Қаныш Сәтпаев туралы реферат жазу
VI модуль: Белгілі адамдар
Лексикалық тақырып
Қаныш Сәтпаев атындағы ғаламшар. Жалғаулар арқылы сөз түрлендіру.
Грамматикалық тақырып
Жалғаулар (көптік, септік, тәуелдік, жіктік).
Сабақ реті
2-сабақ. Модульде барлығы 6 сабақ.
Сыныпқа мінездеме
- 10-сыныпта барлығы 5 оқушы бар: 2 оқушы — қазақ, 3 оқушы — орыс.
- 2 оқушы «5»-ке үлгереді, 3 оқушы қанағаттанарлық деңгейде оқиды.
- Танымдық белсенділік жастарына сай, қалыпты деңгейде.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Әлемге еңбегімен танылған белгілі адамдар туралы түсінік қалыптастыру.
- 1958 жылы Лениндік сыйлық алған, есімі аспан денелеріне берілген, қазақтан шыққан тұңғыш академик-геолог Қаныш Сәтпаев туралы білімді толықтыру.
- Синтаксис бойынша білімді нақтылау.
Дамытушылық
- Оқылым, жазылым, тыңдалым арқылы ауызша сөйлеу және сауатты жазу дағдыларын дамыту.
- Қаныш Сәтпаев туралы тереңірек білуге қызығушылық ояту.
Тәрбиелік
- Қазақтан шыққан «тұңғыштар» туралы түсінік қалыптастыру.
- Сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен ресурстар
Негізгі материалдар
- Қаныш Сәтпаев портреті
- Журнал, газет қиындылары
- «Қазақ тілі» (Шың баспасы) оқулық-тест
- Кесте, кластер, ереже блоктары
Қосымша көрнекіліктер
- Абай және әл-Фараби суреттері
- Қаныш Сәтпаев туралы кітап
- Ғаламшар макеті, минералдар топтамасы
- Қызғалдақ гүлі мен бозқараған суреттері және басқа иллюстрациялар
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту және дамыту сабағы.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Сабаққа дайындықты тексеру, оқушыларды түгендеу.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сөздерді қайталау
воспитаны в традициях народа, обидеть, обширная, широкая, асыл аға, ученый, пик, глина, раскопки, стоянка.
Білімді жинақтау
Кесте толтыру: белгілі адамдардың еңбектері мен жаңалықтарын еске түсіру.
- Әбунасыр әл-Фараби
- Абай Құнанбаев
- Қаныш Сәтпаев
Шағын тест
- «Ғалымдарымыздың» сөзін сөз құрамына қарай талда.
- Септік жалғаулы сөзді көрсет: оқушы / балалар / қыздың.
- Әбунасыр әл-Фараби қай жерде дүниеге келді: Фараб / Түркістан / Сығанақ.
- Қ. Сәтпаев кім: геолог / ақын / суретші.
- Абай Құнанбаев туралы роман-эпопеяны кім жазды: С. Сейфуллин / С. Мұқанов / М. Әуезов.
- Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар: 3 / 4 / 5.
- Қай белгілі адамның атында ғаламшар бар: Ш. Уәлиханов / Қ. Сәтпаев / Ы. Алтынсарин.
3) Жаңа сабақ
Сахналық көрініс
«Қазына кімде?» — деп сұрапты Абылай хан Бұқардан. «Бізден сөз кетті ғой, өзің айта берсейші», — дейді Бұқар жырау. «Мен айтсам, қазына байда, басқа кімде болушы еді?» — депті Абылай. Сонда Бұқар жырау: «Үш рет жұт болса, байда қазына қалмайды. Үш рет жау шапса, ханда қазына қалмайды. Қазына — білімдінің басында», — дейді.
Ой түйін: білім — ең тұрақты қазына.
Жалғауларды қайталау (кубизм стратегиясы)
- Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
- Көптік жалғауларды ата.
- Септік жалғауларды ата.
- Жіктік жалғауларды ата.
- Тәуелдік жалғауларды ата.
- «Ғаламшар» сөзін түрлендір.
4) Тақтамен жұмыс
«Ғалым» сөзін септеу, тәуелдеу, жіктеу және көптеу.
| Түрі | Жекеше | Тәуелдік (үлгілер) | Көпше |
|---|---|---|---|
| Септеу |
|
|
Ғалымдар |
| Жіктеу |
Мен / Біз Мен ғалыммын Біз ғалымбыз Сен / Сендер Сен ғалымсың Сендер ғалымсыңдар Сіз / Сіздер Сіз ғалымсыз Сіздер ғалымсыздар Ол / Олар Ол ғалым Олар ғалымдар |
||
5) Мәтінмен жұмыс: Қаныш Сәтпаев
Оқу және талқылау
- Мәтінді мәнерлеп оқу (оқулық: 136, 137, 139-беттер).
- Сұрақтарға жауап беру.
- Кластер құру.
Кластердің негізгі тіректері
6) Қорытынды және рефлексия
Сұрақтар
- Атақты ғалымның атымен нелер аталған?
- Бүгінгі сабақта нені білдік?
- Нені қайталадық?
- Нені жаңадан үйрендік?
- Сабақ ұнады ма? Неліктен?
Жауапқа тірек: Қаныш Сәтпаев есімі берілген нысандар
7) Бағалау
Оқушылардың сабақтағы еңбегі мен белсенділігі бағаланады.
8) Үй тапсырмасы
- 11–12 және 17-тапсырмаларды орындау.
- Тұрақты сөз тіркестерін жазу және жаттау.
- Қаныш Сәтпаев туралы реферат жазу.