Көршісін тап
Тақырып
1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санау
Мақсаты
- 10 санының құрамын анықтай білуге дағдыландыру.
- 10-нан бастап бір-бірден шегеріп, 0-ге дейін кері санай білуге үйрету.
- 0-ден 10-ға дейін ауызша және жазбаша тура санай білуге үйрету.
- Ақыл-ой белсенділігін арттыру, шапшаңдыққа және дәлдікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Доп
- 1–10 сандары жазылған карточкалар
Әдіс-тәсілдер
Сабақтың барысы
Құрылымды, ойын арқылы меңгертуге бағытталған жоспар
I. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Мен ақылдымын, қиындықтан қорықпаймын.
Мен жаспын, қандай әдемімін.
Мен ұзақ өмір сүремін.
Сабақты сұрақ арқылы бастау
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қай ай?
- «Апта» деген ағайдың жеті бірдей ұлы бар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
- Бүгін аптаның қай күні?
II. Қайталау
- 1 Тура және кері санау.
- 2 10 санының құрамы.
- 3 10 көлеміндегі сандарды салыстыру.
III. Ойын: «Көршісін тап»
Санның алдындағы және кейінгі көршісін табу
Керекті материалдар
1–10 аралығындағы сандар жазылған карточкалар.
Ойын барысы
Мұғалім бір санды атайды (мысалы, 7). Кеудесіне 7 саны тағылған оқушы алға шығады. Мұғалім: «Бұл санның көршілері қандай?» Оқушылар 6 және 8 деп жауап береді. Нәтижесінде 6, 7, 8 сандары қатар құралады.
IV. Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Екі қолды қосқанда,
Тең болады он саусақ.
V. Дәптермен жұмыс
Қарапайым қосу амалдары
Тапсырма
Мысалдарды шығару және дәптерге жазу.
Мысалдар
- 1 + 1= 2
- 2 + 1= 3
- 3 + 1= 4
- 4 + 1= 5
- 5 + 1= 6
- 6 + 1= 7
VI. Таяқшалармен жұмыс
5 таяқша
5 таяқшадан 2 бірдей үшбұрыш құрастыру.
7 таяқша
7 таяқшадан 2 бірдей шаршы құрастыру.
10 таяқша
10 таяқшадан 2 квадрат құрастыру: 1 үлкен, 1 кіші.
VII. Ойын: «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал»
Жылдам есептеу және зейінділік
Шарты
Балалар дөңгелене тұрады. Ортада тұрған мұғалім бір мысалды айтып, допты оқушыға лақтырады. Оқушы допты қағып алып, жауабын тез айтып, допты қайтарады.
Үлгі
Мұғалім: 5 + 1 → Оқушы: 6
VIII. Логикалық есептер
Есеп 1
Анам дүкеннен төртбұрышты 2 доп алып келді. Оның біреуін ініме бердім. Менде неше доп қалды?
Назар аударыңыз: төртбұрышты доп болмайды. Бұл — қулық сұрақ.
Есеп 2
Төменде үш қаз ұшады,
Үшеуі бұлтты құшады.
Өзеннен көрдік екеуін,
Айтыңдаршы, қаз нешеу еді?
IX. Қорытынды
Рефлексия және мадақтау
Оқушыларды мақтау, жетістігін атап өту. «Біз нешеге дейін санай аламыз?» деген сұрақ арқылы сабақты қорытындылау.
Зейін тапсырмасы
Тақтадағы сандарға назар аударайық: олар ретімен қойылған ба?
2, 1, 4, 7, 10, …