Ата - бабам туған жер
Әліппе
Білімді тиянақтау
Бұл сабақ — оқушылардың дыбыс пен әріп туралы білімін бекітіп, буындап оқуды, сөзді талдауды және сөйлем құрауды жүйелеуге арналған саяхат-сабақ.
I. Ұйымдастыру кезеңі
БастауОқушыларды сабаққа бейімдеу
Бүгін біз дыбыс пен әріп туралы білімімізді, буындап оқуды, сөзді талдауды және сөйлем құрауды саяхат-сабақ арқылы көрсетеміз.
Психологиялық дайындық
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Амансыздар ма, қонақтар!
Аспанымыз ашық болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Нанымыз көп болсын!
Деніміз сау болсын!
Ой қозғау сұрақтары
- Жақында Қазақстан қандай мерекені атап өтті?
- Біз қай мемлекетте өмір сүреміз?
- Еліміздің астанасын атаңдар.
- Тәуелсіздік деген сөзді қалай түсінесіңдер? (Еркін өмір сүру.)
- Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Отан туралы қандай өлең білесіңдер?
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Бұл далада атам қолына ту алған.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы апам жаспен суарған.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам.
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Үлкен өзен, көлдері,
Үлкен орман, шөлдері,
Үлкен қала, тауы бар —
Бұл қазақтың даласы,
Ата-бабам туған жер!
Қазір сендер ашық аспан астында, жарық күн сәулесі төгілген тәуелсіз елде өмір сүріп жатырсыңдар. Білім алуға мүмкіндік мол.
II. Қайталау
СаяхатЕртегі желісі: «Мақта қыз бен мысық»
Мақта қыз бен мысық дос болады. Мақта қыз үйін жинап жүріп бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді. Қыз мейізді өзі жеп қояды.
Кейін мысық келіп: «Неге шақырдың?» — дейді. Мақта қыз айтпайды. Мысық: «Ендеше қатығыңды төгем!» — дейді. Қыз: «Мен құйрығыңды кесіп аламын!» — дейді.
Мысық қатықты төгеді, ал Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық: «Апа, апа, құйрығымды берші!» — дейді. Мақта қыз: «Менің қатығымды төле!» — дейді.
Мысық сиырға барып: «Сиыр, сиыр, маған қатық берші!» — дейді. Сиыр: «Әріптер еліне бар. Ол жерде көптеген қиындық болады. Берілген тапсырмаларды орындап, маған ағаштан жапырақ әкеліп берсең, қатық беремін», — дейді.
Әріптер елі: сұрақтар
Мысыққа көмектесейік. Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, саяхатымызды жалғастырайық.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстарды ата.
- Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
- Жуан дауысты дыбыстарды ата.
- Дауыссыз дыбыстарды ата.
- Дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшелігін айт.
- Алфавитте неше әріп бар?
Сөздік диктант
ЖаттығуМақта, мысық, гүл, ағаш, қатық, Астана, вагон.
Сендердің көмектеріңмен мысық тапсырмаларды орындады.
Келесі кедергі: ағаш
Мысық ағашқа барып: «Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші!» — дейді.
Ағаш: «Мен шөлдеп тұрмын. Алдымен берілген тапсырмаларға жауап бер. Содан соң су әкелсең, жапырақ беремін», — дейді.
Балалар, мысыққа көмектесіп, тапсырмаларға жауап берейік.
Жақсы! Сендердің арқаларыңда мысық екінші қиындықтан өтті.
III. Сергіту сәті
Қимыл-қозғалысЕкі қыз су әкеле жатыр. Мысық қыздарға барып жалынады: «Қыздар, маған су беріңдерші!»
Қыздар: «Бізге сағыз әкеліп берсең, су береміз. Сонымен бірге берген тапсырмамызға жауап бер», — дейді.
Мысық дүкеншіге барады: «Дүкенші, дүкенші, маған сағыз берші», — дейді.
Дүкенші: «Маған жұмыртқа әкел», — дейді.
Мысық тауыққа барады: «Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші!» — дейді.
Тауықтар: «Бізге дән әкел. Берген тапсырмаларды орындасаң, жұмыртқа береміз», — дейді.
IV. Қорытынды
НәтижеМысық жолда кездескен барлық қиындықтарды сендердің білімдеріңнің арқасында еңсерді.
Ойланайық
Балалар, бұл ертегіні қалай аяқтауға болады?
Саяхатымыз осымен аяқталды.
VII. Бағалау
РефлексияОқушылардың сабақ барысында жинаған ұпайлары саналып, нәтижесіне сәйкес бағаланады.