Ондық бөлшектер разрядтары
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қажетті құралдарын түгендеу, дұрыс отыруына назар аудару, жұмысқа ынталандыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру және қайталау
Өтілген тақырыптарды қайталау арқылы жаңа тақырыпқа логикалық көпір құру.
- Жай бөлшектерді қосу және азайту.
- Жай бөлшектерді көбейту және бөлу.
- Қандай математикалық амалдарды білесіңдер?
- Қандай түрлендіру орындалған?
III. Қайталау тапсырмасы: графикалық диктант (иә/жоқ)
Оқушылар тез жауап беру арқылы негізгі ұғымдарды еске түсіреді.
1) Санның бөлігін табу үшін, санды осы бөлікке бөлу керек.
Жоқ2) Бөлігі бойынша санды табу үшін, берілген санды осы бөлшекке бөлу керек.
Иә3) Алымы бөлімінен кіші бөлшек — бұрыс бөлшек.
Жоқ4) Бөлшектері қысқартылмайтын бөлшектер болады.
Иә5) Көбейтіндісі 1-ге тең болатын сандар — өзара кері сандар.
Иә6) Натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жазуға болады.
Иә7) Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады.
Жоқ8) Бірлік кесіндісі берілген сәуле координаталық сәуле деп аталады.
ИәIV. Жаңа сабақ: ондық бөлшек
Анықтама: Үтір арқылы жазылған бөлшек сандар ондық бөлшектер деп аталады. Ондық бөлшектің үтірінің сол жағында — бүтін бөлігі, оң жағында — бөлшек бөлігі жазылады.
Мысалдар: бүтін бөлік және бөлшек бөлік
1,2
1 — бүтін бөлік, 2 — бөлшек бөлік
4,23
4 — бүтін бөлік, 23 — бөлшек бөлік
12,56
12 — бүтін бөлік, 56 — бөлшек бөлік
0,352
0 — бүтін бөлік, 352 — бөлшек бөлік
Бөлімдері 10, 100, 1000 болатын бөлшектерді жазу
Бөлімінде қанша нөл болса, ондық бөлшек түрінде жазғанда үтірден кейін сонша цифр болуы керек. Қажет болса, бөлшек бөлігіне үтірден кейін нөлдер тіркеледі.
Тең ондық бөлшектер
Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің соңына нөлді (немесе бірнеше нөлді) тіркеп жазсақ та, соңындағы нөлдерді алып тастасақ та, санның мәні өзгермейді.
Мысал 1
7,5 = 7,50 = 7,50000
Мысал 2
0,03 = 0,030 = 0,03000
Мысал 3
4,0070000 = 4,00700 = 4,007
Ондық бөлшектердің разрядтары
Ондық бөлшектер де натурал сандар сияқты разрядтарға бөлінеді. Сонымен қатар, бірліктен кіші разрядтар болады.
Ондық бөлшектерді оқу
Ондық бөлшекті оқығанда алдымен бүтін бөлігі оқылады, содан кейін бөлшек бөлігі ең кіші разрядтың атауымен (шығыс септігінде) айтылады.
Мысал
35,555
Оқылуы: отыз бес бүтін мыңнан бес жүз елу бес.
Мысал
102,00243
Оқылуы: жүз екі бүтін жүз мыңнан екі жүз қырық үш.
V. Есептер шығару
Ауызша
№884, №886
Жазбаша
№890, №891
VI. Деңгейлік тапсырмалар
Үлгерімі төмен оқушыға
- Тең ондық бөлшектердің теңдігін құрастырыңдар: 0,4; 3,56; 1,2; 3,56000; 0,40; 0,4000; 1,02; 1,20.
- Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазыңдар: 1,7; 0,12; 3,003.
- Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазыңдар: 3/10; 37/100; 221/1000.
- 4,648 санында үтірден кейін қанша цифр бар? Разрядтарын көрсет.
- Сөйлемдегі санды ондық бөлшек түрінде жаз: «Күн сәулесі Жерге сегіз бүтін оннан бес минутта жетеді.»
Дарынды оқушыға
Қосымша тапсырмалар: №892, №894.
Кеңес: жауапты негіздеуді ұмытпа — ондық таңбалар саны, разряд атауы және тең ондық бөлшек қасиетін қолдан.
VII. Сергіту сәті: логикалық сұрақтар
Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса салмағы қанша?
Жауабы: 3 кг
Үстел беті төртбұрышты. Бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?
Жауабы: 5 бұрыш
Төрт қойдың неше аяғы бар?
Жауабы: 16 аяқ
Ат жарысында үш пар ат 60 км шауып өтсе, әр ат неше км шабады?
Жауабы: 60 км
VIII. Бекіту сұрақтары
- Ондық бөлшек дегеніміз не?
- Бірліктен кіші разрядтар қалай аталады?
- Бөлімдері 10; 100; 1000; ... болатын жай бөлшектер ондық түрде қалай жазылады?
- Санды ондық бөлшекпен жазғанда үтір қай жерге қойылады?
- Ондық бөлшектегі үтірден кейінгі цифрлар саны қалай анықталады?
- «Бес бүтін мыңнан он сегіз» саны ондық бөлшекпен қалай жазылады? Түсіндір.
- Берілген ондық бөлшекке тең бөлшекті қалай табуға болады? 13,55 санына тең ондық бөлшекке мысал келтір.
- Ондық бөлшектің жазылуында үтірден кейін қанша цифр болуы мүмкін?
- Ондық таңба деген не?
IX. Үй тапсырмасы және рефлексия
Үй тапсырмасы
№888, №889
Рефлексия
Білемін
Білдім
Білгім келеді
Үйрендім