Үйге тапсырмаберу Мәтінді оқу, атласты пайдаланып кескін картаға түсіру

7-сынып География Саяхат-сабақ

Антарктиданың табиғаты

Бұл сабақ Антарктида материгінің географиялық орны, ашылу және зерттелу тарихы, табиғи ерекшеліктері мен маңызы туралы жүйелі түсінік қалыптастыруға бағытталған. Оқу үдерісінде оқушылар ізденіп, картамен және мәтінмен жұмыс істеп, топпен таныстырылым жасап, өз ойларын дәлелді түрде жеткізеді.

Білімділік мақсаты

Антарктида туралы негізгі ұғымдарды меңгерту: материктің географиялық орны, ашылуы мен зерттелуі, ерекшеліктері және ғылыми-тәжірибелік маңызы.

Дамытушылық мақсаты

Ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту, танымдық белсенділікті арттыру, шығармашылық тапсырмалар арқылы дерекпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты

Табиғатты аялау, қорғау мәдениетін қалыптастыру, басқа елдер мен халықтарға құрметпен қарауға және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер

1

Антарктиданың жер бедері, климаты, табиғаты және зерттелуі туралы мәлімет алады.

2

Қызықты деректер жинақтап, өз бетінше ізденуге дағдыланады.

3

Атлас пен кескін картаны пайдаланып, ақпаратты картаға түсіру және қорытынды жасау дағдыларын жетілдіреді.

Қажетті ресурстар

Оқу құралдары

  • Оқулық (17-сабақ)
  • Атлас
  • Кескін карта

Көрнекіліктер

  • Антарктида бойынша презентация
  • Бейнематериал
  • Суреттер жинағы

Сабақ барысы

Кіріспе

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын және көңіл күйін анықтау, назарын шоғырландыру.
  • «Мозайка» әдісі арқылы топтарға бөлу.

Тұсаукесер

  • «Миға шабуыл» арқылы үй тапсырмасын тексеру.
  • Суретшінің «Ніл жағалауындағы кеш» туындысы негізінде жаңа тақырыпты ашу.

Негізгі бөлім

  • Антарктида материгі туралы презентация көрсету.
  • Топтық таныстырылым: географиялық орны, зерттелуі, табиғаты, жануарлар әлемі.
  • Картамен және мәтінмен жұмыс: дерек табу, талдау, қорытынды жасау.

Сергіту сәті

«Үнді мұхит жағалауы» тақырыбындағы қысқа сергіту жаттығулары арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.

Қорытынды және бағалау

Бекіту: «Иә / Жоқ» тапсырмасы және тест арқылы білімді тексеру.

Оқушы жетістігі топтық жұмыс, жауап сапасы және карта/атласпен жұмыс нәтижесі бойынша бағаланады.

Үй тапсырмасы

1) Оқу және картаға түсіру

Мәтінді оқу. Атласты пайдаланып, негізгі нысандарды кескін картаға түсіру.

2) Шағын хабарлама

«Антарктиданың сәні — пингвиндер» тақырыбында қысқа хабарлама дайындау (дереккөз көрсету ұсынылады).

Сабақтың өзіндік талдауы

Оқушылар мұғаліммен бірлесе отырып жұмыс жасады: мәтінді түсініп, постер қорғады және сұрақтарға жауап берді.

Бейнематериалға байланысты жаңа сөздермен және географиялық атаулармен (жағалау, елді мекендер, жанартау, қала атаулары) танысып, тапсырмаларды дәптерге орындап жазды.

Атлас пен кескін картамен жұмыс барысында тапсырмаларды дәл әрі ұқыпты орындады. Сабақ мақсатына қол жеткізілді.

Автор туралы мәлімет

Өңір

Батыс Қазақстан облысы

Аудан, ауыл

Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы

Білім беру ұйымы және мұғалім

Е. Ш. Орақбаев атындағы ЖОББМ
География пәнінің мұғалімі — Қуанғалиева Назгүл Екпінқызы