Көктем әні
Мамыт негізгі мектебі · «Шапағат» шағын орталығы
Тәрбиеші: Қуандыкова Мөлдір Алтаевна
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Әдіс
Түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақ тақырыбы: «Көктем жыры»
Бұл сабақта оқушылар өлең мәтіні арқылы көктем мезгілінің көрікті келбетін танып, табиғаттағы өзгерістерді байқап, сипаттауға үйренеді. Сонымен бірге автор туралы қысқаша мәлімет беріледі.
Сабақ мақсаттары
Білімділік
Өлең мәтіні негізінде оқушыларды туған жер табиғатымен таныстыру, көктемнің көрікті келбеті туралы түсінік қалыптастыру және көктемнің өзіндік ерекшеліктерін сипаттай білуге үйрету. Өлең авторы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық
Топтық жұмыс арқылы көктем мезгілінің табиғатқа, адамға, жан-жануарға және қоршаған ортаға әсерін зерттеп, талдау жасауға ынталандыру.
Тәрбиелік
Табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру, туған жер табиғатын аялауға және қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Көктем туралы суреттер
- Слайдтар
- Интерактивті тақта
- М. Хакімжанова шығармалары (қосымша материал)
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі · Ой ашар
Жұмбақ өлең
Қар, мұз еріп, су көбейіп, Сай-салада ағады. Бүршік шашып, жапырақ ашып, Жер гүл шашақ тағады. Бөбектерім, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады?
Топтастыру
2) Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы тақырып бойынша сұрақ-жауап арқылы білімдері пысықталады.
3) Қызығушылығын ояту
«Көктем» ұғымын сипаттайтын сөздер мен тіркестерді жинақтау: керемет, жылы, құлпырады, гүлдейді, жылынады.
Табиғат
Жылғалардан су ағады, жер бусанады.
Өсімдік
Бүршік жарып, жапырақ жайып, гүл ашады.
Жануар
Құстар оралады, мал төлдейді.
Жаңа сабақ · Топтық жұмыс
Оқушылар көктемнің белгілерін түрлі қырынан қарастырып, ортақ ой түйіндейді.
1-топ
«Көктем» суреті бойынша әңгімелеу
Суреттен көрінетін өзгерістерді атап, табиғаттағы құбылыстарды сипаттайды.
2-топ
Көктем мерекелері туралы ой
Көктемде тойланатын мерекелердің мәнін түсіндіріп, мысал келтіреді.
3-топ
Көктем туралы тақпақ айту
Көктемді жырлайтын қысқа өлең жолдарын мәнерлеп оқиды.
Сергіту сәті
«Көктем әні» орындалып, қимыл-қозғалыс жаттығулары жасалады.
Сауалнама (бекіту тапсырмасы)
10 сұрақ · Бір дұрыс жауап
1) Көктем айларын таңдаңдар
- A) наурыз, сәуір, мамыр
- B) қазан, қыркүйек, қараша
- C) маусым, шілде, тамыз
2) Көктемде нелер ұшып келеді?
- A) сиыр
- B) құстар
- C) қоян
3) Көктемде нелер ериді?
- A) мұз
- B) су
- C) қар
4) Көктемде ауа райы қандай болады?
- A) ыстық
- B) жылы
- C) суық
5) Ең бірінші қандай гүл гүлдейді?
- A) бәйшешек
- B) бақбақ
- C) түймедақ
6) Адамдар қалай киінеді?
- A) жылы
- B) жеңіл
- C) тон
7) Көктемде не жауады?
- A) қар
- B) жаңбыр
- C) мұз
8) Көктемде қандай мереке тойланады?
- A) Тәуелсіздік күні
- B) Наурыз мерекесі
- C) Білім күні
9) Өзендерде не жүреді?
- A) қар
- B) мұз
- C) балық
10) Ағаштарда нелер шығады?
- A) жапырақтар
- B) бүршіктер
- C) шөптер
Топтық тапсырмалар (сөйлем құрастыру)
Сөздердің орнын дұрыс қойып, мағыналы сөйлемдер құрастырыңдар.
1-топ
- Жаңбыр, көктемде, жауады.
- Ауа райы, жылы, болады.
- Құстар, жылы жақтан, ұшып, келеді.
- Өзендерде, мұз, жүреді.
2-топ
- Көктемде, Жаңа жыл мерекесі, тойланады.
- Көктемде, күн, жылынады.
- Ағаштарда, бүршіктер, шығады.
- Көктемде, жиі- жиі, жаңбыр, жауады.
Қосымша тапсырма
«Көктемде күн жылынады» сөйлемін сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
3-топ
- Күн, ұзарады; түн, қысқарады.
- Көктемде, диқаншылар, егін, егеді.
- Бүгін, сыныпта, оқушылар, түгел.
- Адам, баспен, ойлайды.
Үй тапсырмасы · Бағалау · Қорытынды
Үй тапсырмасы
- «Көктем» тақырыбында шығарма жазу
- Көктем тақырыбында сурет салу
Бағалау
Топтық жұмысқа қатысуы, жауаптарының дәлдігі және шығармашылық белсенділігі бойынша бағаланады.
Қорытынды
Сабақ соңында оқушылар көктем мезгілінің негізгі белгілерін атап, табиғатты аялаудың маңызын түйіндейді.