Біздің математикалық турнирдің топтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер

Ақжайық ауданы • Харькин орта жалпы білім беретін мектебі

Математика пәнінің мұғалімі: Имангалиева Бекзат Гилмановна

9–11 сыныптарға арналған математикалық турнир сценарийі

Мақсаты

Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдері мен біліктерін бекіту.

Міндеттері

  • Логикалық ойлау мен жылдам есептеуді дамыту.
  • Топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
  • Шығармашылық тапсырмалар арқылы қызығушылықты күшейту.
  • Әділ бағалау мәдениетін нығайту.

Турнирдің өту барысы

Кіріспе (жүргізушілер сөзі)

Екі жүргізуші: 1-жүргізуші және 2-жүргізуші.

1-жүргізуші

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар! Айтар ойым тұспалдар: сіз оқытқан оқушылардың сәті келді сыналар.

2-жүргізуші

Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Нақты ғылымдарға қызығушылар: естігенін есте тұтып, оқығанын миға тоқушылар.

1-жүргізуші

Диляра, «Математика» деген ел бар. Ол қайда орналасқан? Білесің бе?

2-жүргізуші

Иә, Батырхан. Алыстағы жұлдыздар сияқты көрінгенімен, ол бізге өте жақын. Күн сайын сол елде қонақта болып, тұрғындарымен жиі кездесетінімізді байқамай қаламыз. Сондықтан бұл ел — ғажайып ел. Айналамыз тұнған — сол ел МАТЕМАТИКА.

Екі жүргізуші бірге: Бүгінгі турнир керемет ғылым — МАТЕМАТИКАға арналады.

1-жүргізуші

Қымбатты математика жанкүйерлері және осы залға жиналған қауым! Сіздерге қатысушылар атынан қатал да, қатесіз математикалық сәлем!

2-жүргізуші

Математика — бұралаңсыз нақты ілім, үйрететін бақыт тілін, бақ тілін. Айдыныңда сүңгіп жүзсең, тарқалмайды қуаныш пен шаттығың.

Топтарды таныстыру

Математикалық турнирге қатысатын командалар:

  • 1) Болашақ дарындылар

  • 2) Асыл тас білгірлер

  • 3) Парасат ақылдылар

  • 4) Ақ сұңқар ойлылар

1-жүргізуші

Есепті түрлі-түрлі шығарамыз, арасында ойын ойнап жарысамыз. Ойға оралымды, қиын сұрақ — бәрі де бар. Әзіл есептерді де орындаймыз.

2-жүргізуші

Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.

Әділқазылар алқасы

Баға берер әділқазы ортамызда — құрметпен қол соғылады.

  • Математика пәнінің мұғалімі
  • Информатика пәнінің мұғалімі
  • Бастауыш сынып мұғалімі

Сайыс турлары

I тур — «Шатырдағы логика»

Сұрақтың орнына жасырылған санды табу керек. Уақыт: 4 минут. Дұрыс жауапқа: 5 ұпай.

II тур — «Тауып көр!»

Әр қатысушы берілген сандар тізбегінен қатар тұрған екі санның қосындысы 10-ға тең болатын жұптарды тауып, белгілейді.

Сандар қатары

487563946788312345673

654321987654314216217

456789123456716317461

673829145673491291231

827746757353709880283

637708957497455055335

289763782093824328427

637444666888313451789

321123123543543782382

978786826728676570198

III тур — «Санап көрші, қанша екен?»

Зейін қойып, берілген фигуралардың ішінде қанша үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш бар екенін анықтау.

Нәтиже үлгілері

  • 7 үшбұрыш
  • 16 үшбұрыш
  • 8 үшбұрыш
  • 7 шаршы, 20 үшбұрыш
  • 28 үшбұрыш

Бұл турға арналған фигуралар парақшада/слайдта көрсетіледі.

Жауаптар топтың парағына жазылып, әділқазыларға тапсырылады.

IV тур — «Мақал-мәтелдердегі сандар»

Сандар кездесетін мақал-мәтелдерді неғұрлым көп айтқан топ көбірек ұпай жинайды.

Шарт: кемінде 5 мақал-мәтел.

V тур — «Кім шапшаң?»

Бір түсті көпжақ (полигон/көпбұрышты модель) құрастыру.

VI тур — «Сұрақ-жауап»

Әр топқа сұрақтар жазылған қағаздар таратылады. Дұрыс жауапты жазып, әділқазылар алқасына тапсырады.

Сұрақтар

1) Жеті күнге тең уақыт өлшем бірлігі.

Апта

2) Шеңбер салуға арналған құрал.

Циркуль

3) Көбейту нәтижесі.

Көбейтінді

4) Алымы мен бөлімдері тең болатын жай бөлшек қалай аталады?

Бұрыс бөлшек

5) Шеңбердің радиусы 6 см. Диаметрі неше см?

12

6) «Миллиард» санында неше нөл бар?

9

7) Барлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай аталады?

Шаршы

8) 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады?

Жұп

9) Төрт жылда неше ай бар?

48

10) Үштің квадраты 9-ға тең, төрттің квадраты 16-ға тең. Ал квадраттың бұрышы неше градус?

90°

VII тур — «Математикалық сарай»

Кезек топ басшыларына беріледі. Қалған ойыншылар қосымша тапсырма орындайды. Берілген қағазға математикалық фигуралардан «сарай» құрастырып, оған атау қою керек.

VIII тур — «Амалдар»

Шарт: амалдарды мүмкіндігінше тез әрі дұрыс орындау. Құрметті ағалар мен апалар, бұл есепті сіздер жылдам шешеді деп ойлаймыз. Біз (жүргізушілер) бұл есептің шешімін білмейміз, сондықтан сіздерден үйренгіміз келеді.

Берілгендер

9 5 6 5 1 6

Қорытынды бөлім

2-жүргізуші

Осымен бұл қызықты тамамдасақ, бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ? Үйрендік білмегенді осы жолы, тағы да үйренеміз аман болсақ. Шыңымыз биік болар білім қусақ. Өмір деген өнермен үйлеспей ме? Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ.

1-жүргізуші

Математикалық турниріміз аяқталды. Әділқазылар алқасы бағаларын бергенше, жанкүйерлер мен көрермендер арасында ойын ұйымдастырамыз.

Көрермендер ойыны: «Санаймыз, санаудан жаңылмаймыз»

Жылдам санауға арналған қысқа тапсырмалар ұйымдастырылады.

Көрермендер ойыны: «Шебер қолдар»

Оң қолмен шеңбер, сол қолмен үшбұрыш салу керек.

1-жүргізуші

Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды. Енді әділқазы сөз алады: кешіміздің жеңімпазын анықтап, мақтау қағаздары мен сыйлықтарын табыстайды.

2-жүргізуші

Жас достар, мұны жақсы ұғайық: математика ғылымы құрметтеуге лайық. Дүниедегі құбылыстың мәнін, табиғаттың, қозғалыстың сырын есепсіз түсіну мүмкін емес. Есеп — дүние кілті. Қадірін білсең, ол саған қол ұшын береді. Есептеп жүрсең бәрін де, сүрінбейсің өмірде!

1-жүргізуші:

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлығыңыздың қатысқандарыңызға рахмет!