Суреттерді бояңдар
Сабақ туралы мәлімет
- Ұйым
- МҚКК «Қуаныш» бөбектер бақшасы
- Топ
- Ересек топ
- Тәрбиеші
- Сарсенбекова Гүлназ Шарамазанқызы
- Сабақтың тақырыбы
- «Отбасындағы сүйіспеншілік»
Дәйексөз
«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім — жақындарыңа, туған-туысқандарыңа деген сүйіспеншіліктен басталады».
Мақсаттары
- Білімділік: «отбасындағы сүйіспеншілік» ұғымын түсіндіру; әке, шеше, ата-әже, тегі туралы түсініктерін кеңейту.
- Дамытушылық: ойлау дағдысын қалыптастыру, қызығушылығын арттыру, шығармашылық әрекетін дамыту.
- Тәрбиелік: сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Міндеттері
- Отбасындағы сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту.
- Сыйластық пен сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
- Сыйластыққа, сүйіспеншілікке баулу.
Сабақ барысы
1) Амандасу
«Сәлеметсіңдер ме! Қайырлы күн, менің сүйікті оқушыларым! Бүгін біз үшін ерекше әрі әсерлі өзін-өзі тану сабағы. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Барлығымыз шеңберге тұрып, бір-бірімізге жақсы сөздер айтып амандасайық».
Шаттық шеңбері
Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық. Жүрек жылуын салайық, Осы жақсы лебіздерді Апайларға сыйлайық.
Жылы сөзбен амандасу үлгілері
- Сәлеметсің бе, Нұрай, сен сүйкімдісің.
- Сәлеметсің бе, Әнел, сен қайырымдысың.
- Сәлеметсің бе, Мүнира, сен ақылдысың.
- Сәлеметсің бе, Маржан, сен мейірімдісің.
- Сәлеметсің бе, Кәусар, сен тәртіптісің.
- Сәлеметсіз бе, апай, сіз кереметсіз!
2) Әңгімелеу: «Сыйлықты тап» тапсырмасы
Балаларға әр түсті дөңгелек пішінді қағаздар таратылады. Дөңгелектің түсіне сәйкес конверттерді тауып, ішіндегі суреттер бойынша әңгіме құрастырады. Конверттің ішінен отбасы туралы суреттер шығады. Жауаптар тыңдалып, қорытындыланады.
Қорытынды ой: Адам үшін өмірдегі ең қымбат — отбасы. Отбасыға ата-әже, әке, ана, аға-апа, іні-қарындас және өзіміз кіреміз.
3) «Өзіммен-өзім» (тыныштық сәті)
Балалар жайланып отырып, көздерін жұмып, өздеріне ең жақын әрі сүйікті отбасы мүшелерін, үйлерін көз алдарына елестетеді. Кейін өз отбасылары туралы жүрекке жылы, ең қымбат сөздерді айтып, ойларымен бөліседі.
4) Тақпақ айту
Балалар ана, әке туралы жатқа білетін тақпақтарын айтады.
Мен гүлдерді жұлмаймын, Торғайларды қумаймын. Айтқан сөзді тыңдаймын, Анашымды сыйлаймын.
5) Дәптермен жұмыс
«Мына суреттегі бейнелердің қайсысын өз отбасы мүшелеріне теңер едіңдер? Әңгімелеп беріңдер. Суреттерді бояңдар».
6) Ойын: «Неге теңеймін?»
Балаларға күннің, айдың, бұлттың, алманың, гүлдің суреттері таратылады. Мұғалім: «Анаңды кімге теңейсің?» деп сұрағанда, әр оқушы қолындағы суреттердің бірін көтеріп жауап береді. Дәл осылай атасы, әкесі, ағасы және басқа отбасы мүшелері туралы да сұрақтар қойылады.
7) Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір. Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып аламыз.
8) «Ғажайып сөздер»
Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады:
9) «Жүректен — жүрекке»
Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады да, мейірімділік туралы жылы сөздерді бірге айтады.
Аяулы анам — мейірімді! Қадірлі әкем — мейірімді! Әлпештеген әжем — мейірімді! Еркелеткен атам — мейірімді!
10) Қорытындылау
Негізгі түйін: Отбасы — ең жақын адамдардың берекелі ұясы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.
Ортаға келіп тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау-саламат болайық!