Білімділік - Оқушыларды М. Мақатаевтың өмір жолы, шығармашылығымен таныстыру, ақындық талантыментаныстыру
Мақсаттары
Білімділік
Оқушыларды М. Мақатаевтың өмір жолымен және шығармашылығымен таныстыру, ақындық талантының қырларын ашу.
Дамытушылық
Мұқағали жырларын оқу арқылы поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншілікті арттыру және көркем оқуға дағдыландыру.
Тәрбиелік
М. Мақатаев өлеңдері арқылы Отанды, туған жерді, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
-
М. Мақатаевқа арналған хаттамалы альбом
-
Кітап көрмесі
-
Талант туралы нақыл ойлар жазылған плакаттар
-
Сөзжұмбақ
-
Кадаскоп
Іс-шара барысы
I. Ұйымдастыру
Кеш жарық! Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Қасиетті Қарасаз жерінде туып, артына өшпес мұра қалдырған ғасырымыздың ғаламат ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Жыр дүлдүлі — Мұқағали» атты өнеге сағатына қош келдіңіздер.
Қайтейін, айыптымын алдарыңда,
Айта алмаған сөзім бар, арманым бар.
Достарым, жаман ақын жазған жырдың
Тым құрыса, бір парағын аударыңдар.
Өлеңін аманат етіп кеткен мақтанышымыз Мұқағали Мақатаев биыл 9-ақпанда 81 жасқа толар еді. 3-сынып оқушыларының сіздерге арналған әдеби-сазды өнеріне құлақ салыңыздар.
Хор
«Көгершіндер әні»
Сөзі: М. Мақатаев · Әні: Н. Тілендиев
1-бөлім: Ақын өмірі туралы не білеміз?
Аяжан
«Арыз жазып кетейін» өлеңін оқиды.
Бақытнұр
М. Мақатаев қасиетті Қарасаз мекенінде 1931 жылдың 9-ақпанында дүниеге келді. Әкесі — Сүлеймен, осы колхоздың құрылысшысы, анасы — Нағиман.
Ақбөпе
Мұқағалидың азан шақырып қойылған аты — Мұхамедқали. Кейін жеңгелері мен ауыл әйелдері тілге жеңіл болсын деп Мұқағали атап кеткен.
Ерсін
Мұқағалиды сөзге, жырға баулыған — әжесі Тиын.
Айсұлтан
Зеңгір көк тіреген шыңдар мен Шалкөденің баурайы — Мұқағалидың шабытына қанат бітірген алтын бесігі.
Аяжан
Әжесі Тиын: «Әкесі соғысқа аттанғаннан кейін Мұқағали төрдегі көрпешенің үстіне етпетінен жатып, ұзақ жылады», — деп еске алады.
Мұғалім
Қалай сені жұбатам, аңыра ана,
Сау қайт деп тәңіріңе жалын, ана.
Мына отырған иеміз құласа егер,
Саған жар, бізге әке табыла ма?!
Жалынған ғазиз анам, сұрап қалғам,
Жоғалды сол бетімен бірақ та арман.
Сенбеймін әкең өлді дегенге мен,
Себебі ол үйімізден тірі аттанған.
Әкесі Сүлеймен Калининград маңындағы сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тауып, суық хабар — «қара қағаз» келді. Анасы Нағиман үш ұлымен жесірлік тауқыметін тартты. Сол жылдары Мұқағали жас болса да анасына сүйеніш болып, еңбекке ерте араласты.
2-бөлім: «Жырлап өсем» — Мұқағали жырлары
Ерсін
«Үш бақытым»
Аяжан
«Әке»
Айсұлтан
«Мен таулықпын»
Бақытнұр
«Отан»
Бағылан
«Туған жер»
Ақбөпе
«Қайран, Қарасазым-ай»
Аяжан
«Бесік басында»
Ән
«Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!»
3-бөлім: Ақын туралы естеліктер
Көрініс
«Еркін мен Мұқағали»
Рөлдерде: Ерсін, Айсұлтан
Көрініс
«Бауыржан мен Мұқағали»
Рөлдерде: Аяжан, Ақбөпе
Ерсін
Н. Тілендиевтің естелігінен үзінді оқиды.
Интерактив
Сөзжұмбақ шешу, көрнекіліктермен жұмыс.
Хор
«Саржайлау»
Сөзі: М. Мақатаев · Әні: Н. Тілендиев
Қорытынды
Аламан бәйгеде оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған талантты тұлға — Мұқағали ақынның өмір жолы сан қырлы. Оны біріміз білсек, біріміз толық біле бермейміз.
Сондықтан халқына деген махаббатын поэзияда ғана емес, өмірде де, күресте де үлкен азаматтықпен қорғай білген М. Мақатаев мұрасы ешқашан өлмек емес. Оны тану, оқу және жаттап өту — біздің парызымыз.
Осымен өнеге сағатымыз аяқталды.
Келіп тыңдағандарыңыз үшін рахмет!