Авторлар туралы мағлұмат беру Отан өлеңімен таныстыра отырып, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру

Сабақтың тақырыбы

М. Хакімжанова — «Отан», Б. Ысқақов — «Отан»

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушыларды сабаққа даярлау, түгелдеу.
  • Психологиялық ахуал қалыптастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру және бекіту

Балалар, сендер әріптердің бәрімен таныстыңдар. Енді дыбыстар нешеге бөлінеді? (2: дауысты, дауыссыз)

Дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінеді. Жуан–жіңішке жұп дауыстылар: а–ә, о–ө, ы–і, ұ–ү.

Салыстыру (I қатар)

сан – сән
ар – әр
тіс – тыс

Салыстыру (II қатар)

тол – төл
тұр – түр
ұн – үн

Қорытынды

а, о, ұ, ы — жуан естіледі; ә, ө, ү, і — жіңішке естіледі.

Дауыссыз дыбыстар қатаң, ұяң, үнді болып бөлінеді. Енді қатаң дыбыстардың дауысты дыбыстан кейін қалай өзгеретінін салыстырайық.

I қатар

шелек – шелегі
төк – төгу
тап – табу

II қатар

тарақ – тарағы
бақ – бағу
шап – шабу

Ереже

Сөз соңындағы к, қ, п дыбыстарынан кейін дауысты дыбыс келсе, олар г, ғ, б дыбыстарына айналуы мүмкін.

Әріптердің белгілі бір тәртіппен орналасуын алфавит дейміз. Қазақ тілінде төл әріптер бар: ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө, һ. Бұл әріптер орыс әліпбиінде жоқ.

III. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

Жұмбақ:
Қар жауады,
Күн тез батады.
Бұл қай мезгілде болады?

Жауабы: Қыста.

Қыс айлары

Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Айтулы күндер

1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні.
16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні.

Тәуелсіздік туралы әңгіме

Біз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз және қазақ тілінде сөйлейміз. Мемлекеттік тіліміз — қазақ тілі.

Тәуелсіз дегеніміз — егемен, азат, еркін ел. Ата-бабаларымыз тәуелсіздік үшін ұзақ жылдар күресті. Бұл жолда көптеген батырлар мен қайраткерлер ерлік көрсетті, талайы қуғын-сүргінге ұшырады.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіз мемлекет ретінде тіліміз, рәміздеріміз қалыптасты.

Мемлекеттік тіл

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі.

Мемлекеттік Ту

Көк түс — бейбітшілік пен ашық аспан нышаны. Ортасында алтын күн мен қыран, шетінде ою-өрнек бар.

Мемлекеттік Елтаңба

Екі қанатты пырақ және ортасында шаңырақ бейнеленген.

Қазақстан — кең байтақ, табиғи байлығы мол ел. Айтылатын деректердің бірі — елімізде Менделеев кестесіндегі көптеген элементтердің қоры бар екендігі. Бұл — үлкен мақтаныш.

Еліміздің астанасы — Астана. Бұл қалада Парламент үйі, Ақорда және Бәйтерек сияқты нысандар бар. Қазақстанда сондай-ақ Алматы, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Ақтау, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Тараз, Қызылорда және өзге де көптеген қалалар мен ауылдар орналасқан.

Мағынаны тану: «Отан» туралы екі өлең

Бүгінгі сабақта біз мерекеге байланысты бір емес, екі өлеңмен танысамыз: Мариям Хакімжанова мен Бүркіт Ысқақовтың «Отан» атты өлеңдері.

Отан тақырыбы — әдебиетте мәңгілік тақырып. Суретші оны суретпен, сазгер әуенмен, әнші әнімен жеткізсе, ақын жүректің үнін өлеңмен өрнектейді.

Түсінік

Өлеңнің әр бөлігі шумақ деп аталады. Шумақтағы әр жол — тармақ. Мысалы, бір шумақ 4 тармақтан тұруы мүмкін.

Талқылау сұрағы

«Отан дегеніміз не?» — бұл ұғымға жеріміз, суымыз, туымыз, ұранымыз және туған елге деген сүйіспеншілік кіреді.

«Нәр» сөзінің мағынасы — қорек, ас.

Мәнерлеп оқу және сергіту

  • Өлеңді бірнеше оқушыға мәнерлеп оқыту.
  • Сергіту сәті: «Қазақтың елі» әнін тыңдау/орындау (қайырмасын хормен айту).

Б. Ысқақов өлеңін талдау (мазмұны)

Өлең құрылымы: 3 шумақ, 12 тармақ.

1-шумақ: Отан ұғымына отбасың, ата-анаң, досың, бауырың, туған жерің, мекенің кіреді. Әр адамның Отаны өз ауылынан, өз көшесінен басталады.

2-шумақ: Отан — қазақ халқы, өлеңі мен жыры, өткен тарихы.

3-шумақ: Отанды сүюге үндейді.

Сыныппен байланысты сұрақтар

Мемлекетіміз неше облыстан тұрады? Біз қай облыста тұрамыз? Ауданымыз қалай аталады? Біздің ауылымыздың атауы қандай?

Ескерту: оқушы үшін «Отан» ұғымы ең алдымен өзінің туған ауылы мен отбасынан басталады.

Сөздік жұмысы

Қуат

күш, әл, дәрмен

Нәр

қорек, ас

Ұран

үндеу, шақыру, дабыл

Өлке

аймақ, өңір, атырап

Тарих

ел дамуы жолындағы оқиғалар

Даңқ

абырой, атақ

Оқулықпен жұмыс

  • Екінші өлеңді тармақтап оқу.
  • Әр қатарды хормен шумақтап оқу.
  • 3–4 оқушыға мәнерлеп оқыту.

Ой толғанысы

Дәптермен жұмыс

  • «Отан» сөзіне сөзтізбек жасау.
  • Венн диаграммасы арқылы екі өлеңді салыстыру.

Қорытынды

Еліміздің тарихында ел қорғаған батырлар көп. Кең байтақ, бай табиғаты бар, әлемге танымал тәуелсіз елде дүниеге келу — бақыт. Біз бүгінгі күнге батыр бабаларымыз бен намысты аға-апаларымыздың ерлігі арқасында жеттік.

Бауыржан Момышұлының өсиеті:
«Отан үшін отқа түс — күймейсің.»

Отан, туған ел, туған жер туралы мақал-мәтелдерді еске түсірейік. Сонымен, бүгінгі сабақта қандай өлеңдермен таныстық? «Отан» дегеніміз не?

Бағалау

Оқушылардың білімін бағалау, салыстыру және мадақтау.

Үй тапсырмасы

Өлеңдерді жаттау, түсініп оқу.