Туысқанға өтпейді кек, Кінәласса болғаны тек
Адам сәні барлық шақта
Аброй, бірлік ынтымақта.
Шында ғана тұрақтылық,
Күйе жұқпас көңіл аққа.
Менде ағайын, жақын жоқ па,
Зая қылар барды жоққа.
Қылдан тайса қылтық етіп,
Нысана ғып байлар оққа.
Көңілденсе көзге мақтап,
Жамандайтын сырттан мықтап.
Өзі мықты, өзі білгіш,
Қолдағанын қалмақ сақтап.
Ашуланса пәле жаппақ,
Аузын алсаң, алмақ ақтап.
Көпірме сөз көсіледі,
Іркілмей-ақ бойға шақтап.
Болыссызға кінә тақпақ,
Бар мініңді іздеп таппақ.
Жақынына опасыз жан
Кенелтпекші кімді жақтап.
Туысқанға өтпейді кек,
Кінәласса болғаны тек.
Ағайын боп бал жаласпақ,
Түбі бірге түтпейді деп.
Мұндай жақын кімге қымбат,
Кімге адамдық опа қылмақ.
Бұзылмалы сабындай-ақ,
Толқымалы болса сынап.
Өзіме өзім қойдым сұрақ,
Жауабымда шыннан шырақ.
Адал жолдас, жаны туыс,
Маңымда жоқ, бәрі жырақ.
Қазіргі Қазақстандағы Ислам дінінің жағдайы
Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы
Халық ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелердің түрлері
Қазақ жеріндегі исламның таралуы
Қазақстандағы ислам туралы ақпарат
Қазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсері
Мектеп жасындағы балаға ертегі арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Мифологиялық ертегілер
Қазақ дүниетанымына ислам құндылықтарының енуі
Дисперістік жүйелердің электрокинетикалық қасиеті
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
БАЙБЕКҰЛЫ ӘЙТЕКЕ БИ
ҚР банктеріндегі ипотекалық несиелендіруді ұйымдастыру және дамыту. Ипотекалық несиелер есебі
Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегі ХХ ғасыр басындағы әдебиеттану ғылымының контексінде
Австралияның тектоникасы
Капитализмнің үш жетекші орталығы
ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕКСЕРУ СХЕМАЛАРЫ
Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеудің теориялық негіздері
ӘЙТЕКЕ БИ туралы
Ғимараттарды техникалық тексеруі