Диаграммадағы ҚҰНДЫ, АҒАШ сөздерімен тіркесетін сын есімдерді теріп жазу
Сын есімді қайталау
Бұл сабақ сын есім туралы білімді бекітуге, өткен тақырыптарды жүйелеуге және оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған. Жұмыс түрлері мәнерлеп оқу, талдау, сұрақ-жауап және интерактивті тапсырмалар арқылы ұйымдастырылады.
Білімділік
Сын есім бойынша алған білімді бекіту, өтілген тақырыптарды қайталау.
Дамытушылық
Тілді, сөздік қорды, ой-өрісті дамыту; сын есімге қатысты тапсырмаларды жылдам орындауға дағдыландыру; мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік
Мәтіндермен жұмыс арқылы ән өнеріне қызықтыру, зеректікке тәрбиелеу, пәнге қызығушылықты арттыру.
Сабақ түрі
Қайталау сабағы.
Сабақ әдістері
Интерактивті тақтамен жұмыс, талдау, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы
-
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
2) Үй тапсырмасын тексеру
Сын есімнің ережесін сұрау, нақтылаушы (туынды) сұрақтар қою.
-
3) Негізгі сабаққа көшу
Махамбет Өтемісұлының жырларынан алынған афоризмдермен жұмыс (слайдтар арқылы). Оқушы тақтаға шығып, афоризмнің мағынасын ашып, өлең жолдарындағы сын есімдерге толық талдау жасайды.
Афоризмдер бойынша талдау
1) «Жүйрік аттың белгісі / Тұрады құйрық жалында»
Сын есім
Жүйрік
Талдау
Негізгі, дара, сапалық, жай шырай.
2) «Қоғалы көлдер, құм сулар / Кімдерге қоныс болмаған?!»
Сын есім
Қоғалы
Талдау
Туынды, түбірі қоға, -лы — сын есім тудырушы жұрнақ, қатыстық.
3) «Алтын тақты хандардың / Хандығынан не пайда?»
Сын есім
Алтын тақты
Талдау
Күрделі, туынды, қатыстық, -ты — сын есім тудырушы жұрнақ.
4) «Асыл ердің баласы / Жауды көрсе шыдамай / Көзін салар қияға»
Сын есім
Асыл
Талдау
Негізгі, дара, сапалық, жай шырай.
Оқулықпен жұмыс
150-жаттығу: «Жайлауда»
- Мәтінді оқып, мазмұндау.
- Сын есімдерді тауып, тіркескен сөздерімен бірге теріп жазу.
Үлгі
кең көгал, үлкен ауыл, қоңыр үй, шоқпыт лашықтар
153-жаттығу: «Зеректік»
- Мәтінді түсініп оқу.
- Сын есімдердің синонимдерін жазу.
Білімді
ақылды, оқымысты, білгір
Қолайлы
ыңғайлы
Берік
мықты, күшті
Зерек
зейінді, аңғарымпаз, байқағыш
Интерактивті тақтамен жұмыс
Диаграмма тапсырмасы
Диаграммадағы «ҚҰНДЫ» және «АҒАШ» сөздерімен тіркесетін сын есімдерді теріп жазыңдар.
Үлгі 1
құнды ой, құнды кітап, құнды мұра
Үлгі 2
қураған ағаш, пайдалы ағаш, жапырақты ағаш
Тақтамен жұмыс: «Қателерді табыңдар»
Берілген сөйлемдердегі орфографиялық қателерді тауып, дұрыс нұсқасын жазыңдар.
- Құндыз бөрік киген бойжеткен киіз үйге бет алды.
- Ағалы-інілі Бейбіт пен Аслан ұзын жолмен жүріп келеді.
- Жазғы мезгіл қандай тамаша!
- Ұйқышыл адам сыбағасынан құр қалар.
Тиісті сын есімдерді қойып жазыңдар
Сөздер
ардақты, құнарлы, ащы, алтын, үздік, құрметті
- Қазақстан — ... астыққа бай.
- ... ұстазымызды ... демалысқа шығарып салдық.
- ... тіл сүйектен өтер.
- Байқауға ... оқушылар қатысты.
Тест жұмысы
Оқушылардың білімін тексеру мақсатында тест тапсырмалары үлестіріледі.