Тамақтандыруды ұйымдастыру Сабақтың тақырыбы

Атырау облысы • КМҚ «Қызылқоға аграрлық-техникалық колледжі»

Оқытушы: Ғабдуллина Ақмарал Қазиқызы

Пән атауы: Тамақтандыру мекемесін ұйымдастыру

Тобы: №44 Сабақ түрі: Дәстүрлі емес Технология: Беспальконың дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың тақырыбы: Ет турағыш машиналар

Бұл сабақта ет турағыш машиналардың қызметі, негізгі түрлері, құрылысы, жұмыс істеу тәртібі және қауіпсіз пайдалану ережелері жүйелі түрде қарастырылады. Материал оқу үдерісін өндірістік тәжірибемен байланыстырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын нығайтуға бағытталған.

Білімділік мақсаты

Ет турағыш машинаның атқаратын қызметін, түрлерін, құрылысын, жұмыс істеу тәртібін және пайдалану ережелерін түсіндіру.

Тәрбиелік мақсаты

Жабдықтарды өз бетімен дұрыс пайдалануға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға, ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты

Ет турағыш машиналарын қолдана отырып өнімдерді өздігінен турауға, алынған білімді өндірісте іс жүзінде көрсетуге дағдыландыру.

Әдістер мен ресурстар

Сабақ мазмұны сұрақ-жауап, баяндау, көрнекі көрсету және сергіту жаттығулары арқылы меңгертіледі. Көрнекілік ретінде мультимедиа және нақты жабдық үлгілері қолданылады.

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Баяндау
  • Көрнекі көрсету
  • Сергіту жаттығулары

Көрнекілігі мен құрал-жабдықтар

  • Компьютер, мультимедиалық проектор, экран
  • Сызбалар, оқулықтар
  • Асханалық жабдықтар: ет турағыш машиналар (қолмен, электрлі)
  • Құралдар: тақтай, пышақ, үлкен тәрелке және т.б.
  • Өнімдер: шикі ет, көкөністер, дәмдеуіштер және т.б.

Пәнаралық байланыс

Тамақтандыру мекемесінің жабдықтары Өндірістік оқу Тамақ дайындау технологиясы Азық-түлік тауартануы Еңбекті қорғау Электротехника

Сабақтың өту барысы

  1. I. Ұйымдастыру

    Бастапқы кезең
    • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
    • Бөлменің сабаққа дайындығын тексеру
    • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
  2. II. Үй тапсырмасын тексеру

    Тақырып: Ет және балық өңдейтін машиналар

    • 1) Ет және балық өңдеу үшін қандай машиналар қолданылады?
    • 2) Ет және балық өңдеуге арналған машиналардың атқаратын қызметі және түрлері қандай?
    • 3) Ет және балық өңдеу машиналарын қолданған кезде қандай қауіпсіздік ережелері сақталады?
  3. III. Негізгі бөлім (жаңа сабақты түсіндіру)

  4. IV. Жаңа сабақты қорытындылау

  5. V. Оқушыларды бағалау

  6. VI. Үйге тапсырма

  7. VII. Пайдаланылған әдебиеттер

Жаңа сабақ: «Ет турағыш машиналар»

Сабақ Беспальконың дамыта оқыту технологиясы бойынша ұйымдастырылады: бейнелеп көріну, сұрақ-жауап, эвристикалық сұрақтар және ой қорыту кезеңдері арқылы оқушының талдауы мен қорытынды жасау қабілеті дамытылады.

I. Бейнелеп көріну

Экрандағы суретпен жұмыс: құрылысын қарап, қызметін түсіндіріп, өз пікірін дәптерге жазу.

II. Сұрақ-жауап

Негізгі ұғымдарды нақтылау және түсінгенін тексеру.

III. Эвристикалық сұрақтар

Себеп-салдарды талдау, қауіпсіздік пен технологиялық шешімдерді негіздеу.

IV. Ой қорыту

Қорытынды тұжырымдар жасап, тәжірибелік қолдану аймағын белгілеу.

МИМ-82 ет турағыш машинасы

Құрылымы мен жинақталуы

A. Жарып көрсетілген негізгі бөліктері

  • Электр қозғалтқышы
  • Өңдеу камерасы
  • Шнек саусағы
  • Қысқыш гайка
  • Шнек
  • Сақтандырғыш сақина
  • Итергіш
  • Шнектің артқы ұшы
  • Тиеу ыдысы
  • Цилиндрлі қисық тісті беріліс

B. Жалпы көрінісі

  • Негіз табаны
  • Корпус
  • Желбезек торкөз

A. Майдалап турауға арналған жинақ

  • Шнек
  • Кескіш торкөз
  • Қос жүзді пышақ
  • Тесіктері орташа торкөз
  • Қос жүзді пышақ
  • Тесіктері ұсақ торкөз
  • Қысқыш сақина
  • Қысу гайкасы

B. Ірілеп турауға арналған жинақ

  • Шнек
  • Кескіш торкөз
  • Қос жүзді пышақ
  • Тесіктері ірі торкөз
  • Қысқыш сақина
  • Қысқыш сақина
  • Қосу гайкасы

Практикалық назар

Торкөздің тесіктері неғұрлым ұсақ болған сайын, тартылған өнімнің құрылымы соғұрлым майда болады. Жинақты дұрыс таңдаумен қатар, шнек, пышақ және торкөздердің жинақталу ретін қатаң сақтау өнім сапасы мен қауіпсіз жұмысқа тікелей әсер етеді.