Деректерді уақытша сақтауға арналғанмикросхема
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой мектеп-балабақшасы
Информатика пәні мұғалімі: Құмарова Айнұр Сұлтанәліқызы
Сабақ тақырыбы
Компьютер жадының түрлері. Ақпарат тасымалдауыштар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға компьютер жады туралы негізгі мәлімет беріп, білімдерін толықтыру және практикалық жұмыс жасауға үйрету.
Дамытушылық
Оқушыларды тапқырлыққа баулу, зейінін, ой-өрісін және белсенділігін дамыту, білімге құштарлығын арттыру.
Тәрбиелік
Өз білімдеріне деген сенімділікті нығайту және жан-жақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақ сипаттамасы
- Сабақтың түрі
- Жаңа материалды игерту
- Сабақтың типі
- Жарыс сабақ
- Құрал-жабдықтар
- Оқулық, интерактивті тақта
- Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, тірек сызба, семантикалық карта, техникалық диктант, тест, ой қозғау, миға шабуыл.
Сабақтың жүру барысы
-
I
Ұйымдастыру кезеңі
-
II
Үй тапсырмасын тексеру
-
III
Үй тапсырмасын бекіту
-
IV
Жаңа материалды игерту
-
V
Топтық жұмыс
-
VI
Жаңа материалды бекіту
-
VII
Қорытынды
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныпты түгендеу
- Сабаққа назар аударту
- Екі топқа бөлу
II. Үй тапсырмасын тексеру
Берілген тақырып бойынша оқушылардан түсінік сұрау және қысқаша талқылау.
III. Үй тапсырмасын бекіту
- «Сен маған, мен — саған» ойыны
- Семантикалық карта
Жаңа материал: компьютер жады және ақпарат тасымалдауыштар
Алдыңғы сабақта дербес компьютердің жабдықтарымен таныстық. Бүгінгі сабақта компьютердің ішкі құрылымы мен ішкі және сыртқы жады туралы білімімізді кеңейтеміз.
Компьютер жадының негізгі түрлері
Компьютер жады екіге бөлінеді: ішкі жад және сыртқы жад. Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғылар ішкі жадқа жатады.
Жедел есте сақтау құрылғысы (ЖЕСҚ, RAM)
Компьютер қосулы кезде деректерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны. Тоқ көзінен ажыратқанда жедел жадтағы мәліметтер жойылады. Сондықтан ол көбіне «уақытша қойма» ретінде қарастырылады.
Кэш-жады — орталық процессордың жұмыс өнімділігін арттыру үшін қолданылатын қосымша жад.
Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ, ROM)
Ақпаратты тұрақты сақтайтын құрылғы. Тұрақты жад жедел жадқа қарағанда баяу жұмыс істеуі мүмкін, бірақ мәліметтері ұзақ сақталады және кедергілерге төзімді.
Сыртқы жад және ақпарат тасымалдауыштар
Сыртқы жадқа иілгіш магниттік дискілер (дискет), қатты диск, оптикалық дискілер және флеш-жинақтауыштар жатады. Оларды компьютерге USB-порт, CD-ROM немесе дискжетек арқылы қосуға болады. Бұл құрылғылар ақпарат тасымалдауыштар деп аталады.
Топтық жұмыс: техникалық диктант
I-топ
- Компьютердің сыртқы жадына __________________ жатады.
- Көлемі 1,44 МБ болатын иілгіш магниттік диск __________________ деп аталады.
- Компьютердің «миы» __________________ деп аталады.
- Ақпаратты басып шығару құрылғысы __________________ деп аталады.
II-топ
- Деректерді ұзақ уақыт сақтауға арналған микросхема __________________ деп аталады.
- Деректерді уақытша сақтауға арналған микросхема __________________ деп аталады.
- Мәтіндік және графикалық ақпаратты экранға шығаратын құрылғы __________________ деп аталады.
- Алмастырылмайтын дискілі магниттік жинақтауыш __________________ деп аталады.
Ой қозғау: жұмбақтар
Серігі бар қасында, кілемі бар астында.
Құлағы бар қалқиған, құйрығы бар процессорға жалғанған.
Компьютермен енеді, қағазға басып береді.
Мәліметті сұраған — экранға шығарған.
Тетігін бассаң алаңсыз, жазады қағазға қаламсыз.
Өзі ғажап сайрайды, айтқаныңды тыңдайды. Процессорға жалғасаң, ән айтады тайсалмай.
Миға шабуыл: тест сұрақтары
-
1. Компьютер жады нешеге бөлінеді?
а) 2 ә) 3 б) 4
-
2. Ішкі жад неден тұрады?
а) жедел жад ә) сыртқы жад б) флеш жады
-
3. Сыртқы жад неден тұрады?
а) тұрақты жад ә) магниттік дискілер б) кэш жады
-
4. Флеш-жадты кім ашты?
а) Фудзи Масуока ә) Паскаль б) ешкім
-
5. Иілгіш магниттік дискіні қалай атайды?
а) дискет ә) оптикалық диск б) флеш-жады
Сәйкестендіру тапсырмасы
I-топ
- Негізгі құрылғы — жедел жад
- Компьютер жады — иілгіш магниттік диск
- Ішкі жад — ішкі және сыртқы жад
- Сыртқы жад — жүйелік блок
II-топ
- Негізгі құрылғы — тұрақты жад
- Компьютер жады — монитор
- Ішкі жад — флеш-жады
- Сыртқы жад — ішкі және сыртқы
Ескерту: сәйкестендіру бөлімі бастапқы мәтіндегі нұсқада берілген күйінде сақталды (талқылау барысында түзетуге болады).
Бекіту: «Түртіп алу» стратегиясы
Мен бұл сабақтан үйрендім
______________________________
Мен үшін жаңалық
______________________________
Алдағы уақытта нені білуім керек?
______________________________
Қорытынды
Есептеуіш техниканың даму тарихы оның құралдарының үздіксіз өзгеріп, жетіліп отыратынын көрсетеді. Ақпаратты өңдеу мен жіберу жылдамдығы артып, тасымалдаушы құрылғылардың сыйымдылығы ұлғаюда. Ақпаратты жинақтау, өңдеу және таратуға арналған элементтер мен компоненттердің сенімділігі де жылдан-жылға күшейіп келеді.
Компьютерлердің көлемі шағындалып, адамның қажеттіліктеріне сай жетілуде — бұл үрдіс ақпараттық технологиялардың болашағын айқындайды.
Бағалау
Жиналған смайлик санына қарай бағалау.
Үй тапсырмасы
- «Компьютер жадының түрлері. Ақпарат тасымалдауыштар» тақырыбын қайталау.
- «Компьютер жады» тақырыбында реферат дайындап, қорғау.
Анықтама
Қараой мектеп-балабақшасы (Жаратылыстану бірлестігінің онкүндігінде өткізілген ашық сабақтың дәйектемесі)
Өткізген: А. С. Құмарова
2012–2013 оқу жылы