Вирустар - тіршіліктің жасушасыз түрі
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №35 орта мектебі
Биология пәні мұғалімі: Тилегенова Қамар Жайлаубайқызы
Сабақ тақырыбы
Вирустар — тіршіліктің жасушасыз түрі
Сабақ мақсаты
- Тірі организмдердің жасушасыз түрі — вирустар және олардың негізгі түрлерімен таныстыру.
- Вирус құрылысының ерекшеліктерін, тигізетін зиянын түсіндіріп, ой-өрісті дамыту.
- Салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақ түрі
Эвристикалық
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, баяндау
Көрнекіліктер
Кесте, қима қағаздар, тест парақтары, тірек сызба
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сыныптағы тәртіп пен жұмыс ырғағын қалыптастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау
- Микробиология ғылымының даму кезеңдері
- Прокариоттар
III. Білімді жан-жақты тексеру
1) Сұрақ-талдау
Ғалымдар бір ғана бактерия үздіксіз көбейсе, ұрпақтары жер шарының бетіне сыймайтындай мөлшерге жетуі мүмкін екенін анықтаған. Неліктен табиғатта бұл құбылыс байқалмайды?
Себебі бактериялар қолайсыз орта жағдайларына түсіп, жойылады: күн сәулесі, жоғары температура, қышқыл не сілтілі орта және басқа да факторлар әсер етеді.
2) Терминдермен жұмыс
Қима қағаздардағы терминдерді түсіндіріп, мысал келтіріңдер:
3) ДНҚ бойынша тапсырма
Шіріткіш бактерия бөлінер алдында жасушасындағы сақина тәрізді ДНҚ молекуласы екі еселенеді. Комплементарлық принцип бойынша жаңа тізбектерді құрастырыңдар.
1-тізбек
А Ц Г Т А Ц Г А А
2-тізбек
Т Г Ц А Т Ц Т Т Г
IV. Жаңа сабаққа даярлық
Тіршілік формалары екі үлкен топқа бөлінеді:
Жасушалы
Прокариоттар, эукариоттар
Жасушасыз
Вирустар
V. Жаңа сабақ: вирустар
Вирустардың геномы
- ДНҚ-геномды вирустар
- РНҚ-геномды вирустар
Негізгі ұғым
Вирустар — жасушасыз тіршілік иелері. Олар тек тірі ағзаға түскенде ғана белсенді тіршілік әрекетін көрсетеді.
Құрылысының ерекшеліктері
- Жасушалық құрылысы болмайды (жасушасыз).
- Сыртында қорғаныш қабықша (капсид) болады, ол қолайсыз жағдайдан қорғайды.
- Қабық ішінде ДНҚ немесе РНҚ орналасады.
- Кейбір вирустарда жасушаға жабысуға көмектесетін өсінділері (шыбықтары) болады.
Тіршілігінің ерекшеліктері
- Тірі организмнен тыс жерде қоректенбейді және көбеймейді.
- Тек тірі ағзаға енгенде ғана тіршілік әрекеті басталады.
- Өздігінен толыққанды тіршілік ете алмайды.
- Жасанды қоректік ортада көбеймейді.
- Нәруыз түзу үшін иесінің рибосомаларын пайдаланады.
- Зат және энергия алмасуы өздігінен жүрмейді.
- Жасушаішілік паразит болып саналады.
Аурулардың алдын алудың негізгі жолдары
VI. Сабақты бекіту
- Вирустың құрылысында және тіршілігінде қандай ерекшеліктер бар? (Тірек-сызба бойынша қорытындылау.)
- Бактерия мен вирустың ұқсастығы мен айырмашылығын жазып, Венн диаграммасын толтыру.
- Графикалық тест орындау.
VII. Оқушыларды бағалау
Оқушылардың жауаптары, тапсырмаларды орындауы және сабақ барысындағы белсенділігі негізінде бағалау жүргізіледі.
VIII. Үй тапсырмасы
- §21 оқу.
- ИТИС бойынша реферат дайындау.
- Дәптерге термин сөздерді жазып, мағынасын түсіндіру.