Ерекше артистік жұп
«Екі жұлдыз» ән байқауы: сахна шымылдығы ашылады
Фанфары ойнап, «Екі жұлдыз» әуені шырқалған сәтте жүргізушілер ортаға шығып, кеш қонақтарын жылы лебізбен қарсы алады. Бүгін №10 орта мектебінде қаламыздың 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Әнімнің арқауы — Жезқазған» атты «Екі жұлдыз» ән байқауы өтеді.
Жүргізушілер
- Бегзат Зияшқызы
- Қымбат Файзоллақызы
Кештің өзегі
Ата-ана мен бала жұптасып ән орындайды. Көрермендер сүйікті жұптарына қолдау көрсетіп, қошемет білдіреді.
Кештің ашылу сөзі
1-жүргізуші: Қайырлы кеш, құрметті әнсүйер қауым!
2-жүргізуші: Кеш жарық, ханымдар мен мырзалар!
1-жүргізуші: Бүгін біз оза шапқан жарық жұлдыздарды бірге анықтаймыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызды қолдап, қошеметтеп отырыңыздар!
Екі жүргізуші: Шын жүйрікті бірге анықтайық, ағайын!
Өнер туралы ой
Өнер көгінде жарқырап, аққан жұлдыздай із қалдырған дара тұлғалардың әндері елдің түкпір-түкпірінде аңызға айналып, жастың да, жасамыстың да жүрегінен орын алған. Бүгінгі кеште сондай әсем әндер шырқалады.
Қазақ халқы өнер иесін ерекше қадірлеген: ақын, жыршы, сал-сері деп атап, құрмет көрсеткен. Өнер — дарын мен еңбек, икем мен ізденіс, терең білім мен шеберліктің тоғысқан тұсы.
Қатысушы жұптарды таныстыру
Сайыс шымылдығы қатысушы жұптарды таныстырумен ашылады. (Музыка әуенімен байқауға қатысушы жұптар ортаға шығады.)
№1 жұп
Жезқазған қаласындағы көрме залында 25 жыл еңбек етіп, қаламыздың көркеюіне үлес қосқан Ашкенова Дина Камалқызы және 2 «А» сыныбының оқушысы, сүйкімді немересі Балымбет Нұрайлым Ануарқызы.
№2 жұп
Жезқазған қаласындағы «Сарыарқа» көлік тасымалдау бөлімінде 10 жылдан аса халыққа қызмет көрсетіп жүрген, бөлім басшысы Алтаева Ляззат Амангелдіқызы және 3 «Б» сынып оқушысы, ибалы да инабатты қызы Ермекбаева Меруерт Жеңісқызы.
№3 жұп
Қаламыздағы «Мадина» кафесінде 25 жыл халыққа қызмет етіп, елге көтеріңкі көңіл сыйлап жүрген Есеева Күлсара және 2 «А» сынып оқушысы, ақылды немересі Тойшыбек Жанел Бауыржанқызы.
№4 жұп
Жезді елді мекенінде туып, бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек еткен, бүгінде Балалар үйінде қызмет атқарып, айналасына мейірім шапағатын төгіп жүрген Садырбекова Ақнұр Дүйсенқызы және 3 «Б» сынып оқушысы, ару да сұлу қызы Қуанышева Айару Қуанышқызы.
Қатысушы жұптармен танысып болған соң, сайыскерлерді өз кезегі келгенше қошеметпен сахна сыртында күтіп тұруға шығарып саламыз.
Әділқазылар алқасы және бағалау тәртібі
Қазылар құрамы
- 1. Балалар мен жасөспірімдер сарайының музыка мұғалімі — Бегжігітова Гүлшахар Сейдалиқызы (сахна мәдениеті)
- 2. Бала тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүрген жан — _____________________ (әнді орындау шеберлігі)
- 3. Балаларды білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаз — _____________________ (әннің тақырыпқа сәйкестігі)
Ұпай қою
Бағалау парақтары таратылған. Ең жоғары ұпай — 5, ең төменгі ұпай — 3. Әр жұп орындап болғаннан кейін пікір білдіріп, ұпай қоясыздар. Қорытынды ұпай сайыс соңында жарияланады.
Көрерменге өтініш
Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық. Қолдауларыңызды аямаңыздар: жылы ықылас — сахнадағы сенімнің қанаты.
Жезқазғанға арнау және сахналық бағдарлама
Мерейтойға тілек
Елімізде береке мен тыныштық орнап, сүйікті Жезқазғанымыздың 60 жылдығы мәңгі жасасын!
Кәкімбек Салықов:
Жезқазған, қарай қалшы Жезқазғанға бүгінгі —
Табиғат та тәжім етіп жүгінді.
Көктеңбілсай теңіздей боп тербеліп,
Кеңгір суы кең далаға жүгірді.
Қарсы алады қырық ұлттың ұлдары,
Қарсы алады академик Қаныш та.
Ұлытаудан жұмақ желі аңқиды,
Байқоңырдан ғарыш кеме шалқиды.
Трубалардың бұйра шашын бұлт сүйіп,
Конвертерде алқызыл мыс балқиды.
Орындау реті (сахналық мәтін)
№1 жұптың өнері
«Туған ел» әні туралы ел ішінде мынадай аңыз айтылады: бұл әнді тыңдаған өнер қайраткері Нұрғиса Тілендиев «Мына әннің атауы “Ұлытау” болсын. Ұлытауға арнап бұдан артық ән жаза алмаспын» деп, композитор Жақсыгелдіге шынайы ықыласын танытқан. Сөзін Сайлаухан Нәкенов жазған бұл туынды — Ұлытау тақырыбындағы әндердің биік шоқтығы.
Орындайды: Ашкенова Дина және немересі Балымбет Нұрайлым.
Қазылар алқасы: пікір білдіріп, ұпай көрсетіңіздер.
Қонақ орындаушы
«Орындап ата-ана өсиетін, баламын жасы үлкенге бас иетін…» — «Анашым» әнімен Аидинова Дамель сахнаға шақырылады.
№2 жұптың өнері
2-жүргізуші: Қымбат, сен күріштің атасы саналатын өңір қай жер екенін білесің бе?
1-жүргізуші: Иә, білемін — Қызылорда.
2-жүргізуші: Ендеше келесі ән Қызылорда жайында болмақ. Рамазан Таймановтің «Қызылорда жастары» әнін тыңдайық.
Орындайды: Алтаева Ляззат және қызы Ермекбаева Меруерт.
Қазылар алқасы: пікір білдіріп, ұпай көрсетіңіздер.
Өнер туралы қысқа диалог
1-жүргізуші: Қазақ халқында әншілік, бишілік, сазгерлік, ақындық қасиеті тоғысқан сегіз қырлы, бір сырлы жанды өнерлі дейді. Ендеше өнер қайдан шығады?
2-жүргізуші: Қазақта «Асыл тастан, өнер жастан» деген мақал бар. Қай өнер болса да, жастайынан машықтану керек.
«Бипыл» әнімен Абаева Арайлым сахнаға шақырылады.
№3 жұптың өнері
«Алыс кетсем, мен сені аңсай жүрем… туған жер!» — сағынышқа толы әуен кезегі.
№3 жұпты «Туған жер» әнімен сахнаға шақырамыз.
Қазылар алқасы: пікір білдіріп, ұпай көрсетіңіздер.
№4 жұптың өнері
«Өз елім — өлеңім де, өнерім де…» — елге сәлем жолдайтын әуен. Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған Кеңес Дүйсекеевтің «Сәлем саған, туған ел» әнін тыңдайық.
Орындайды: Есеева Күлсара және немересі Тойшыбек Жанел.
Қазылар алқасы: пікір білдіріп, ұпай көрсетіңіздер.
Мұңға батқан жүректі ән оятады, тәтті үннің әсері жанды тербетеді. Жанға қуат беріп, жүрекке шаттық сыйлаған өнер — көңілді жадыратады. Осылайша 4 жұп өз таңдаған әндерін орындап шықты. Қазылар шешім шығарғанша, сахнаға тағы бір әнші жұп шақырылады.
1-жүргізуші: Уа, туған жер, дариға алтын бесігім… Бір шумақ саған арнап ән жазбасам, сағыныштан кеудеме өксік келеді.
Ән: «Туған жер»
Номинациялар
- Көрермендер көзайымы
- Әнші бұлбұл
- Ерекше артистік жұп
- Үздік жарасымды жұп
Қорытынды
2-жүргізуші: Достық жасасын мәңгілік! Достықты жүрейік тек ән қылып. Татулық пен бірлік Отанымызды ажарландырып, бейбітшіліктің сәнін кіргізсін.
Сәттілік тілейміз!
Құрметті қатысушылар, «Екі жұлдыз» гимнін бәріміз бірге шырқайық!