Есептеуіш техниканың даму тарихыСабақтың мақсаты: Есептеуіш техниканың даму тарихы жайлы оқушыларға толық мағлұмат беру
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға есептеуіш техниканың даму тарихы туралы толық мәлімет беру.
- Тақырыпты меңгерту арқылы оқушылардың білімін дамыту.
- Оқушыларды шапшаңдыққа, ептілікке және бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әртүрлі есептеуді жүргізудің жолдарын іздеді. Алғашқы тәсілдер өте қарапайым болды: қол саусақтары, тастар, ағаш таяқшалар қолданылды. Тастарды үйіп немесе қатарлап қою арқылы санау жүргізілді.
Заттардың саны жерге сызылған сызықшалармен, ағаш таяқшаларға түсірілген кертіктермен немесе жіпке түйілген түйіншектермен белгіленді. Бұл — есептеуді жеңілдетуге бағытталған алғашқы тәжірибелердің бірі.
Ең көне есептеу құралы — есепшот
Ең ерте заманнан белгілі есептеу құралы — есепшот. Оның нақты қашан пайда болғанын дәл айту қиын. Деректер бойынша, есепшоттың жасы шамамен 2000–5000 жыл аралығында болуы мүмкін. Ал шыққан жері ретінде Ежелгі Қытай, Ежелгі Египет немесе тіпті Ежелгі Греция аталады.
Гректер мен Батыс Еуропада — абак
Қытайда — суанпан
Жапонияда — серобян
Ресейде — есепшот
Паскаль машинасы
16421642 жылы француз математигі Блез Паскаль небәрі он тоғыз жасында әлемде алғаш рет «қосу машинасы» деп танылған механикалық есептеу құрылғысын жасады. Бұл құрылғы жетектер мен дөңгелектер жүйесіне негізделді.
Лейбниц машинасы (арифмометр)
16941694 жылы неміс математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өз механикалық есептеу құрылғысын — арифмометрді құрастырды. Мұнда дөңгелектің орнына цифрлар жазылған цилиндр қолданылды.
Арифмометр кейінірек кең тараған есептеу құралдарының, соның ішінде бүгінгі қалта калькуляторларының қалыптасуына негіз болды.
ОҚО, Мақтарал ауданы, Қайнар мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Информатика пәні мұғалімі: Абдирахманова Фаһизада Абдирахманқызы.