Сабақты көрнекілігі
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды осы шақ етістіктерімен таныстыру; осы шақ қимыл-әрекеттің сөйлеу сәтінде болып жатқанын білдіретінін ұғындыру. Осы шақтың сұрақтары мен жалғауларын меңгерту, сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Дамытушылық
Оқушылардың білім, білік-дағдысын, сауаттылығын, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту. Берілген тапсырмаларды өз бетінше түсініп орындау қабілетін қалыптастыру.
Тәрбиелік
Белсенділікке, қызығушылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Қадамдар мен тапсырмалар реті
1) Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмысқа бағыттау.
2) Үй тапсырмасын тексеру
- 24-жаттығуды тексеру.
- Ережені сұрау.
- Интерактивті тақтамен жұмыс.
3) Жаңа сабақ
Жаңа тақырыпты отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктерін қатыстырып сөйлем құраудан бастау. Оқушылар құрастырған сөйлемдер арқылы осы шақтың негізгі мағынасы ашылады: қимыл-әрекет сөйлеу сәтінде, дәл қазір болып жатыр.
Мысал сөйлемдер
- Мен партада отырмын.
- Мен кітап оқып отырмын.
- Дана далада жүр.
- Айжан институтта оқып жүр.
- Сен тақта алдында тұрсың.
- Ол күліп жүр.
Оқулықтағы 25-жаттығуды орындату арқылы осы шақ етістіктері туралы түсінік бекітіледі.
Мысал: Қайрат қайрақ қайрап отыр. Қайрақпен балта қайрап отыр.
Тапсырма: етістіктердің астын сызып, оларға сұрақ қой.
Оқушыларды түсті қағаздар арқылы үш топқа бөлу: жасыл, қызыл, көк.
1-топ — Жасыл
Осы сөйлемдердегі етістіктерді жекеше түрде жікте.
2-топ — Қызыл
Осы сөйлемдердегі етістіктерді көпше түрде жікте.
3-топ — Көк
Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда.
Ережені оқулықтан оқытып, таныстыру.
4) Оқулықпен жұмыс (ой қозғау)
1-топ — Жасыл (жұптық жұмыс)
26-жаттығу: берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап жаз. Етістіктерді тауып, оларға сұрақ қой. Дәлелде.
2-топ — Қызыл (шығармашылық тапсырма)
27-жаттығу: берілген сызбаға сәйкес сөйлем құрастырып жаз.
_________ _________ ________ ойнап жүр.
_________ _________ ________ жинап жатырмын.
_________ _________ ________ жаттап отыр.
3-топ — Көк (шығармашылық диктант)
Берілген мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. Етістіктердің астын сызып, сұрақ қой.
Жерге киіз төселген, ... көрпе жайды. Оқып жүрсің ... ? Осы кезде Қуаныш ... Қалекең келе қалды. Ерттеулі аттың қасына ... тұр. Аттың тұяқтары тасқа тиіп шақ-шақ ... тұр.
Керекті сөздер
Ұжымдық жұмыс
28-жаттығу: сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талдау жаса. Баяндауыштың осы шақта тұрғанын дәлелде.
5) Шығармашылық жұмыс
30-жаттығу: берілген сурет бойынша әңгіме құрап жаз. Етістіктердің астын сызып, оларға сұрақ қой. Жұмысты оқытып, тексеру.
6) Сабақты қорытындылау
Бүгінгі сабақта нені үйрендік, қандай қорытынды шығардық? (сұрақ-жауап)
7) Бағалау
Оқушылардың жұмысын критерий бойынша бағалау, кері байланыс беру.
8) Үй тапсырмасы
- Өткенді қайталау.
- 29-жаттығу.
- Ережені жаттау (осы шақ).
Негізгі түйін
Осы шақ етістіктері қимыл-әрекеттің қазіргі сәтте жүріп жатқанын білдіреді. Сабақ барысында оқушылар етістікті табу, сұрақ қою, жіктеу және сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын топтық тапсырмалар арқылы бекітеді.