Бәйге бөлімінің сұрақтары

Интеллектуалдық марафон

Бұл интеллектуалдық марафон — оқушылардың білімін қорытындылап, зияткерлігі жоғары, алғыр әрі тапқыр оқушыларды анықтауға арналған сайыс. Іс-шара барысында қатысушылардың жылдам ойлауы, ептілігі, шығармашылығы дамытылады, сондай-ақ ұйымшылдыққа, адамгершілікке және жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиеленеді.

Мақсаты

  1. Оқушылардың алған білімдерін қорытындылау; интеллекті жоғары, алғыр да тапқыр оқушыны анықтау.
  2. Ақыл-ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту.
  3. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Төсбелгілер
  • Тақырыптық плакат

ТОҚ

  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар

Барысы

  • I Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды орындарына жайғастыру, сәлемдесу, сайысты ашу.
  • II Ережемен таныстыру: бөлімдер мен шарттарды түсіндіру.
  • III Қорытынды: ұпай санау және марапаттау.

Кіріспе сөз

Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге — ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік ойға — сол алда!

Ендеше, ой мен білім сайысын бастаймыз. Алдымен жарысқа қатысатын топтарды және әділқазылар алқасын таныстырып өтеміз. Сайыс топ мүшелерінің өзін-өзі таныстыруынан басталады: интерактивті тақтада әр топтың таныстыру слайдтары көрсетіледі.

Қатысушы топтар

  • 1 1-топ
  • 2 2-топ

Әділқазылар алқасы

Әділ бағалау үшін 5 адамнан тұратын әділқазылар алқасы құрылады (аты-жөндері іс-шара кезінде таныстырылады).

Сайыс бөлімдері

1-бөлім: «Бәйге»

Әр топқа 20 сұрақтан қойылады. Жауап беруге дайын болған топ қызыл белгіні көтереді. Қызыл белгіні бірінші көтерген топ жауап береді. Егер жауап дұрыс болмаса, мүмкіндік қарсы топқа беріледі. Соңында ұпай саны есептеледі.

Сұрақтар (1–10)

  1. Қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан ағартушы, ұстаз кім? (Ы. Алтынсарин)
  2. Абай атамыз көрсеткен бес дұшпанды ата. (өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
  3. Бес асылды ата. (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
  4. Ең үлкен ұзындық бірлігін ата. (километр)
  5. Ең кіші үш таңбалы санды ата. (100)
  6. Бір аяқпен тұрғандағы салмағым 55 кг. Екі аяқпен тұрсам қанша болады? (55 кг)
  7. Бір ыдыста екі жұмыртқа 2 минутта піседі. 10 жұмыртқа қанша минутта піседі? (2 минут)
  8. Әкесі 50 жаста. Баласы әкесінің жасының жартысынан 4 жас кіші. Баласы нешеде? (21 жаста)
  9. Төрт ыдысқа 20 литр су құйылған. Осындай ыдыстарға неше литр сүт сыяды? (20 л)
  10. Күннің бетіндегі температура қандай? (6000°)

Сұрақтар (11–20)

  1. Үш биді ата. (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
  2. Тұңғыш қазақ ғарышкерін ата. (Тоқтар Әубәкіров)
  3. Емен, қайың, терек өсімдіктердің қай тобына жатады? (ағаштар)
  4. Ересек адамның қаңқасы қанша сүйектен тұрады? (206)
  5. Төрт түліктің пірлерін ата. (түйе — Ойсылқара; жылқы — Қамбар ата; сиыр — Зеңгі баба; қой — Шопан ата; ешкі — Сексек ата)
  6. Іс тігу үшін нелер қажет? (ине, жіп, қайшы, оймақ)
  7. Торсық неден жасалады? (теріден)
  8. Қағаз неден жасалады? (ағаштан)
  9. Етістіктің түрлерін ата. (дара, күрделі, болымды, болымсыз, негізгі, туынды)
  10. «Ұяны ракетаға ұқсатып жасады» сөйлеміндегі бастауышты тап. (жасырын бастауыш: Олар)

2-бөлім: «Көкпар» (тест)

Тест сұрақтары жауап нұсқаларымен интерактивті тақтада көрсетіледі. Оқушылар жауапты түсті белгілер арқылы таңдайды: қызыл — A, көк — Ә, сары — Б.

  1. Бір тәуліктің 1/6 бөлігін тап.
    A: 6 Ә: 4 Б: 12
  2. 1 км-дің төрттен бірін тап.
    A: 200 м Ә: 250 м Б: 400 м
  3. Метрмен нені өлшейді?
    A: сыйымдылықты Ә: ұзындықты Б: массаны
  4. Адам басқа тіршілік иелерінен несімен ерекшеленеді?
    A: дем алуымен Ә: миымен Б: ойлай және сөйлей алуымен
  5. Адам денесінің негізгі тірегі...
    A: бас Ә: аяқ-қол Б: қаңқа
  6. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата.
    A: әктас, ұлутас, гранит Ә: көмір, мұнай, газ Б: фосфор, боксит, мырыш
  7. Екінші жақтағы етістікті белгіле.
    A: келді Ә: келдім Б: келдің
  8. Бағдаршам не үшін қажет?
    A: көше қозғалысын реттеу үшін Ә: электр жарығын іске қосу үшін Б: ауа райын болжау үшін
  9. «... — инемен құдық қазғандай».
    A: еңбектену Ә: оқу Б: тоқу
  10. Математикада белгісіз санды қай әліпбимен таңбалайды?
    A: қазақ Ә: латын Б: ағылшын

3-бөлім: «Ғажайып жетілік» (командирлер сайысы)

Бұл бөлімде топ командирлері «Мақалды жалғастыр» ойыны арқылы бақ сынайды.

1-топ

  1. Өнер алды — қызыл тіл.
  2. Тіл тас жарады — тас жармаса, бас жарады.
  3. Бас кеспек болса да — тіл кеспек жоқ.
  4. Отан үшін отқа түс — күймейсің.
  5. Ер туған жеріне — ит тойған жеріне.
  6. Жат елде сұлтан болғанша — өз еліңде ұлтан бол.
  7. Гүл өссе жердің көркі — қыз өссе елдің көркі.

2-топ

  1. Шынықсаң — шымыр боларсың.
  2. Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
  3. Ел іші — алтын бесік.
  4. Мыңның түсін танығанша — бірдің атын біл.
  5. Қонағыңнан алтын алма — алғыс ал.
  6. Досы жоқ адам — тұзы жоқ тағам.
  7. Жаңбыр жауса жер көгерер — батыр туса ел көгерер.

4-бөлім: «Алғырлар мен тапқырлар алаңы»

Топ мүшелері сұрақ жазылған топшамаларды кезекпен суырып, жауап береді.

  1. 1-ден 100-ге дейінгі сандар қатарында неше бірлік бар? (100)
  2. Жаз мезгілінің екінші айы қалай аталады? (шілде)
  3. Қарындаш үшін ол — пенал. Ал машина үшін қалай аталады? (гараж)
  4. Кітаптың басында не тұр? («к» дыбысы)
  5. Ең қысқа айды ата. (ақпан)
  6. Үстелдің 4 бұрышы бар еді. Бір бұрышын арамен кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
  7. «Алтын балық» ертегісін кім жазған? (А. С. Пушкин)
  8. 7 + 7 ÷ 7 неше болады? (2)
  9. Әкем кешкі сағат 9-да ұйықтады, ал сағатты шырылдауға 10-ға қойды. Ол қанша уақыт ұйықтайды? (13 сағат)
  10. Сабақ соңында біз нені естиміз? («қ» дыбысын)
  11. Жердің ортасында не бар? («е» дыбысы)
  12. Қай кезде біз екіні көріп тұрып, 14 деп атаймыз? (сағат 14:00 болғанда тіл 2-ні көрсетеді)

Қорытынды

Сонымен, сайысымыз өз мәресіне жетті. Ендігі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, жүлдегерлер марапатталады.