Көктем мезгілінде болатын өзгерістер жайлы балаларға түсіндіру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Білім беру саласы
- Қатынас (таным)
- Бөлім
- Көркем әдебиет
- Тақырыбы
- Келе бер, көктем
Мақсаты
- Көктем мезгілінде болатын өзгерістерді балаларға түсіндіру.
- Табиғат құбылыстарын бақылау арқылы табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.
- Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы баланың сөздік қорын дамыту.
Сөздікпен жұмыс
Әдіс-тәсілдері
Сұрақ-жауап, көрнекілік, дидактикалық ойын, сергіту сәті.
Қос тілді түсінік
Қазақша
Көктем
весна
Қазақша
Ай
месяц
Қазақша
Құс
птицы
Қазақша
Гүл
цветы
Көрнекі құралдар
Көктем тақырыбындағы суреттер, құстардың бейнелері.
Сабақ барысы: кезең-кезеңімен
1) Мотивациялық-қозғаушы кезең
Жылы кіріспеӨлең жолдары (хормен)
Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде,
Қуанып бір қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.
Тәрбиешінің сұрақтары
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі неше айдан тұрады?
- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Көктем айында қандай ұлттық мерекені тойлаймыз?
Балалардың әрекеті
- Амандасады.
- Сұрақтарға жауап береді.
- Өлең жолдарын хормен қайталайды.
2) Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең
Негізгі бөлімДиалогтық өлең (тәрбиешімен бірге)
Күн, күн, сен неге күлімдейсің? — Көктем келді.
Жаңбыр, жаңбыр, сен неге сыртылдайсың? — Көктем келді.
Бұлақ, бұлақ, сен неге сылдырайсың? — Көктем келді.
Құстар, құстар, неге сайрайсыңдар? — Көктем келді.
Сұрақтар арқылы бекіту
- Көктемнің алғашқы гүлі қандай гүл? Бәйшешек.
- Көктемнің алғашқы құсы қандай? Ұзақ.
- Жер қандай түске өзгереді?
- Жерде не өседі?
Көркем мәтін
Н. Мұқатовтың көктем туралы өлеңі
Күншуақты кез келді,
Көп көрініс көзге енді.
Жерге сіңіп қалың қар,
Жер көйлегі өзгерді.
Тыныштық сәті
Қысқа тынығу, көңілді бір сәтке тұрақтандыру.
Дидактикалық ойын
«Гүлдер» ойыны арқылы түстер мен гүл атауларын бекіту.
Сергіту сәті
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Дәптермен жұмыс
«Көктемгі еңбек» тақырыбындағы сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Жұмбақ
Күн ұзарып, қар еріп,
Су сайларға толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
- Мәтінді мұқият тыңдайды, түсінеді.
- Сұрақтарға жауап береді.
- Өлеңді хормен айтады.
- Ойынға қатысады, қимыл-қозғалыс жасайды.
3) Рефлексивті-түзетуші кезең
ҚорытындыҚорытынды сұрақтар
- Көктем мезгілі несімен ерекшеленеді?
- Ауа райында қандай өзгерістер байқалады?
- Ағаштар қалай өзгереді?
- Көктем туралы бір өлең айтып бер.
Мадақтау және кері байланыс
Балалардың белсенділігі атап өтіледі, жауаптары толықтырылып, дұрыс тұжырымдар бекітіледі.