Командирлер сайысы

Сынып: 11

Қазақстан Қарулы күштеріне 20 жыл

Бұл тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толуына арналады. Сабақ интеллектуалдық ойын-сайыс түрінде өтіп, оқушылардың білімін, тапқырлығын және командалық бірлігін шыңдауды көздейді.

Мақсаты

  • Қазақстанның Қарулы Күштері туралы білімді қалыптастыру; Отанды қорғау жауапкершілігін түсіндіру; азаматтық құқық пен міндетті дұрыс ұғындыру.
  • Отанға сүйіспеншілік сезімін күшейту арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлға тәрбиелеу.
  • Ойлау, таңдау және сөйлеу мәдениетін дамыту; қабілеттерін шыңдау; сөздік қорын молайту.

Әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап Сайыс Командалық жұмыс Тапсырмалар

Көрнекілігі

  • Тапсырмалар жазылған қиықшалар
  • Кесте (таблица)
  • Эпиграф жазылған плакат
  • Сөзжұмбақтар
  • Тест тапсырмалары

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Балалар, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің Отанымыз 1991 жылы егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті атанды.

120-дан аса ұлт өкілі тұратын қасиетті мекенде өмір сүретін әрбір азамат өз Отанын жанындай сүйіп, оның тыныштығын күзетеді. Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл. Бүгінгі тәрбие сағатымызды Отан қорғаушыларға арнаймыз.

Эпиграф

Атыңнан айналайын, егеменді ел,

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, ұландарым!

Ғасырдың тойы болсын, келе берер!

Интеллектуалдық ойын-сайысымыз сұрақ-жауап, жарыс түрінде өтеді. Енді тәрбие сағатының жоспарымен танысайық.

Сайыс жоспары

  1. 1«Кім білгір?» сайысы
  2. 2«Байланысшылар»
  3. 3«Ең епті сапер»
  4. 4«Әскери әншілер»
  1. 5«Үздік барлаушы»
  2. 6«Әскери топограф»
  3. 7«Командирлер сайысы»

Әскери комиссариаттан «повестка» келді: қай топ үздік нәтиже көрсетсе, сол топтың Отан қорғауға дайын екенін айқындаймыз. Білім мен білікті тексеруді әскери академиядан келген бірінші «конверттен» бастаймыз.

1-конверт: Сұрақтар (білімді тексеру)

I бөлім: 10 сұрақ

  1. Қазақстан Республикасын қорғау – әрбір азаматтың қасиетті парызы мен міндеті екені қай құжатта көрсетілген? Жауап: Конституцияда.
  2. Қазақтарда офицерді қалай атаған? Жауап: Сардар.
  3. Өзіне тапсырылған постты күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндетті орындайтын қаруланған қарауыл кім? Жауап: Сақшы.
  4. 1942–1945 жылдары Ұлы Отан соғысында ерлігімен танылған қолбасшы? Жауап: Бауыржан Момышұлы.
  5. 1992 жылғы 25 тамыздағы Жарлықпен бекітілген маңызды әскери құжат. Жауап: Әскери ант.
  6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаратын орталық мемлекеттік орган. Жауап: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.
  7. Рейхстагқа Жеңіс туын алғаш болып қадаған қазақтың даңқты ұлы. Жауап: Рақымжан Қошқарбаев.
  8. Жеке құрамды ұрысты дайындау мен жүргізуге үйрету қалай аталады? Жауап: Тактикалық дайындық.
  9. Ұлы Отан соғысының басталған күні. Жауап: 22 маусым 1941 жыл.
  10. Ұрыс барысында әскерлердің жаңа бағытқа ұйымдасқан түрде қозғалып жетуі. Жауап: Маневр.

II бөлім: 10 сұрақ

  1. Капитаннан кіші, лейтенанттан үлкен әскери атақ. Жауап: Аға лейтенант.
  2. «ЖҰМ» деп қандай әскери техника аталады? Жауап: Жаяу әскердің ұрыс машинасы (БТР).
  3. Панфилов гвардиялық дивизиясында рота, батальон, полк, кейін дивизия командирі болған, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы. Жауап: Бауыржан Момышұлы.
  4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы кім? Жауап: Президент.
  5. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қандай әскерлер кіреді? Жауап: Жалпы мақсаттағы күштер, әуе қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері, сондай-ақ Ұлттық ұлан және ішкі әскерлер.
  6. Суық қару түрлерін атаңыз. Жауап: Қылыш, семсер, найза, пышақ, айбалта, қанжар.
  7. Ұлы Отан соғысы неше күнге созылды? Жауап: 1418 күн.
  8. Адыммен қозғалыс қандай болады? Жауап: Саптық және жорықтық.
  9. Кәсіпқой сержанттарды дайындайтын оқу орны. Жауап: Кадет корпусы.
  10. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қашан құрылды? Жауап: 7 мамыр 1992 жыл.

Конкурстар: тапсырмалар мен шарттар

II. «Байланысшылар» конкурсы

Ұрыс алаңынан құпия сөз келіп жетті. Құпия сөзді табу үшін команда сөзжұмбақ шешеді.

III. «Саперлар» сайысы

Әр командадан бір сапер шығып, шар үрлейді. Шары ең үлкен болған ойыншы жеңімпаз атанады.

IV. «Барлаушылар» сайысы

Әскери терминдердің әріптері араласып берілген. Барлаушылар дұрыс нұсқасын тауып, сөздерді қалпына келтіреді.

V. «Әскери топограф» сайысы

Сайыскерлер мектептің үстінен қарағандағы картасын (жоспарын) сызады.

VI. «Командирлер» сайысы (сұрақ-жауап)

Әр командирге төрт сұрақтан қойылады.

1-топ сұрақтары

  1. Қазақстанның ұлттық ақшасы қалай аталады және қашан айналымға енді? (Теңге, 1993 ж. 15 қараша)
  2. Қазақстанның Ата Заңы қашан қабылданды? (1995 ж. 30 тамыз)
  3. Қазақстанның алғашқы астанасы қай қала? (Орынбор)
  4. Мақалды жалғастыр: «Отансыз адам — …» (ормансыз ағаш); «Отан үшін …» (отқа түс)

2-топ сұрақтары

  1. Алтын адам табылған жер? (Есік қорғаны)
  2. Қазақстан халқы Президентті қашан сайлады? (1991 ж. 1 желтоқсан)
  3. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін қашан алды? (1991 ж. 16 желтоқсан)
  4. Мақалды жалғастыр: «Отан … ыстық» (оттан); «Туған жердей — … болмас» (жел); «Туған елдей — … болмас» (ел)

VII. «Әскери аспаз» сайысы

Әр командадан бір сайыскер шығып, картопты қабығын үзбей, мүмкіндігінше ұзын етіп аршиды. Ең ұқыпты әрі жылдам қатысушы жеңіске жетеді.

VIII. «Әскер әншілері» сайысы

Әр қатысушы карточка таңдайды. Карточкадағы сөз әннің бір шумағында міндетті түрде айтылуы керек:

Сарбаз Отан Атамекен

Қорытынды

Енді кезекті әділқазылар алқасының шешіміне береміз. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, төмендегі өлең жолдарын арнаймыз:

Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар.

Қазағымның елін, жерін қорғайтын

Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.

Міне, осындай егеменді еліміз,

Кең жазира, ұлан-байтақ еліміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін,

Біз — қазақтың ұланымыз, еріміз!

Оқушылардың өнер көрсеткені үшін, сондай-ақ қатысқан ата-аналар мен ұстаздарға алғысым шексіз. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!