Ағаштар бүршік

Сабақтың тақырыбы

Көктем. Етістіктің шақтары.

Мақсаты

  • а) Етістік шақтары туралы білімді тереңдету; лексикалық тақырыппен байланыстыра отырып сөйлеу мен жазу дағдыларын дамыту; сөздік қорды молайту.
  • б) Жұмыс барысында танымдық қабілеттерін байқату; ойлау, талдау және қорытынды жасау дағдыларын жетілдіру.
  • ә) Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу; табиғат байлықтарына ұқыпты қарау; экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Етістіктің шақтары кестесі
  • Көктем суреті
  • «Көктемде» сөзжұмбағы
  • Жаңылтпаш слайды
  • Тапсырмалар слайды

Әдіс-тәсілдер мен технология

  • Кестемен, сөзжұмбақпен жұмыс
  • Жұптық және жеке жұмыс
  • Интерактивті тақтада жаттығу орындау
  • Флипчарт қолдану
  • Технология: модульдік оқыту, ақпараттық технология
  • Сабақ түрі: модульдің сөйлесім бөлімі

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгендеу, сабаққа дайындығын және ынтасын бақылау. Кезекшіні анықтау.

Тілдік орта қалыптастыруға арналған сұрақтар (интерактивті тақтада)

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Көктемде қандай өзгерістер болады?
  • Көктем айларын ата.
  • Көктемде қандай мерекелер бар?
  • Бүгін наурыздың нешесі?
  • Аптаның қай күні?

2) Жаңа сабаққа кіріспе

Мұғалім суретті көрсетіп, өлеңді оқытады және ой қозғайды (интерактивті тақтада).

Сұрақ

Бұл сурет жылдың қай мезгілін көрсетіп тұр?

Жауап

Бұл — көктем мезгілі.

Қорытынды

Сабақта көктем туралы әңгімелейміз, сөйлем құрап талдаймыз, сөзжұмбақ шешеміз, етістікті және етістіктің шақтарын қайталаймыз.

Негізгі бөлім

1) «Көктем» мәтінімен жұмыс

Жұмыс түрлері интерактивті тақтада және флипчарт арқылы ұйымдастырылады.

Кезеңдер

  1. Жаңа сөздермен жұмыс.
  2. Мәтінді оқу: алдымен мұғалім, кейін оқушылар.
  3. Аудару: әр оқушы бір сөйлемнен оқып, аударады.
  4. Сұрақ-жауап: оқушылар тақтаға шығып, жұппен сөйлеседі.
  5. Дәптермен жұмыс.

Нәтиже

  • Оқу дағдысы мен түсіну деңгейі артады.
  • Сөздік қор белсенді қолданысқа енеді.
  • Диалог құру арқылы сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

2) Грамматикалық жұмыс: етістік шақтары

«Көктем» мәтіні негізінде етістіктерді табу, жазу және жіктеу жұмыстары жүргізіледі (интерактивті тақта, флипчарт).

А) Етістіктерді теріп жазу

Мәтіннен қимыл-әрекетті білдіретін сөздерді анықтап, дәптерге жазады.

Ә) Етістіктерді жіктеу (өз бетінше)

Өткен шақ
келді
Келер шақ
келеді
Нақ осы шақ
келіп отыр

Б) Сатылай кешенді талдау

«Көктем» тақырыбы бойынша негізгі ұғымдарды анықтап, құрылымдық талдау жасайды.

Қорыту тапсырмасы: кластер

«Көктем» дегенде қандай сөздер елестейді? Оқушылар ойларын топтастырып, кластер құрастырады.

3) Суретпен жұмыс: сөйлем құрау және қорытынды

Интерактивті тақтадағы сурет бойынша оқушылар әртүрлі сөйлем құрайды.

Мұғалім үлгісі

Суретте балалар шұңқыр қазып, ағаш отырғызып жатыр.

Сұрақ: Оқушылар бір сөзбен айтқанда не істеп жатыр?

Жауап: Оқушылар еңбек етіп жатыр, жұмыс істеп жүр.

Талдау: «Еңбек» және «жұмыс» — синоним сөздер.

Оқушы қорытындысы (логикалық тізбек)

  • Ағаш егу — еңбек ету.
  • Ағаш егу — ауаны тазарту.
  • Ауаны тазарту — мықты денсаулық.
  • Мықты денсаулық — дұрыс әрі саналы әрекет.

4) Жаттығулар

Жаттығулар интерактивті тақтада және флипчарт арқылы орындалады.

А) Мәтінді етістіктермен толықтыр

Сөйлемдерді толықтырып оқып, көшіріп жазыңдар.

  1. Қыстан кейін көптен күткен көктем ________.
  2. Наурыздан бастап күн жылына__________.
  3. Қар ________.
  4. Ағаштар бүршік ________.
  5. Жер беті гүл-бәйшешекке ________.

Ә) Қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтыр

  1. Наурызда күн мен түн ________ теңеледі.
  2. Ағаш бұтақтарында ________ пайда болады.
  3. Өзеңдерде ________ жүре бастайды.
  4. Наурыз айында күн көбінесе ________ болады.
  5. Көктемде жер күндіз ________, кешке ________.

Қажетті сөздер

жібиді, сең, бұлтты, түн, бүршіктер, қатады

5) «Көктемде» сөзжұмбағымен жұмыс

Әр жұпқа сөзжұмбақ үлгісі таратылады (ноутбуктар арқылы). Оқушылар бірлесе орындап болған соң, бірінші аяқтаған жұп жауаптарын айтып, сыныппен бірге талдап тексереді.

Қорытынды, бағалау және кері байланыс

Қорытынды

Сабақ соңында оқушылар көктем тақырыбы бойынша сөздік қорын толықтырып, мәтінмен жұмыс жасайды және етістіктің шақтарын ажыратуды бекітеді.

Кері байланыс сұрақтары

  • Бүгінгі сабақтан нені үйрендіңдер?
  • Саған не ұнады?
  • Қандай тапсырма қиын болды? Неліктен?

Үй тапсырмасы

  • Оқулық: 133-бет, 3-тапсырма.
  • Қосымша: көктем туралы бір шумақ өлең шығару.

Ескерту

Жұмысты орындауда етістіктердің шақтарына назар аударыңдар: өткен шақ, келер шақ және нақ осы шақ формаларын дұрыс қолданыңдар.