Жонғыш құрал - саймандар және айлабұйымдар

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы
Жонғыш құрал-саймандар және айлабұйымдар
Сыныбы
8
Пәні
Технология
Сабақ түрі
Дәстүрлі
Сабақ типі
Аралас
Әдістер
Түсіндірме, практикалық жұмыс
Стратегиялар
Интерактивті әдістер, СТО технологиясының әдіс-тәсілдері
Көрнекілік
Слайдтар, интерактивті тақта, видеоролик, сызба, сурет
Құралдар
Ағаш жону білдегі, жону құралдарының жиынтығы, айлабұйымдар, өлшегіш құралдар, дайындамалар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды ағаш жону білдегімен таныстыру және оны қолдануға үйрету; жұмыс амалдарын меңгерту; бұйымның ішкі беттерін жону үшін кескіш аспапты дұрыс таңдай білуге және дайындамаларды бекітетін айлабұйымдарды таңдауға дағдыландыру.

Тәрбиелік

Көркемдік жұмыстарды орындау барысында эстетикалық талғамды, ұқыптылық пен жауапкершілікті қалыптастыру.

Дамытушылық

Қауіпсіздік ережелерін тиімді қолдана отырып, жонғыш құрал-саймандармен және айлабұйымдармен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
  • Оқушы назарын сабаққа аудару.
  • «Бағдаршам» әдісі: әр оқушы өз дайындығын түрлі-түсті стикер арқылы білдіреді: жасыл — дайын сары — күмәнді қызыл — дайын емес
  • Жеке оқушылармен жұмыс, үлестірмелі парақтар.
  • Қызығушылықты ояту сұрағы: Ағаш жону білдегінде қандай бұйымдар жасалады?

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Ағаш жону білдегі. Кім біледі?» ойыны: ағаш жону білдегінің бөліктері слайд арқылы сұралады. Бір оқушы бір сұраққа жауап беріп, кейін сыныпқа «Кім біледі?» деп келесі жауап берушіні анықтайды.

Негізгі сұрақ: Жону дегеніміз не?

III. Үй тапсырмасын бекіту

«Сөйлейтін сандар» тапсырмасы: есеп нәтижелері арқылы әріптерді тауып, сөз/ұғымдарды шығару.

Сандар қатары

56 81 30 42 32 18 72 63 28 36 27 20 45 16 48

ғ ш а ж у г д н о л е б і і а

Көбейту мысалдары

  • 6×5 =
  • 7×6 =
  • 4×5 =
  • 7×8 =
  • 4×7 =
  • 5×9 =
  • 8×6 =
  • 9×7 =
  • 6×6 =
  • 9×9 =
  • 4×8 =
  • 8×9 =
  • 9×3 =
  • 6×3 =
  • 4×4 =

IV. Жаңа сабақ: жонғыш құрал-саймандар және айлабұйымдар

Ой қозғау: Жонғыш құрал-саймандардың қандай түрлерін білесіңдер?

Жонғыш құрал-саймандар (кескіш қашаулар) құрылымы жағынан алуан түрлі. Бұл олардың білдек құрылысына және қолданылу мақсатына байланысты. Негізінен екі топқа бөлінеді:

  • Қолмен басқарылатын — білдек асты тірегі бар станокта жұмыс істеуге арналған.
  • Құралкүймешікті — механикалық берілісі бар станоктарға арналған.

Фасонды кескіштер бұйымға фасонды (күрделі) пішін қыру үшін қолданылады. Ал бұранда ою үшін арнайы кескіштер пайдаланылады.

Бекітуші айлабұйымдар: қысқұрылғы, үшаша, қысқы.

  • Қысқы және үшаша осьтік жонуда дайындаманың бір шетін ұстап тұрады.
  • Қысқы ұсақ тетіктердің ішкі жағын қырғанда да бекітуші айлабұйым ретінде қолданылады.
  • Қысқұрылғы ірі өлшемді дайындамаларды өңдеуде және жалпақ тұтас дискілерді қырғанда тиімді.
  • Үш жұдырықшалы қысқы дайындаманың центрін жұдырықшалар арқылы қысып ұстайды.

Сергіту кезеңі: интерактивті тақта көмегімен жонғыш құрал-саймандар және айлабұйымдар туралы видеоролик көрсетіледі. Талқылау: «Не көрдіңдер? Не қызықтырды?»

Қауіпсіздік ережелері: ағаш өңдейтін токарь станогы

Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері

  1. Жаңқаның ұшуынан көз жарақаты.
  2. Айналмалы бөліктерге жанасудан қол жарақаты.
  3. Құралды дұрыс пайдаланбаудан қол жарақаты.
  4. Дайындаманы дұрыс бекітпеуден немесе дайындама сапасыздығынан дене жарақаты.

Жұмысқа дейін

  1. Арнайы жұмыс киімін дұрыс ки (жең, галстук, белбеу т.б. — бәрін ретте).
  2. Станокты тексер (қорғаныш қаптамалар, жерлендіру және т.б.).
  3. Жұмыс орнын артық заттардан босат.
  4. Дайындаманы мұқият тексер (жарық, ақау, т.б.).
  5. Пышақ тіреуішті дайындаманың центр сызығына дәл келтір; арақашықтық 2–3 мм болсын.
  6. Пышақ жүзінің күйін тексер.
  7. Станокты бос айналдырып, жұмысын байқап көр.
  8. Қорғаныш көзілдірігін ки.

Жұмыс кезінде және кейін

Жұмыс кезінде

  1. Кесу жұмысын станок толық айналымға шыққаннан кейін баста.
  2. Пышақты дайындамаға күш түсірмей, біртіндеп тигіз.
  3. Пышақ тіреуіш пен дайындама арақашықтығын тұрақты бақыла.
  4. Станокқа тым жақындама; станок үстінен зат алмастырма.
  5. Өлшеуді станок толық тоқтаған соң ғана орында.
  6. Жұмыс істеп тұрған станокты қараусыз қалдырма.

Жұмыстан кейін

  1. Жұмыс орнын жинақта.
  2. Станокты мұғалімге тапсырып, қауіпсіз түрде өшірілгенін тексер.
  3. Өзіңді ретке келтір, құралдарды орнына қой.

Сарамандық жұмыс

Мақсаты

Ағаш жону білдегімен танысу және оны қолдану; негізгі жұмыс амалдарын меңгеру.

Жұмыс киімі

Фартук, жеңқап.

Жабдықтар мен құралдар

ТСД-120 білдегі; әр түрлі қашаулар; бекіту айлабұйымдары; штангенциркуль; сызғыш; осьтік және тура жонуға арналған дайындама; қарындаш; кронциркуль; нутромер; қима үлгілері.

Техникалық мәліметтер және орындалу реті

Білдекте өңдеуге сызатсыз, бұтақсыз, шіріксіз, жақсы кепкен дайындама таңдалады. Көркемдеп жону жұмыстары күрделі болғандықтан, қауіпсіздік ережелерін сақтауға ерекше назар аударылады.

  1. Технологиялық карталарды тарату.
  2. Сызбаларды оқып-үйрену.
  3. Тиісті құрал-сайман мен айлабұйымдарды таңдау.
  4. Тетіктерді жонып үйрену.
  5. Қажет жағдайда видеороликпен (ағаш жону білдегі) жұмыс кезеңдерін бекіту.

V. Жаңа сабақты бекіту

«Өзіндік мысал» ойыны: оқушылар жаңа тақырып бойынша өз мысалдарын келтіріп, шағын тапсырмалар мен болжамдарын ұсынады.

VI. Бағалау

Оқушылардың жауаптары, қауіпсіздік ережесін сақтауы және сарамандық жұмыстағы орындау дәлдігі бойынша бағаланады.

VII. Үй тапсырмасы

«Идеал тапсырма» әдісі: әр оқушы үй тапсырмасының түрін өзі таңдайды. Мысалы:

  • Қосымша дерек жинау (жонғыш құралдар немесе айлабұйымдар туралы).
  • Тақырыпқа байланысты сурет салу (құрал, білдек, бекіту сызбасы).
  • Көркемдік бұйым жасауға арналған технологиялық карта құрастыру.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • «Технология» пәні (8–9 сынып) оқулықтары.
  • Е. Дүйсенов, А. Балғожаев. Оқыту үрдісіндегі танымдық және шығармашылық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану. Қызылорда, 2006.