Кезекшінің сөзі
Сабақтың тақырыбы
Есік Алтын адамы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Мәтінді түсініп оқу арқылы оқушылардың танымдық деңгейін арттыру.
- Мазмұнын өз сөздерімен байланыстыра айтып беруге жаттықтыру.
- Сұрақтарға еркін жауап беріп, тарих пәнінен алған білімін мәтінмен салыстыруға үйрету.
Дамытушылық
- Сөздік қорын молайту.
- Ой-өрісін дамыту.
- Тақырыпты деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгерту.
Тәрбиелік
- Елдің тарихи құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.
- Елін, жерін сүйетін отансүйгіш ұрпақ қалыптастыру.
Сабақтың форматы
Түрі
Жаңа сабақ.
Әдістері
Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, сұрақ–жауап, аудару, оқулықпен жұмыс, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс
Тарих пәні.
Көрнекіліктер
Қазақстан картасы, компьютер, интерактивті тақта, буклет.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Кезекшінің ақпараты.
II. Тақырып пен мақсатты анықтау
Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырады, күтілетін нәтижені қысқаша нақтылайды.
III. Үй тапсырмасын тексеру
Оқулық: 135-бет
- 1 Мәтіннен қос сөздерді теріп жазып, олардың жасалу жолын түсіндіру.
- 2 Ат әбзелдерінің атауларын білу (буклеттегі суреттерден тауып көрсету).
IV. Жаңа сабақ: ой шақыру
Мұғалім жұмбақ түрінде сипаттама береді: бұл адам жай адам емес, ерекше тұлға. Ол бүкіл әлемге танымал әрі дара. Б.з.д. V–IV ғасырларда өмір сүрген, бай отбасынан шыққан. Байлығы соншалық, бас киімі мен аяқ киімін де алтынмен безендірткен.
Сұрақ: «Бұл адам кім?» Жауап: Алтын адам.
Тарих пәнінен Алтын адам туралы не білесіңдер? Оқушылар бұрынғы білімдерін еске түсіріп, ой бөліседі.
V. Мәтінмен жұмыс
Ұйымдастыру
- Сынып топтарға бөлінеді.
- Мәтін кезекпен оқылады.
- INSERT стратегиясы бойынша қиын сөздер белгіленіп, «түртіп алу» әдісі қолданылады.
Сөздікпен жұмыс (қазақша — орысша)
- Хайуанат нақышында
- в зверином стиле
- Шошақ төбелі
- остроконечный
- Әшекейленген
- разукрашенный
- Көсем
- вождь
- Өркениет
- цивилизация
- Қалыптасу
- зарождаться, утверждаться
- Жәдігер
- экспонат, реликвия
VI. Интерактивті тақтамен жұмыс (слайдтар)
- 1 Есік қорғаны туралы слайд.
- 2 Алтын адамды сипаттау (1-топ).
- 3 Кемел Ақышев туралы мәлімет (2-топ).
- 4 Киіміндегі әшекей бұйымдарды суреттеу (3-топ).
VII. Деңгейлік тапсырмалар
I топ
I деңгей
2-ші (Атырау) Алтын адамы туралы әңгімелеу: қайдан табылды, кім тапты, қай тайпаға жатады және т.б.
II деңгей
Мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, мағыналық түрін анықтау.
III деңгей
Сөйлемдерді мәтін бойынша толықтыру:
- 1Алтын адамды 1969–1970 жылдары …
- 2Алтын адам киімі төрт мыңға жуық …
- 3Бас киімінің ұзындығы …
- 4Алтын адам — Қазақстанның …
- 5Оның тұлғасы Алматы қаласының …
II топ
I деңгей
«Сен қалай ойлайсың?» тақырыбында қиял-ғажайып әңгіме құру.
Тірек сұрақтар
- 1) Алтын адам қандай жауынгер болды?
- 2) Ол не үшін күресті?
- 3) Қалай қаза тапты?
- 4) Ол халқының мақтанышы бола алды ма?
- 5) Оны неге мұражайға қойды?
II деңгей
Сөздерді сызықтар арқылы дұрыс сәйкестендіріңдер:
III деңгей
Мәтіннен жануарлар атауларын теріп жазып, септеу: барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат.
VIII. Венн диаграммасы: екі Алтын адамды салыстыру
Бірінші Алтын адам
- Кемел Ақышев тапқан.
- Б.з.д. V–IV ғасырлар.
- 1970 жылы табылған.
- Сақ тайпасынан.
Ұқсастығы
- Екеуі де жауынгер.
- Ежелгі заманда өмір сүрген тарихи жәдігерлер.
- Екеуін де археологтар тапқан.
Екінші Алтын адам
- Зейнолла Самашев тапқан.
- Б.з.д. III ғасыр.
- 2000 жылы табылған.
- Сармат тайпасынан.
IX. Үй тапсырмасы
«Менің қаламдағы мұражай» тақырыбына әңгіме жазу немесе ауызша баяндау.