Көңілді көбейту сайысы
Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылы, Жамбыл атындағы орта мектеп
Математика пәнінің мұғалімі: Далдина Айгүл
Бұл материал сабақтан тыс уақытта өткізілетін «Қызықты математика» атты математикалық сайысқа арналған. Сайыстың мақсаты — оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету және есептеу дағдыларын жетілдіру.
Сайыстың негізгі идеясы
Балалар, бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысасыңдар. Бұл әлемнің қаншалықты қызық әрі сан қырлы екенін сезінесіңдер.
Сайыстың ерекшелігі — топтар арасындағы жарыстың бірден басталуы. Әр кезеңде қызықты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Жеңіске жету үшін белсенді болып, сұрақтарға өзгелерден жылдамырақ ойланып жауап беріп, тапсырмаларды мұқият орындау қажет.
Әр дұрыс жауап үшін топқа ұпай беріледі.
Сайыс жоспары
- 1. Топтарды таныстыру
- 2. Шапшаңдылық сайысы
- 3. Тапқырлар сайысы
- 4. Көрермендермен ойын
- 5. «Сыр сандық» құпиясы
- 6. Көңілді көбейту сайысы
- 7. Көңілді санау сайысы
- 8. «50 ұпай кімге бұйырады?»
- 9. Жаңылтпаштар сайысы (топ басшылар)
- 10. Қорытынды және марапаттау
I. Топтарды таныстыру
Әр топ өз атауын, ұранын және мүшелерін қысқаша әрі әсерлі түрде таныстырады.
II. Шапшаңдылық сайысы
Қысқа сұрақтарға тез жауап беру арқылы ұпай жинайды.
Сұрақтар мен жауаптар
-
1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?
Жауабы: 0
-
2. 7 санына байланысты не білесің?
Жауабы: 7 күн, 7 қазына, 7 жұт, 7 мүше
-
3. Екі қатынастың теңдігі қалай аталады?
Жауабы: пропорция
-
4. Қандай сандар нөлден үлкен?
Жауабы: оң сандар
-
5. Үшбұрыштың неше тамаша нүктесі бар?
Жауабы: 4
-
6. Ең кіші натурал сан.
Жауабы: 1
-
7. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы.
Жауабы: 180°
-
8. Бір көйлек жылы ма, әлде бір көйлектің қалыңдығындай үш көйлек жылы ма?
Жауабы: бірдей
-
9. 12, 10, 14 сандарының арифметикалық ортасын тап.
Жауабы: 12
-
10. Жоқты білдіретін сан.
Жауабы: 0
-
11. Тек қарама-қарсы екі қабырғасы параллель болатын төртбұрыш.
Жауабы: трапеция
-
12. Санның жүзден бір бөлігі.
Жауабы: пайыз (процент)
-
13. Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
Жауабы: 5 бұрыш
III. Тапқырлар сайысы
1-тапсырма
Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына қосу таңбаларын қойып, теңдікті дұрыс жаса:
Жауабы: 444 + 44 + 4 + 4 + 4 = 500
2-тапсырма
Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына амал таңбаларын қойып, теңдікті дұрыс жаса:
Жауабы: 333 × 3 + 3 ÷ 3 = 1000
IV. Көрермендермен ойын
Жұмбақ түріндегі қысқа есептер қойылады, көрермендер жауап береді.
Жұмбақ-есеп 1
Дүкеннен мен сабын алдым, оның және қабын алдым, екі дәптер, бір қарындаш, тіс ысқышты тағы да алдым. Есептеші сонда бәрі — қолда бары қанша болады?
Жауабы: 6
Жұмбақ-есеп 2
Бір-бірімен жарысқан 4 аю, 1 арыстан, 2 қой және 1 түлкі. Бәрі нешеу?
Жауабы: 8
V. «Сыр сандық» құпиясы
Әр сипаттама бойынша жасырылған ұғымды немесе затты табу керек.
1-сұрақ
Есептеуде уақытты үнемдеу үшін қолданады. Бұл не?
Жауабы: калькулятор
2-сұрақ
Оны сіріңкеден немесе таяқшадан құрастыруға болады. Төрт симметрия осі бар фигура. Сондай-ақ санның дәрежесі ретінде де айтылады. Бұл не?
Жауабы: квадрат
3-сұрақ
Басы да, ұшы да жоқ әдемі фигура. Оның бойымен қанша жүрсең де, бәрібір шыққан жеріңе қайта ораласың. Бұл не?
Жауабы: шеңбер (дөңгелек)
VI. Көңілді көбейту сайысы
Ойын шарты
Екі топтан кезекпен бір-бір оқушы тақтаға шығады. Кез келген екі таңбалы сандарды көзі байлаулы күйде көбейтуді орындайды.
VII. Көңілді санау сайысы
Есеп 1
Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады. Ол екі араны неше күнде өтеді?
Жауабы: 10 күн
Есеп 2
Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде, жолдың жартысы қалғанша ұйықтайды. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтайды?
Жауабы: 1/4
Жұмбақ 3
Бұл зат әр оқушыға қажет. Мектепке әлі бармайтын бүлдіршіндер де оның болғанын ұнатады. Жоғары сыныпта ол көп болады, ал мұғалімдер оларды үйге ары-бері тасып әлек. Бұл не?
Жауабы: дәптер
VIII. «50 ұпай кімге бұйырады?»
Жоғары ұпайға арналған танымдық сұрақтар. Дұрыс жауап берген топ қосымша ұпай алады.
Сұрақтар
-
«Миллион» сөзін қазақ арасына қай ағартушы жеткізді?
а) А. Құнанбаев ә) Ы. Алтынсарин б) Қ. Сәтбаев
-
«Шығыс Аристотелі» атанған ғалым кім?
а) Қорқыт ә) Омар Хаям б) Әл-Фараби
-
Үш қабырғасы бойынша үшбұрыштың ауданын есептейтін формуланы ұсынған ежелгі грек оқымыстысы кім?
а) Герон ә) Лейбниц б) Галилей
IX. Жаңылтпаштар сайысы (топ басшылар)
Топ басшылары жаңылтпаштарды анық әрі жылдам айтып, өз тобына ұпай әкеледі.
Жаңылтпаш 1
Шеңбер, шеңбер — доп емес.
Доп сияқты, доп емес.
Доп деп, доп деп шеңберді
Ойлама — шеңбер ол емес.
Жаңылтпаш 2
Бес түп алма — «бестік» алғандікі,
Төрт түп алма — «төрттік» алғандікі.
«Төрттік» алған бес түп алма алмайды,
«Бестік» алған төрт түп алма алмайды.
X. Қорытынды
Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды.
Сіздермен кездесеміз біздер әлі,
Жеңімпаздар бүгінгі анықталды.
Марапаттау
Ұпай санына сәйкес жеңімпаз топ анықталып, қатысушылар марапатталады.