Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа оқушының жұмысын бағалауға үйрету

Интеллектуалды ойын

Не? Қайда? Қашан?

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім» (М. Әуезов)

Ойынның мақсаты

  • Оқушылардың ойлау, қиялдау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  • Топта бірлесе жұмыс істеуге және өзгенің жұмысын әділ бағалауға үйрету.
  • Оқушылардың шеберлігі мен тапқырлығын бақылап, ынталандыру.
  • Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді дұрыс атауға тәрбиелеу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Информатика сабағы десе, бірден компьютерді ғана елестетіп, «өлең тыңдау» немесе «ойын ойнау» деп түсінуге болмайды. Информатика — ХХІ ғасырдың есігін ашатын, болашаққа бет алуға көмектесетін пән. Бүгін біз интеллектуалды ойын арқылы информатиканың қаншалықты қызық әрі пайдалы екенін бірге дәлелдейміз.

Жүргізушілердің құттықтауы

I жүргізуші

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділ қазылар және семинар қонақтары! Информатика сабағындағы «Не? Қайда? Қашан?» ойынын тамашалаңыздар!

II жүргізуші

Ойын 10 кезеңнен тұрады. Төменде жоспары берілген.

Ойын жоспары (10 кезең)

  1. 1. Таныстыру
  2. 2. Сергіту сәті (14 сұрақ-жауап)
  3. 3. Дұрыс / дұрыс емес (электронды оқулық)
  4. 4. Ой толғаныс (спикерлер сайысы)
  5. 5. Поэзия сәті (информатикаға қатысты өлең жазу)
  6. 6. Сәйкесін тап
  7. 7. Көрермендермен ойын
  8. 8. Судоку ойыны
  9. 9. Дауыс беру, көрермендердің пікірі
  10. 10. Қорытынды

Командалар

Батылдық балалық шақта шыңдалады. Ал баланы тәрбиелеудің ең тиімді құралдарының бірі — ойын. Ендеше, ойынға қатысатын оқушыларды шақырайық. Бұл сайысқа екі топ қатысады:

I топ

Сұлтандар

II топ

Арулар

II жүргізуші

Қазақ деген халықтың баласымыз, алда талай алынар асуымыз. Арман жолы — қиын жол, бақыт жолы. Бұл жолда адасуға болмайды. Әр топ өздерін таныстырып, ойынның I кезеңін бастасын.

1-кезең: Таныстыру

«Арулар» тобы

Таныстыру

Телефонға жүгіреміз,

Теледидарға үңілеміз —

Бұл заманда адамдардың интернетпен ғұмыры егіз.

Тоқ соққандай қанымызды,

Жүрек әсем әнін үзді:

Файлдар мен смайлдар жаулап алды жанымызды.

Қалам ұстау ұмыт қалды,

Электронды хаттар құрық салды,

Өмір — құйын, тымық таңды түсімізде де көре алмаймыз.

Ұмытыпты досым әнін,

Бүгінгі әннен шошынамыз —

Айқай мен ырғаққа біз де амалсыз қосыламыз.

«Сұлтандар» тобы

Таныстыру

Өмірді іспен өлшейміз,

Жеңістің құнын қадірлейміз.

Мақсатқа берік сұлтандар —

Жеңіс күні келеді демейміз.

Сенімнің күші — бір ғажап,

Заңғар тауды да қопарар.

Ұмтыл тек алға, қалғыма,

Түрлі азап та артта қалар.

Қиындықтардан бүгілмейміз,

Үмітімізді сенім баптасын.

Ақыры бір күн ашамыз

Информатика қақпасын.

Интернетте құстай ұшып самғаймыз,

Көп елдің арасын біз жалғаймыз.

Миллиондаған ақпарат күнде ағады —

Біз, сұлтандар, осы лектен қалмаймыз.

2-кезең: Сергіту сәті

I жүргізуші

Білімнің ұшқырлығын танып сен, асықпай алға ұмтыл. Уақыт зымырап өтіп жатыр — бұл сайыста шапшаңдық қажет.

Ереже

  • Әр топқа 7 сұрақтан қойылады.
  • Әр сұраққа ойлануға 30 секунд беріледі.
  • Егер бір топ жауап бере алмаса, қарсы топ жауап беруге мүмкіндік алады.
  • Ұпай дұрыс жауап берген топқа жазылады.
  • Әділқазылар әр кезеңнің ұпайын 10 балдық жүйемен бағалайды.

Сұрақтар (үзінді)

Төменде берілгендер — мәтіндегі сұрақ-жауаптардан алынған бөлік.

  1. 1) Аз батырмалы құрылғы Жауап: тышқан
  2. 2) Гректер есептеу құралын қалай атаған? Жауап: абак
  3. 3) Компьютерлер жиынтығы Жауап: желі
  4. 4) Калькуляторды ең алғаш кімдер жасаған? Жауап: Чебышев, Однер
  5. 5) Компьютердің адам денсаулығына зиянды құрылғысы Жауап: монитор
  6. 6) Оптикалық енгізу құрылғысы Жауап: сканер
  7. 7) Біздің мектеп директоры Жауап: Дүйсенбаев Б. Ж.
  8. 8) Экран нүктесін көрсеткіш Жауап: курсор
  9. 9) Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс Жауап: Internet
  10. 10) Компьютердің негізгі электронды құрылғысы Жауап: процессор
  11. 11) Матрицалық принтердің бояу таспасы Жауап: лента