Сабақ түйіні Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек

Сабақтың тақырыбы

Абайдың «Толық адам» философиясы.

Сабақтың жалпы мақсаты

Абайдың «Толық адам» философиясын «Ғылым таппай мақтанба» және «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңдері арқылы талдап, оқушыларға жаңа білім беру.

Ақын шығармалары негізінде оқушылардың өмірлік темірқазықтарын табуына ықпал ету: адамды сүю мен құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық және ізгілікті үлгі ету.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Ақын шығармаларын түсінеді, өз ойларын айтады.
  • Адамдық қасиеттерге анықтама береді.

Көптеген оқушылар

  • Шығармаларға талдау жасайды.

Кейбір оқушылар

  • Шағын ойтолғау жазады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік терминология

  • Толық адам
  • ыстық қайрат
  • нұрлы ақыл
  • жылы жүрек

Жазылымға қажетті сөз тіркестері

  • «Меніңше, бұл туынды…»
  • «Мен өз ойымды былай білдірер едім…»

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану.

Осыған дейін меңгерілген білім

Қарасөздеріндегі өзін-өзі тәрбиелеу, педагогикалық ой-пікірлері және ақын тұжырымдарының бүгінгі қоғамдағы өзектілігі.

Мектеп құндылықтары

  • Өзін және қоршаған ортаны сыйлау
  • Ынтымақтастық
  • Жауапты азаматтық ұстаным
  • Академиялық адалдық
  • Өмір бойы білім алу
  • Ашықтық

Сабақтың ұраны

Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын.

Күтілетін нәтиже

Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!

Сабақ түйіні

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден ерек.

Негізгі ой

«Толық адам» болу — ақыл, қайрат және жүректің тепе-тең үйлесімін сақтау арқылы кемелдікке ұмтылу.