

Осы сәтте есік қағылып, жылап тұрған қуыршақ келеді. Оның етігінің бауы байланбаған.

Диалог

Тәрбиеші: Қуыршақ, сенің атың кім? Неге жылап тұрсың?

Қуыршақ: Атым Құралай. Етігімнің бауын байлай алмағандықтан жылап тұрмын.

Тәрбиеші: Құралай, жылама. Біз саған көмектесеміз.

Етіктің бауын байлау әдісін көрсету

  1. Оң қолдың саусақ ұшымен баудың ұшын ұстап, бау өткізгіштен өткіземіз.
  2. Сол қолдың саусақ ұшымен баудың екінші ұшын ұстап, келесі бау өткізгіштен өткіземіз.
  3. Осылайша кезекпен өткізіп, етікті баулаймыз.

Балаларға үлгі мұқият көрсетіліп, әр қадам анық түсіндіріледі.

Сергіту сәті

Тоңса біздің аяғымыз,

Етік киіп аламыз.

Топ-топ-топ,

Топылдатып билейміз.

Практикалық жұмыс: балалардың орындауы

Балалар орындықтарына отырып, етіктердің бауын өздері байлап көреді. Тәрбиеші жеке көмекті қажет ететін балаларға бағыт-бағдар береді.

Ойын: «Сыңарын тап»

Шарты

Үстел үстіне түрлі түсті етіктер қойылады. Балалар әр етіктің сыңарын дұрыс тауып жұптайды.

Нәтижесі

Балалар ойынға белсенді қатысып, түстер мен жұп ұғымын бекітеді.

Қоштасу

Қуыршақ Құралай үйіне қайтады. Балалар қоштасып, жақсы тілектер айтады.

3) Рефлексиялық кезең

Сұрақ: Бүгін біз кімнің етігінің бауын байладық?

Балалардың жауаптары тыңдалып, сабақ қорытындыланады. Белсенді қатысқан балалар мадақталады.