Қызықты тапсырмалар, тосын сый Терме диктант Өмірмен байланыс Мәтіннен есімшелерді теріп жазу Қазақ газетіне - 100 жыл
Сабақтың тақырыбы
Есімшені қайталау
Білімділік
Етістіктің ерекше түрі саналатын есімшенің түрленуін және сөйлемдегі қызметін түрлі әдіс-тәсілдер арқылы бекіту.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін дамыту арқылы өздігінен ізденуге баулу; есімше тұлғалы сөздердің ерекшеліктерін анықтап, еркін талдау жасай білуге дағдыландыру; топтық тапсырмалар орындау, өз ойын айту және шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Туған тілді қастерлеуге тәрбиелеу; сауатты жазуға, мәдениетті сөйлеуге баулу.
Сабақтың түрі
Бекіту сабағы
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі
Әдіс-тәсілдер
- СТО технологиясы
- Сұрақ-жауап
- Іздендіру
- Талдау
- Топтық жұмыс
- Кітаппен және тақтамен жұмыс
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Презентациялық слайдтар
- Кестелер
- DVD диск
І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім әрекеті
- Оқушылармен амандасу
- Түгендеу
- Сабақ мақсатын айту
Ынталандыру шумағы
Оза шауып, бәйге алар —
Білуге жаны құштар жан.
Тілі арқылы әрдайым,
Білім, білік ұшталар.
Ой қозғау: «Келісу — келіспеу» стратегиясы
Оқушылар қара және қызыл белгілерді көтеру арқылы берілген тұжырымдарға келісетінін немесе келіспейтінін көрсетеді.
1. Етістік іс-қимылды білдіреді.
2. Есімше сөйлемде баяндауыш қызметін атқара алмайды.
3. Қалау рай -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары арқылы жасалады.
4. Етістіктің төрт шағы бар.
5. Есімше түрлене алмайды.
6. Болымсыз етістіктен кейін жалғанған есімшенің -с тұлғасы жіктелгенде, кейде I жақта есімше жұрнағы мен жіктік жалғауы ықшамдалып, -н түрінде қолданылады.
Топтастыру стратегиясы
I топ
Етістіктің түрлері
II топ
Есімшенің жасалуы
III топ
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Ой толғау: қызықты тапсырмалар
I топ
Берілген есімшелерді оңаша және ортақ түрде тәуелдеу:
II топ
Берілген есімшелерді септеу:
III топ
Берілген есімшелерді жекеше және көпше түрде жіктеу:
Жаттығу жұмыстары
I топ — 173-жаттығу
Есімшелерге тұлғалық талдау жасап, олардың сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтау.
II топ — 176-жаттығу
Есімшені жұрнақтарына қарай ажыратып, қалай түрленетінін және сөйлемдегі қызметін айту.
III топ — 168-жаттығу
Тәуелденген есімшелерді қатыстырып, сөйлем құрастыру.
«Кім тапқыр?»
Қызықты тапсырмалар және тосын сый.
Терме диктант
Мәтіннен есімшелерді теріп жазу.
Өмірмен байланыс
Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра талқылау.
Мәтін: «Қазақ» газетіне — 100 жыл
Осыдан бір ғасыр бұрын, яғни 1913 жылдың 2 ақпанында, «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Содан бастап бар-жоғы бес-ақ жыл ішінде бұл басылым қазақ даласының қоғамдық-саяси және мәдени өмірінде үлкен серпіліс тудырды.
Ғалымдардың айтуынша, «Қазақ» газеті өзіне дейін шыққан «Түркістан», «Дала уәлаяты», «Айқап», «Серке» сияқты басылымдардан тарихи маңызы әлдеқайда басым. Өйткені бұл газет ұсақ-түйек, күнделікті мәселелерді ғана емес, ұлттың тұтастығы мен тәуелсіздігі, ұлт сауаты секілді ірі тақырыптарды ту етті.
«Қазақ» газетінің ұлтқа берген пайдасын үш бағытқа бөліп көрсетуге болады.