Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану

Сабақ туралы мәлімет

Пән
Қазақ тілі
Тақырып
Альпинист
Мектеп
Өрлеу
Мұғалім
Ғ. С. Оспанова
Сынып
8-сынып

Оқу мақсаттары

О7

Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар және оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, дереккөз авторына сілтеме жасау.

ӘТН. 4.2

Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем құраудағы орны мен қызметін түсініп, орынды қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Мәтіндегі ақпаратты пайдаланып, сызба (схема) жасайды.
  • Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді анықтап, сөз тіркесін құрастыра алады.

Оқушылардың басым бөлігі

  • Деректерді тиімді қолданады және пікір алмасады.
  • Ережеге сүйене отырып, сөздердің сөйлемдегі орнын анықтап түсіндіреді және сөйлем құрастыра алады.

Кейбір оқушылар

  • Автордың пікіріне қатысты өз көзқарасын білдіреді.
  • Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің жасалу жолдарын және қызметін анықтайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар мәтінді түсіндіреді, тірек сөздерді табады, тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерін анықтайды, олардың қызметін түсініп, сөйлемдер құрап жазады және өз сөзімен мазмұндайды.

Жетістік критерийлері

  • 1 Алынған деректерді дәлел ретінде қолдану.
  • 2 Дереккөз авторына сілтеме жасау.
  • 3 Сөйлем мүшелерінің сөйлемдегі орны мен қызметін түсіну.

Негізгі сөздер мен тіркестер

альпинизм Эверест мақтаныш туризм спорт түрі

Алдыңғы білім

Оқушылар альпинистің кім екенін біледі.