Сұрақтар құрастыру
Сабақ жоспары
«Мен және менің досым»
Сынып: 2 · Сабаққа қатысқан оқушылар саны: _____
Оқу мақсаттары
- 2.1.3.1 Тыңдаған мәтінге мұғалімнің көмегімен иллюстрациялар мен сызбаларды таңдау және қарапайым сұрақтарға жауап беру.
- 2.3.4.1 Мәтін мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастыру және оған жауап беру.
- 2.4.1.1 Заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөйлем жазу.
Тірек сөздер
Қажетті ресурстар
- Сюжетті суреттер
- Презентация
- АКТ
- Үлестірмелі парақшалар
- Қиынды суреттер
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар
- Мәтінді тыңдайды және мәтін желісі бойынша оқиға картасын жасайды.
- Жаңа сөздерді дұрыс айтады.
- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың басым бөлігі
- Тақырып бойынша сұрақ қою үлгілерін біледі және сөйлесу барысында орынды қолданады.
- Мәтін мазмұнын өз сөзімен айтып береді.
Кейбір оқушылар
- Сабақта үйренген сөйлесу үлгілерін күнделікті өмірде еркін қолданады.
Сабақтың кезеңдері
Уақыт пен әрекеттер сабақтың логикасын сақтай отырып кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жоспар
Басы · Ортасы · Соңы
Сабақтың басы (2–5 минут)
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Жағымды көңіл күй қалыптастыру.
- Сабақ мақсатымен таныстыру.
Сабақтың ортасы (6–40 минут)
Шеңберде амандасу
Амансың ба, Алтын күн,
Амансың ба, көк аспан,
Амансың ба, Жер-ана,
Амансың ба, достарым,
Сендерді көріп, қуанам!
Топқа бөлу
Сынып жасыл, қызыл, сары түсті стикерлер арқылы 3 топқа бөлінеді.
Тақырыпты ашу
Интербелсенді тақтадан достық туралы бейнефильм көрсетіліп, сұрақтар арқылы талқылау жүргізіледі:
- 1 Не туралы көрдіңдер?
- 2 Әли мен Аяна кімдер?
- 3 Олардың тағы қандай достары бар?
- 4 Бүгін не туралы әңгімелейміз?
Сөздікпен жұмыс (мотор ойыны)
Дәмхана — столовая
Саябақ — парк
Қызықты — интересный
Салмақты — серьезный
Ақылды — умный
Мәтінмен жұмыс
Тапсырма: мәтіндегі жаңа сөздердің астын сыз.
Мен және досым
Менің атым — Руслан. Менің досым бар. Оның есімі — Алихан. Ол өте ақылды, салмақты, көңілді бала. Екеуіміз уақытымызды бірге өткіземіз. Таңертең мектепке бірге барамыз. Мектептен соң дәмханадан тамақ ішеміз. Одан кейін саябақта ойын ойнаймыз. Сенбі күні киноға бірге барамыз. Мен досыммен уақытты қызықты өткіземін.
Топтық жұмыс
-
1) «Оқиға картасы» стратегиясы
Әр топқа мәтін бойынша сюжетті суреттер ұсынылады. Суреттер арқылы А3 қағазына оқиғаны ретімен орналастырып, жапсырады және мазмұндайды.
-
2) Сұрақ құрастыру
Топтар бір-біріне мәтін бойынша сұрақтар қояды.
-
3) Мәтінді өз сөзімен айту
Оқушылар мәтін мазмұнын өз сөздерімен жеткізеді.
Формативті бағалау: стикерлер арқылы мадақтау.
Жұптық жұмыс: диалог
Диалогті оқы, содан кейін ұқсас диалог құрастыр. Тақта алдына шығып айт.
— Сәлем, Нұржан!
— Сәлем, Исабек!
— Сенің досың бар ма?
— Иә, бар. Оның есімі — Ануар...
Формативті бағалау: оқушылар бірін-бірі «Бас бармақ» стратегиясы арқылы бағалайды.
Жеке жұмыс: «Менің досым»
Тірек сөздерді қолданып әңгіме құрастыр.
Менің атым — _____.
Менің _____ бар.
Оның есімі — _______.
Ол — _______, _______, _______.
Біз мектепке _______.
_______ тамақ ішеміз.
Саябақта _______.
_______ киноға барамыз.
Үй тапсырмасы: өз досың туралы қысқаша әңгіме айтып келу.
Сабақтың соңы (41–45 минут)
- Қорытындылау: мұғалім оқушылармен кері байланыс жүргізеді.
- Оқушылар сабақта нені білгенін, қалай жұмыс істегенін, не жеңіл әрі қызық болғанын, қандай қиындық туғанын айтады.