Алюминий қосылыстары

Сабақтың тақырыбы

Темір. Темірдің маңызды қосылыстары.

Сабақтың мақсаты

Темір металы туралы білімді кеңейту, оқушылардың білімін жүйелеу және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың міндеттері

  • Білімділік: темірдің химиялық элемент ретіндегі сипаттамалары, табиғатта кездесуі, физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы мен қолданылуы туралы түсінік қалыптастыру.
  • Дамытушылық: ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту; темірдің адам денсаулығы үшін маңызын түсіндіру.
  • Тәрбиелік: шығармашылық мүмкіндіктерді дамыту, қабілеттерін арттыру және қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың форматы

Түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсіл
Жаңа бағдарламаны қолдану, топтық жұмыс, есептер шығару, сұрақ-жауап.

Көрнекілік және ресурстар

  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар
  • Оқулық
  • Металдар коллекциясы
  • Табиғи минералдар коллекциясы
  • Периодтық кесте
  • Тапсырма жазылған карточкалар
  • Семантикалық карта

Сабақтың барысы

  1. I

    Ұйымдастыру

    2 минут

  2. II

    Үй тапсырмасын сұрау

    8 минут

  3. III

    Жаңа тақырып

    15 минут

  4. IV

    Талдау

    5 минут

  5. V

    Жаңа тақырыпты бекіту

    5 минут

  6. VI

    Жинақтау және қорытындылау

    5 минут

  7. VII

    Үй тапсырмасын беру

    2 минут

  8. VIII

    Бағалау

    3 минут

I. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, қатысымды тексеру, оқушыларды топқа бөлу және ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Тақырып: Алюминий. Алюминий қосылыстары.

1. Алюминийдің периодтық жүйедегі орны

3-период, 13-топ, реттік нөмірі 13, атомдық массасы 27; негізгі топша элементі.

2. Алюминийдің тотығу дәрежесі

+3

3. Корундтың химиялық формуласы

Al2O3

4. Алюминийдің балқу температурасы

660 °C

5. Сынап пен алюминий құймасы

Амальгама

6. Павлодар электролиз зауыты қай жылдан бері жұмыс істейді?

2007 жылдан бері

7. Алюминий мен кремний құймасы

Дюралюминий

8. Магналийдің қолданылуы

Ұшақ, көлік және кеме жасауда қолданылады.

9. Ересек адамға алюминийдің тәуліктік қажетті мөлшері

30–50 мг

10. Алюминий қай қышқылмен әрекеттеспейді?

Азот қышқылымен

11. Өнеркәсіпте алюминий алуға қолданылатын шикізат

Боксит

12. Металдардың ішінде таралуы бойынша алюминийдің орны

1-орында

Тапсырма

Кестені толтыру.