Соғыс СКТІІ топ
Сабақтың мақсаты
Бұл сабақтың негізгі мақсаты — Махамбет шығармаларының тарихи негіздері туралы оқушылардың білімін тереңдету және поэзиясындағы азаматтық рухты таныту.
1) Білімділік
- Махамбет өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін ұғындыру.
- Өлеңдердің тақырыбы, жанры және тарихи-әлеуметтік маңызы туралы жүйелі түсінік беру.
2) Дамытушылық
- Патриоттық тақырыптағы өлеңдерді нақышына келтіріп, мәнерлеп оқуға машықтандыру.
- Өлеңдегі негізгі ойды, авторлық ұстанымды анықтай білуге үйрету.
- Өз пікірін дәлелдерге сүйеніп қорғай білу, тарихи деректер негізінде тұжырым жасау дағдыларын дамыту.
- Сөйлеу мәдениетін, ойды жүйелі жеткізу қабілетін арттыру.
3) Тәрбиелік
- Ерлікке, елдікке, батырлыққа баулу; туған жерді сүюге ынталандыру.
- Бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы ұлттық сананы қалыптастыру.
- Поэзияны сүюге баулу және оқушының тұлғалық ерекшелігін дамыту.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың типі мен түрі
- Типі:
- бекіту сабағы.
- Түрі:
- шығармашылық сабақ.
- Әдісі:
- мәнерлеп оқу, талдау.
Пәнаралық байланыс
- Тарих
- Саз
- География
- Қазақ тілі
Сабақтың көрнекілігі
Махамбеттің суреті, интерактивті тақта, тірек кесте, буклет, көркем әдебиеттер, газет-журнал материалдары, семантикалық карта және қосымша ресурстар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, сыныпты түгендеу.
- Оқу құралдарын даярлау.
- Оқушы зейінін сабаққа шоғырландыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
I топ: мәнжазба
Тақырыбы: «Махамбет өлеңдеріндегі Исатай бейнесі»
II топ: мәнжазба қорғау
Тақырыбы: «Махамбет поэзиясындағы романтизм»
Қызығушылықты ояту
- I топ: топтастыру.
- II топ: «БҮҮ» кестесін толтыру.
III. Жаңа сабақ
Қазақ халқы найзаның ұшымен, білектің күшімен кіндік қаны тамған туған жерін қорғаған ерлерге бай. «Қара қазан, сары бала» қамы үшін ереуіл атқа ер салған батырлар аз болмаған. Тарихта ел үшін еңіреп туған екі дара тұлға — Исатай мен Махамбет.
Исатай
Қол бастаған көсем, қайсар рухтың тірегі.
Махамбет
Халықтың семсері, сөздің алмасындай өткір ақын.
Ендеше, қазақ тарихындағы қайталанбас тұлға Махамбет батырдың азаматтық әрі ақындық болмысына қайта бір үңіліп, білгенімізді тиянақтап, өлеңдерінің мәнін ашуға қадам жасайық.
Жаңа сабақты ашу және тарихи негіз
- 1 «Жылдар сөйлейді» (слайд): 1836–1841 жылдар аралығындағы Махамбет өміріне қатысты деректерді айту.
- 2 Исатай–Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі (слайд): себептері мен тарихи маңызы.
- 3 Карта бойынша сөйлету (слайд): Кіші жүз аймағы, Еділ мен Жайық аралығы, 1801 жылғы Бөкей ордасының құрылуы, көтерілісшілер жүрген бағыт.
Жаманқұм, Бекетай, Тастөбе, Ақбұлақ — көтеріліс тарихындағы ірі оқиғалар өткен орындар. 1838 жылғы 12 шілдеде Исатай қаза тапқаннан кейін, Махамбеттің сергелдең кезеңінде жорық үстінде көптеген өлеңдері туған.
Көркем мәтінмен жұмыс және талдау
- 4 Соғыстан көрініс (слайд): тарихи оқиға мен көркем бейненің байланысы.
- 5 Өлеңдерінің негізгі тақырыптары (слайд): ерлік, елдік, азаттық, күрес рухы.
- 6 Махамбет оқулары сайысына қатысып жүрген Жексенбаев Нұрсұлтанға сөз беру: «Соғыс» өлеңін тыңдау.
- 7 Топтық тапсырма: I топ — «Соғыс» өлеңіне сатылай кешенді талдау (СКТ); II топ — «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңінің құрылысына талдау.
- 8 М. Сағалиевтің орындауында «Баймағанбет сұлтанға айтқаны» термесін тыңдау.
Талдауды тереңдету
- Екі топқа бір-бір өлеңнен үзінді беру.
- Үзінді бойынша пікір айту және мазмұнға сай ой-тұжырым жасау.
- Мазмұнға сәйкес мақал-мәтел тауып, мәнін түсіндіру.
Бекіту және шығармашылық жұмыс
Бейнематериал
Махамбеттің өмірбаянына байланысты бейнені қарау және талқылау.
Шығармашылық тапсырма
«Ер қандай болу керек?» тақырыбында эссе жазу.
Зерттеу элементтері
- Сөзжұмбақ: зерттеушілер мен ғалымдар туралы деректерге тоқталу.
- Семантикалық карта: мақал-мәтелдердің мәнін ашу.
Үй тапсырмасы
БҮҮ кестесі
«Білемін — Үйрендім — Үйренгім келеді» кестесін толтыру.
Махамбетке арнау
Махамбетке арнап өлең шығару.
Тілдік талдау
«Тарланым» өлеңінен омоним, синоним, антонимдерді табу және сатылай кешенді талдау (СКТ) жасау.