Әңгіме мазмұнын оқып, көрініс қою
Мектеп / Мұғалім туралы мәлімет
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Асанхан Эльмира Сәндібекқызы.
Сабақ тақырыбы
Қамқорлық
Авторы: Б. Соқпақбаев
Сабақ форматы
- Сабақ типі: жаңа сабақты меңгерту
- Әдістері: түсіндіру, баяндау, Венн диаграммасы, сұрақ-жауап
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік
Жазушының өмірін еске түсіре отырып, мағлұмат беру; мәтіннің негізгі идеясын ашу; оқушының оқу дағдысын қалыптастыру.
2) Дамытушылық
Оқушының ойлау қабілеті мен есте сақтауын, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
3) Тәрбиелік
Ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, табиғатты қорғап, аялауға баулу.
Сабақтың құрал-жабдықтары
Негізгі ресурстар
- Суреттер
- Оқулық
- Тапсырма орындауға арналған материалдар
Жұмыс орталықтары
- Оқу және жазу орталығы
- Драма орталығы
Сабақ барысы
1-кезең
Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын дайындап, зейіндерін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Ойнап, күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып білім аламыз.
2-кезең
Үй тапсырмасын тексеру
Берілген тапсырма
«Көжек» ертегісінің мазмұнын айту және сұрақтарға жауап беру.
Өткізу тәсілі
- Тақтаға 5 оқушы шығарып, ертегі мазмұнын сұрау.
- Оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюын ұйымдастыру.
- Туған жер туралы мақал-мәтел айтқызу.
- Бағалау және қысқаша қорытынды жасау.
3-кезең
Жаңа сабақ
1) «Пікірлер ағашы» арқылы автор туралы білімді белсендіру
Оқушылардан Бердібек Соқпақбаев туралы не білетінін сұрау.
- 1. Ол кім?
- 2. Қайда туған?
- 3. Қай жылдары өмір сүрген?
- 4. Қандай шығармаларын білесің?
- 5. Қандай қызмет атқарған?
2) «Жақсыдан үйрен» бөлімі бойынша қысқаша қайталау
- Үлкенді сыйлау
- Адал достық
- Әдептілік
- Мақтаншақ болмау
- Қамқорлық және басқа да құндылықтар
3) Сабақ тақырыбын таныстыру
Бүгінгі тақырып: «Қамқорлық» (Б. Соқпақбаев). Мазмұнын меңгерту үшін оқушылар жұмыс орталықтарына бөлінеді.
1-топ: Оқу және жазу орталығы
- Әңгімені оқып, түсінгенін айту.
- Жантас пен Қожаға Венн диаграммасы арқылы мінездеме беру.
2-топ: Драма орталығы
- Әңгімені оқып, мазмұны бойынша көрініс қою.
4) Орталықтардың жұмысын тыңдау
Әр топ өз жұмысының нәтижесін ұсынады, қалған оқушылар кері байланыс береді.
5) Мұғалім түсіндірмесі және суретпен жұмыс
- Негізгі ойды нақтылау.
- Суреттер арқылы оқиға мазмұнын тереңдету.
6) Дәптермен жұмыс
Ойтолғау: «Қожаның орнында сен болсаң, не істер едің?»
7) Қорытындылау (Венн диаграммасы арқылы салыстыру)
Салыстырылатын авторлар
- Ж. Аймауытов Әңгіме
- Б. Соқпақбаев Әңгіме
Бағыттаушы сұрақтар
- Ж. Аймауытовтың әңгімесінің атауы қандай?
- Б. Соқпақбаевтың әңгімесінің атауы қандай?
- Жүсіпбектің торғайы неден қорықты?
- Бердібектің торғайы неден қорықты?
- Жүсіпбектің торғайына ара түскен кім?
- Бердібектің торғайына ара түскен кім?
8) Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау және бағалау.
9) Үй тапсырмасы
«Қамқорлық» тақырыбы бойынша эссе жазу.