Оқушылардың алған білімдерін бағалау
Сабақ тақырыбы: Қарсы мәндес сөздер
Бұл сабақта оқушылар қарсы мәндес сөздердің (антонимдердің) мағынасын түсініп, оларды сын есімдер арқылы сөйлемде орынды қолдануды үйренеді.
- Әдістер
- Сұрақ-жауап, салыстыру, түсіндіру
- Жұмыс формалары
- Жеке, жұптық, фронтальдық
- Негізгі екпін
- Сөздік қор, сөйлеу дағдысы, шығармашылық
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларға қарсы мәндес сөздер туралы түсінік беру, мысал арқылы мағынасын ашу.
Дамытушылық
Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияларды қолдана отырып білім сапасын арттыру; сөздік қор мен сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік
Отанды, ел мен жерді сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныппен амандасу, сабаққа назар аударту.
- Бір-біріне сәттілік тілету.
II. Өткенді қайталау
Қайталау сұрақтары
- Сын есім дегеніміз не?
- Қандай сұрақтарға жауап береді?
Семантикалық карта
Көлемі, түсі, салмағы, сапасы.
III. Негізгі бөлім
Ой қозғау
Тақтада бірнеше есеп беріледі. Есептерді шығару арқылы әр есептің «артындағы» сөздер ашылады.
Көбейту
- 232 × 25
- 348 × 32
Бөлу
- 3720 : 465
- 2552 : 319
Сұрақ
«Қарсы мәндес сын есім» дегенді қалай түсінесіңдер?
Ереже шығару және мақсат қою
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы келетін сын есімдерді қарсы мәндес сын есімдер дейміз.
«Сыңарын тап» ойыны
Әр топқа жеке тапсырма беріледі: төмендегі сөздердің қарсы мәндес сыңарын тауып жазыңдар.
Алғырлар
- аласа
- ескі
- жарық
Білгірлер
- үлкен
- ащы
- жақсы
Зеректер
- тез
- алыс
- қара
Оқулықпен жұмыс
438-жаттығу — көп нүктенің орнына қарсы мәндес сын есімді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Топтық тапсырмалар
Үш топқа жеке тапсырма ұсынылады.
Алғырлар
Эссе жазу
Білгірлер
Сөзжұмбақ құрастыру
Зеректер
Сурет бойынша жұмбақ құрастыру
Сергіту сәті
«Қара жорға» биінің элементтерін билеп, бой сергіту.
Шығармашылық тапсырма
«Жаз» және «Күз» суреттеріне қарап, сөйлемдер құрастырып, шағын мәтін жазыңдар.
Көмекші сөздер
Сабақты қорытындылау
Талқылау сұрақтары
- Не білдік?
- Не үйрендік?
Рефлексия
Оқушылар сабақтан алған білімдері мен әсерлері туралы қысқаша пікір білдіреді.
Бағалау
Оқушылардың тапсырмалар орындауы, белсенділігі және сөйлем құрастыру дағдысы бойынша бағалау жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
Қарсы мәндес сын есімдерді қатыстырып, 2 сөйлем құрап жазып келу.