Қазақтың ұлттық аспабын ата
Сабақ тақырыбы: «Жас ғарышкер»
Мақсаты
- Білімділік: XX ғасырдың екінші жартысындағы ғарышты игерудегі адамзат жетістіктері және оның ғылыми маңызы туралы түсінік беру.
- Дамытушылық: ғылыми жаңалықтардың мәнін түсіну қабілетін дамыту.
- Тәрбиелік: патриоттық сезімді оятып, елін, жерін сүюге әрі құрметтеуге тәрбиелеу; ғарышкерлерге деген құрметті қалыптастыру.
Ұйымдастыру
- Түрі
- Сайыс сабағы
- Көрнекіліктер
- Безендірілген сынып, ғарыш тақырыбындағы суреттер, макеттер.
- Өтетін орны
- Бастауыш сыныптар (2–4)
Негізгі ой
Ғарышты зерттеу — ғылым мен ерліктің тоғысқан тұсы. Бұл сайыс балаларды білімге ұмтылуға, тәртіпке және отансүйгіштікке баулиды.
Кіріспе: Ғарыш туралы қысқаша мәлімет
Құрметті ата-аналар, қадірлі ұстаздар, оқушылар! Бүгін 2, 3, 4-сынып оқушылары арасында «Жас ғарышкер» атты сайыс өтеді.
Жерді қоршаған бүкіл дүние Әлем немесе Ғарыш деп аталады. Аспан әлемін зерттеу ерте кезден басталғанымен, ғарыш құпиялары әлі де толық ашылған жоқ.
Ғарышқа жол қалай ашылды?
- 1957 жылғы 4 қазан: бұрынғы Кеңес Одағы Жердің алғашқы жасанды серігін ұшырды.
- 1961 жылғы 12 сәуір: Ю. А. Гагарин «Восток» кемесімен Байқоңырдан ұшып, Жерді айналып, 1 сағат 48 минуттан кейін қайта қонды. Осы күн «Ғарышкерлер күні» ретінде тарихқа енді.
Лайка, Белка және Стрелка
Лайка — ғарышқа сапар шеккен тұңғыш тіршілік иесі. Ол 1957 жылғы 3 қарашада «Спутник-2» ғарыш кемесімен ұшырылды. Ұшырылғаннан кейін шамамен 5–7 сағаттан соң температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан қаза болды. Сынақ ұйымдастырушылары бастапқыда Лайканың жерге оралуын жоспарламаған.
Кейінірек кеңестік ғалымдар Белка мен Стрелка атты иттерді де арнайы жаттықтырды. Мұндай ұшуларға дайындық бірнеше жыл бұрын құрылған комиссиялар арқылы кезең-кезеңімен жүргізілді.
Қазақстандық ғарышкерлер
Ғарышқа қазақтың да қаһарман ұлдары ұшты: Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев. Олар — еліміздің мақтаныштары, ержүрек тұлғалар.
Тоқтар Әубәкіров
- Ұшуы: 1991 ж. 2 қазан — «Союз ТМ-13»
- Қайтуы: 1991 ж. 10 қазан
- Ұзақтығы: 7 тәулік 22 сағат 12 минут 40 секунд
- Нәтиже: тұңғыш қазақ ғарышкері
Талғат Мұсабаев
- Ұшуы: 1994 ж. 1 шілде — «Союз ТМ-19»
- Орбитада: 126 тәулік жұмыс істеді
- Ашық ғарыш: 11 сағат 7 минут
Әйел-ғарышкер: Валентина Терешкова
Әлемдегі тұңғыш әйел-ғарышкер Валентина Терешкова 1963 жылғы 16 маусымда «Восток-6» кемесімен ұшып, ғарышта үш тәулік болды.
Неге Байқоңыр маңызды?
Ғарышкерлер Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшады. Ол Қазақстанда, Қызылорда облысында орналасқан. Ғарышта ауа жоқ болғандықтан, ғарышкерлер арнайы киім — скафандр киеді.
Қатысушылар: сайыскерлерді таныстыру
Сайысқа 2–4 сынып оқушылары қатысады. Төменде әр сайыскерді таныстыруға арналған жолдар берілген.
№1 — Түркменбай Нұрланды (2 «А»)
Көрсең біздің Нұрланды — спортшы өзі жан-жақты. Гол соғам деп қуалар, жел айдаған қаңбақты.
№2 — Айтимов Санжар (2 «Ә»)
Санжар әнші — жезтаңдай, ортаға шығар жасқанбай. Тыңдайды жұрт ынтығып, құмары қанып, ес қалмай.
№3 — Уракбаев Алишер (2 «В»)
Біздің Алишер інімізді бәрі жақсы көреді. Күн сайын есебін шығарып береді.
№4 — Пирназаров Адилжан (3 «А»)
Бағалауда әр рет талайдан озды Адилжан. Ретті, таза, қадірлеп ұстайды кітап, дәптерін.
№5 — Сапармұрат Нұржан (3 «Ә»)
Қазақ елі тәуелсіз боп танылған, бақыт құсы ұшпаса екен бағымнан. Көрерменге көрсететін өнері бар — сайыскердің бірі ортада Нұржан.
№6 — Шалантай Думан (3 «В»)
Думан — үйінің үлкен перзенті. Сабақтан кейде «5» алып, қуандырып жүреді.
№7 — Тангирбергенов Ибрагим (4 «А»)
Су да құйып көшетке, жем де берер көжекке. Ибрагим — елгезек, жарағалы әжетке.
№8 — Розум Жанатбек (4 «Ә»)
Бірінші партада отырып-ақ, тынымсыз еді бұл бала. Сабақты жақсы оқиды — Жанатбек деген ұл бала.
№9 — Әлмурадов Марат (4 «В»)
Дауысың қандай сырлы еді, табиғатты тыңдатқан. Көркің қандай нұрлы еді — таңшолпанмен астасқан.
2-кезең: Сұрақ-жауап тапсырмалары (сынып бойынша)
Төмендегі сұрақтар оқушылардың ойлау қабілетін, жалпы білімін және тілдік сауаттылығын тексеруге бағытталған.
2-сыныпқа арналған сұрақтар
- 1) «7 жоқты» ата. (Аспанда тіреуіш жоқ, Аллада бауыр жоқ, жылқыда өт жоқ, аққуда сүт жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, жерде өлшеуіш жоқ.)
- 2) Екі бала 2 сағат шахмат ойнады. Әр бала қанша сағат ойнады?
- 3) Елтаңбаның авторын ата.
- 4) «7 қазынаны» ата.
- 5) Әтеш екі аяғымен тұрғанда салмағы 4 кг. Бір аяғымен тұрғанда салмағы қанша?
- 6) Қазақтың ұлттық аспаптарын ата. (Домбыра, қобыз.)
- 7) Назови автора флага Республики Казахстан.
- 8) На столе стояли три стакана вишни. Лена съела один стакан. Сколько стаканов осталось?
3-сыныпқа арналған сұрақтар
- 1) Қазақтың «5 арысын» ата. (А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, Ж. Аймауытов.)
- 2) Үстел беті төртбұрышты. Бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5)
- 3) «7 жұтты» ата. (Құрғақшылық, мал жұты, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала.)
- 4) Қазақстанның ең тұңғыш астанасы қай қала? (Орынбор.)
- 5) Ағаш үстінде 10 торғай отыр. Аңшы 1 торғайды атып қалды. Неше торғай қалады? (0)
- 6) Қазақтың «3 бәйтерегін» ата. (С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин.)
- 7) Новую Конституцию когда приняли? (1995 ж. 30 тамыз.)
- 8) На столе стояло 5 горевших свечей. Две свечи потушили. Сколько осталось свеч? (2)
- 9) Назови правила имени прилагательного. Приведи примеры.
4-сыныпқа арналған сұрақтар
- 1) Әлемнің 7 кереметін ата. (Хеопс пирамидасы, Александрия шамшырағы, Семирамиданың аспалы бағы, Галикарнас кесенесі, Родос алыбы, Артемида ғибадатханасы, Зевс мүсіні.)
- 2) Бір отбасында 5 бала бар, әрі олардың әрқайсысының қарындасы бар. Отбасында барлығы қанша бала? (6)
- 3) Наурыз көжеге неше түрлі дәм салынады? Атап бер.
- 4) Қазақстан жері қанша шаршы шақырым аумақты алып жатыр? (2 724 000 км²)
- 5) Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық бар? (4)
- 6) Қазақ тілінде қанша септік бар? Сұрақтарымен қоса ата.
- 7) Сколько планет в Солнечной системе? Назови их.
- 8) Две лошади, запряжённые в одну телегу, пробежали 40 км. Сколько километров пробежала одна лошадь? (40 км)
- 9) Назови падежи с вопросами.
Қорытынды: марапаттау және нәтиже
Жеңімпаздарды анықтау
Сайыс соңында әділқазылар алқасы қорытынды шығарып, сайыскерлерді марапаттайды.
«Жас ғарышкер» номинациясы
«Жас ғарышкер» номинациясының иегері — Розум Жанатбек (4 «Ә» сынып).
Мектеп және автор туралы
- Мекеме
- Т. Әубәкіров атындағы жалпы орта мектеп (КММ)
- Мекенжай
- Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Игілік ауылы
- Мұғалім
- Полатова Айгүл (бастауыш сынып мұғалімі)
- Тақырыптық өзек
- Ғарыш, ғылым, отансүйгіштік, білім және өнер