Көбейтудің үлестірімділік қасиетін ата
Сабақ туралы мәлімет
Өңірі
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Тұрғызба ауылы
Мектеп
№4 мектеп
Пәні
Математика
Сыныбы
Бастауыш сынып
Мұғалім
Байсеуова Жанаргүл Таңжарқызы
Сабақтың тақырыбы
Теңдеуді шешудің әр түрлі тәсілдері
Білімділік мақсаты
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде білім, білік және дағдыларды меңгерту; теңдеудің ерекшеліктерін түсіндіру және білімді тереңдету.
Дамытушылық мақсаты
Салыстыру, қорытынды шығару, негізгі ойды ажырату және өз пікірін қысқаша жеткізу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Сыныптастарын сыйлауға және айналасындағыларды мұқият тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
- Сын тұрғысынан оқу және жазу
- Көрнекілік
- Топтау
- Бірлесе іздеу, талқылау
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, тұсаукесер (презентация).
Сабақ барысы
I. Қызығушылықты ояту
Санды өрнек пен теңдеуді салыстырыңыз:
20 + 50 = 70
Санды өрнектің нәтижесі белгілі.
x + 50 = 70
Теңдеуде белгісіз сан бар.
II. Мағынаны тану
Бірлесе іздеп, талқылау.
1) «Ойлан, тап!» — қорытынды шығар
5 × 4 = 20 және 4 × 5 = 20
Қорытынды: көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.
(3 × 2) × 4 = 6 × 4 = 24
3 × (2 × 4) = 3 × 8 = 24
Қорытынды: көбейтудің терімділік (біріктіру) қасиеті.
(2 + 4) × 2 = 6 × 2 = 12
2 × 2 + 4 × 2 = 4 + 8 = 12
Қорытынды: көбейтудің үлестірімділік қасиеті.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Орындалған тапсырмалар талданып, қателер түзетіледі.
3) «Білгенге маржан» — қысқаша қайталау
- Фигураның ауданын қалай табамыз?
- Фигураның периметрін қалай табамыз?
- Фигураның көлемін қалай табамыз?
- Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті қандай?
- Көбейтудің терімділік қасиетін ата.
- Көбейтудің үлестірімділік қасиетін ата.
4) Көркем жазу
6 саны.
5) Математикалық диктант
- 9 бен 6 сандарының көбейтіндісі 54
- 4-ті 6 есе арттыру 24
- Тәуліктің үштен бір бөлігі неше сағат? 8 сағ
- Саяхат 5 тамызда басталып, 25 тамызда аяқталды. Саяхат неше күнге созылды? 20 күн
- 513 м-де неше см бар? 51 300 см
6) Топтық жұмыс — теңдеулер
1-топ
x × 4 = 80
2-топ
10 × x = 90
3-топ
x × 5 = 100
7) Тақтамен жұмыс — мәтінді есептер
№2
Бір орам мата 32 қыздар көйлегіне жұмсалды. Әр қыздар көйлегіне 2 м мата кетеді. Осы матадан 16 әйелдер көйлегін тігу үшін бір көйлекке қанша мата қажет?
32 × 2 = 64 м
64 ÷ 16 = 4 м
Жауабы: 1 әйелдер көйлегіне 4 м мата.
№3
Әр камзолға 2 м барқыт кетеді. 32 м барқыттан неше камзол тігіледі? Әр камзолға 16 әшекей қажет болса, барлығы неше әшекей керек?
32 ÷ 2 = 16 камзол
16 × 16 = 256 әшекей
Жауабы: 256 әшекей.
8) Топтық жұмыс — өрнектердің мәнін табу
1-топ
(400 − 250) ÷ 5 + 64 ÷ 2 = 62
2-топ
(28 + 16) ÷ 4 + 55 ÷ 5 = 22
3-топ
54 ÷ 9 × 3 + 42 = 60
9) Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары.
10) Өлшем бірліктерін түрлендіру
- 36 см + 22 см = … см = … дм … см
- 1 дм + 14 см = … см = … дм … см
- 3 ц − 100 кг = … кг = … ц
- 4 ц 50 кг + 110 кг = … кг = … ц … кг
- 1 сағ 20 мин + 30 мин = … мин
- 3 сағ 28 мин − 60 мин = … сағ … мин
11) Нұсқалық жұмыс
1-нұсқа
a − 140 = 150
a ÷ 10 = 93
2-нұсқа
a − 280 = 320
a ÷ 7 = 80
12) Геометриялық тапсырма
№6
P = 11 см
11 − (3 + 5) = 3 см
P = 10 см
10 ÷ 2 = 5
5 − 1 = 4 см
P = (1 + 4) × 2 = 10 см
13) «Бәйге» ойыны — ауызша есептеу
14) Қорытындылау — логикалық есептер
1) Таксиге мініп, ауылға келе жатқан жолаушы жол бойы 8 жүк көлігін, 7 жеңіл көлікті және 3 автобусты көрді. Ауылға неше көлік бара жатыр?
Жауабы: 1 көлік (такси).
2) Егіндібұлақ ауылындағы Астана көшесіндегі үйлер 1-ден 60-қа дейін нөмірленген. Осы сандардың ішінде 5 саны неше рет кездеседі?
Жауабы: 16 рет.
3) Дүкенде 35 кг картоп 3500 теңге, ал базарда 30 кг картоп 3200 теңге тұрады. Қай жерден алған тиімді?
Жауабы: дүкеннен.
4) Ауыл шетінде 4 қозы жайылып жүр. Ақ қозылар қара қозылардан үш есе көп. Қанша қара және қанша ақ қозы бар?
Жауабы: 1 қара, 3 ақ қозы.
5) Айнұр, Әсем, Айманға анасы көйлек тігу үшін мата сатып алды. Айнұрға алынған мата жасыл да, қызыл да емес. Әсемге жасыл да, сары да емес. Айманға сары да, қызыл да емес. Әрқайсысына қандай түсті мата алынған?
Жауабы: Айнұр — сары; Әсем — қызыл; Айман — жасыл.
6) Ерасыл үйден 7:30-да шығып, мектепке 8:00-де жетті. Үйден мектепке дейінгі қашықтық 2 км 100 м. Ерасылдың қозғалыс жылдамдығын тап.
Жауабы: 70 м/мин.
7) Балалар еңбек сабағында құстарға 6 үлкен және 4 кіші жемсауыт жасады. Барлығын 5 ағашқа тең бөліп ілді. Әр ағашқа неше жемсауыттан ілінді?
Жауабы: 2 жемсауыт.
15) Үй тапсырмасы
№7 тапсырма (80-бет).
16) Бағалау
Оқушылардың жұмысы критерий бойынша бағаланады, кері байланыс беріледі.